400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім берудегі робототехникалық жаңалықтар-Қазақстан болашағының даму негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
біздің еліміздің қазіргі таңдағы маңызды стратегиялық бағыттарының бірі - білікті мамандарды қажет ететін индустрияны дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

2337734061.jpg Садықов Нұрғали Халдарбекұлы

Шымкент қаласы, №100 «Жұлдыз» ЖОМ-нің

Математика және информатика пәнінің

жоғары санатты мұғалімі. ҚР Білім саласының

құрметті қызметкері «Ы.Алтынсарин»

төсбелгісінің иегері.



Білім берудегі робототехникалық жаңалықтар-Қазақстан болашағының даму негізі

- Қазақстандағы индустрияландыру инновациялық болу керек екенін білеміз. Робототехника болса еліміздегі ең инновациялық сала. Қашан роботтарды индустриялды түрде жасап шығара бастаймыз?

- Қазақстан үшін робототехника өте жас сала. Мысалы, Жапония, АҚШ, Германия сияқты робототехника саласындағы жетік елдер сондай биік дәрежедегі өндіріске ондаған жылдар бойы тынымсыз еңбектеніп  жетті. Қазірге кезде жоғарыда айтылып кеткен елдерде, робототехника саласы қарқынды дамып келеді және де сол елдердегі робототехника саласы Қазақстандағы робототехниканы 10-20 жылға озып отыр. Германияның  Kuka AG, Жапонияның Kawasaki Robotics индустриялды роботтарды шығаратын компаниялары соған мысал.  Егерде, біз сондай елдерді жетіп алғымыз келсе не болмаса олармен пара пар болғымыз келсе, Қазақстандағы робототехника саласындағы әр адам сол елдердегі ғалымдармен салыстырғанда бірнеше есе көбірек жұмыс істеп, тынымсыз еңбектену керек. Сонда ғана Қазақстандағы робототехника саласы белгілі бір жетістіктерге жетіп, өзіміздің индустриялды роботтарды шығара алатын зауыттарды құра аламыз. Әрине, бұл мақсатқа жету өте қиын, бірақ жүзеге асырылмайтын іс деп ойламаймын. Ең бастысы шын ниетпен еңбектенсек, алдымызға қойған мақсатымызға жетеміз.

- Қазақстандағы робототехника өте жас сала болғандықтан, айтарлықтай жетістіктерге әлі жетпедік. Мысалы, Қазақстандағы робототехника саласын балабақшаға барып жүрген жас баламен салыстыруға болады. Ол енді аяққа тұрып, есейіп келе жатыр, сол сияқты робототехника Қазақстанда енді ғана қарқынды дами бастады. Мектептерде робототехника үйірмелері ашылып, оқушылар робототехника саласымен танысып келе жатыр. Робототехникамен мектеп кезінен танысқан оқушыларда бұл салаға қызығушылығы пайда болып, соның арқасында болашақта робототехника саласында көптеген жас ғалымдар істейтін болады. Сол себепті, менің ойымша, жетістіктер бізде әлі де болады, тек қана сәл ғана күте тұру керек.

- Бәрімізге белгілі, біздің еліміздің қазіргі таңдағы маңызды стратегиялық бағыттарының бірі - білікті мамандарды қажет ететін индустрияны дамыту.

- Робототехниканың медицинада, зауыт-фабрикаларда, космонавтикада, қорғаныс қызметінде, және тағы басқа қолданыс табуы мен үшін өте тартымды болды. Осылай, халыққа және жалпы адамзатқа әр түрлі салаларда қолданылатын робототехниканың жемісінің пайдасын көрсін деп осы мамандықты игеру үстіндемін.

- Қазіргі таңда роботтар көбінесе өндіріс саласында көп қолданылса, болашақта роботтар адамдармен тығыз қарым-қатынаста болады деп ойлаймын. Біздің елде де басқа елдегідей роботтардың тұрмыста үлкен рөл атқаратынына сенемін. Мысалы, үй жинауда робот-көмекші шет елде шығарылған. Сол автоматты үй жинағышты үйде қалдырып, кейін келгенде үй тап-таза болып тұрады. Сонымен қатар, роботтар үйде жалғыз қалған балаға үй жұмысымен көмектесе алады және оған дос бола алады. Келешекте роботтардың кең қолданысы медицина саласында болады деп ойлаймын. Қазір дамыған мемлекеттерде реабилитация мақсатында қолданылып жүрген физиотерапияны роботтар жасайды. Бізде де роботтардың әкелер мол пайдасын көре отырып, робот технологиясын халық денсаулығын жақсартуда, олар медицина саласына белсенді түрде енгізіледі деген сенімдемін.

- Өсіп келе жатқан жас буынмен бірге еліміздің робототехника саласы да бой көтеруде. Адам өмірін жеңілдетуге арналған роботтарды күнделікті  өмірде қолданатын уақыт та алыс емес. Инновациялық-индустриалды Қазақстанның болашағы жарқын болмақ!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
496
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі