Материалдар / Білім берудегі менеджментінің заманауи әдістері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Білім берудегі менеджментінің заманауи әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Басқару - өте ежелгі тәжірибе болып табылады. Адамдар топтар мен ұйымдарға бірігіп өмір сүре бастаған кезден басқару қажеттілігі пайда болады. Ерте кездегі Вавилонды, Египет пирамидаларын, Македонияны, Римді еске алатын болсақ, соның барлығы да үлкен үйлестіру, ұйымдастыру қызметтері арқылы жүзеге асырылып кедеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Маусым 2021
3028
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім берудегі менеджмент


Қазіргі таңда білім беру саласында менеджмент айтарлықтай үлкен роль атқаратыны баршамызға белгілі. Менеджмент мектеп саласындағы үдерісті жоспарлау, ұйымдастыру, басқару, бақылауды білдіреді. Білім беруді басқару және жандандыру үшін мектеп басшысы қандай болуы керек? Әрине өз ісінің маманы болуы шарт. Педагогика мамандығын сүйіп, жүрегі мектептің қызметі үшін толассыз соғуы – білім беру саласындағы менеджменттің айрықша белгілері.

Мектепті басқару үшін мұғалімдіктен бастап, жоғары сатыларға қарай үздіксіз дамып отырып, ұйымдастырудың қыры мен сырын терең меңгеру қажет. Оқу-тәрбие, әдістеме жұмыстары, ата-аналармен қарым-қатынас, ұжымымен тіл табыса білу, шаруашылық, қаржы мәселелері, әкімшілік талаптар мен нұсқауларын оңтайлы шешу – директордан жан-жақты сауаттылықты, біліктілікті талап етеді.

Күн сайын өзгеріп отыратын қоғамда мектеп қызметін заман ағымына сәйкес тиімді ұйымдастыру – қызметкерлерді тұлға ретінде құрметтеп, сенім артуға, кәсіби мүмкіндіктерін дамытуға, мектепішілік мәдениетті жоғарылатуға, білім беру стандарттарын, жалпыадамзаттық және ұлттық стандарттарды игеруге, дербес жауапкершілікті қалыптастыруға тікелей байланысты. Осыған орай, қарым-қатынасты басқарудың басқа төрт функциясында да «жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау» мәселесі өте маңызды. Тез тіл табыса алушылық – тиімді менеджер үшін жетекші және өте қажетті қабілет болып табылады.

Себебі, ұжымда 150 қызметкер болса, жүз елу түрлі ой, мінез, көзқарас болатыны сөзсіз. Менеджерлердің жиынтық қызметі іс жүзінде жалпы мектеп қызметінің сәттілігін немесе сәтсіздігін анықтайды. Кадрларды қалыптастыруда адамдар арасындағы қарым-қатынас жүйесін, оның ішінде ұжымдық еңбек процесін орнатуда да менеджменттің рөлі зор. Сондықтан мектеп басшыларын «ұстаздардың ұстазы» деп те айтуға болады. Осыған байланысты оқу орнындағы менеджменттің маңызды міндеттерінің бірі мұғалімдердің дамуына ықпал ету болып табылады: құзыреттілікті арттыру, тұлғалық өсу, оның ішінде адамгершілік рухани даму.

Топ-менеджерлер – мектеп директоры, мектеп директорының орынбасарлары өздері құзыреттіліктің жоғары деңгейіне және жалпы мәдениеттің жоғары деңгейіне ие болулары тиіс. Мәселен, бекітілген жоспар бойынша мұғалімдерді ынталандыра отырып, сапалы жұмыс істеуге бағыт-бағдар беріп отырамыз. Семинар, дөңгелек үстел, коучинг тағы басқа да іс-шараларда да менеджмент мәселесі қарастырылады. Жағдаяаттарды дер кезінде аңғарып, оған орай оң нәтиже беретін шешімдер қабылдауға тырысамыз.

Мақсатқа жету үшін жағдаяттарды шешудің, дамытудың бірнеше нұсқаларын жасау, оның ішінде жағдаяттың жағымды және жағымсыз тұстары, менеджерлер мен мұғалімдердің әрекеттері алдын ала жоспарлау, тиімді нәтижеге қол жеткізудің айғағы. Ынталандыру қағидатының негізгі тетігі де қарым-қатынас болып табылады, онда коммуникацияның міндеті – шабыттандыру, қолдау, оң көзқарас білдіру, мұғалімдер мен оқушылардың нәтижелері туралы келешек көзқарасты талқылауда маңызды роль атқарады.

Мұғалімдердің қызметіне, көңіл-күйіне, қызметкерлердің мансаптық өсуіне, олардың болашақ перспективаларын талқылауға оң көзқарас танытып отырудың нәтижесінде мектебіміз жоғары жетістіктерге жетіп отыр. Қазіргі заманғы менеджменттің күші, бір жағынан, адамның білімін, тәжірибесін және ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін өнімді күшке, ал екінші жағынан – шығармашылық пен инновациялық процестерді бастайтын қызметкерлердің ақпараттық әлеуетін арттыруға ықпал ететін ақпараттық технологияларды қолдануға мүмкіндік береді және оқу үрдісінде жалғасын табады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!