400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Білім берудегі SMART технологиялар

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім берудегі SMART технологиялар тақырыбындағы баяндама барлық педагогтар үшін пайдалы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім берудегі SMART технологиялар

Бүгінгі таңда уақыт көшімен ілесіп қоғамның барлық саласы даму үстінде. Түрлі реформалар көптеген салаларда жүріп жатыр. Солардың бірі – білім саласы. Бұл салада оқытудың жаңа технологиясы деген ұғым кеңінен қолданылып келеді. Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланыста. Мақсаттары оқытудың тиімді жолдарын іздестіру. Осы орайда SMART білім беру ұғымы кең етек алуда.

Сонымен, білім берудегі SMART ұғымына тоқталсақ:

SMART аббревиатурасының құрамында оқыту мақсаты мен міндеттерін сипаттауға тиіс сын есімдер қамтылған: -

-S pecific (арнайы, нақты);

- M easurable (өлшеуге болатын);

- A ttainable (қолжетімді);

- R ealistic (шындыққа сай);

- T imed (белгілі бір уақыт аралығымен шектелген).


Smart білім беру дегеніміз не?

Shape1

Smart білім беру барлық білім беру процестерін, сондай-ақ осы процестерде пайдаланылатын әдістер мен технологияларды кешенді жаңғыртуды көздейтін тұжырымдама ретінде қаралады. Білім беру бөлігіндегі Smart тұжырымдамасы «ақылды тақта», «ақылды экрандар», кез келген нүктеден Интернетке кіру сияқты технологиялардың пайда болуына әкеп соқты. Осы технологиялардың әрқайсысы контентті әзірлеу, оны жеткізу және өзектендіру процесін жаңаша құруға мүмкіндік береді. Оқыту тек сыныпта ғана емес, үйде де, кез-келген жерде де, мұражайлар тағы да басқа қоғамдық орындарда мүмкін болады. Білім беру процесін байланыстыратын негізгі элемент – белсенді білім беру контенті болып табылады, оның негізінде уақыт пен кеңістік шектерін алып тастауға мүмкіндік беретін бірыңғай репозиториялар құрылады.

SMART-оқытудың негізгі принциптеріне:

1. Білім беру бағдарламасында оқу міндеттерін шешу үшін өзекті мәліметтерді пайдалану: Білім берудегі және кез келген кәсіби қызметтегі ақпараттық ағынның жылдамдығы мен көлемі тез өсуде, қолданыстағы оқу материалдарын нақты уақыт режимінде түсетін мәліметтермен толықтыру қажет, оқушыларды практикалық міндеттерді шешуге дайындау үшін.

2. Білім алушылардың өзіндік танымдық, зерттеу, жобалық қызметін ұйымдастыру. Бұл принцип оқушыларды қойылған міндеттерді шешуде шығармашылық ізденіске, дербес ақпараттық және зерттеу қызметіне дайындау кезінде басым болады.

3. Оқу процесін бөлінген ортада жүзеге асыру. Білім беру ортасы оқу орнының аумағымен жүйесімен шектелмеуі тиіс. Оқыту процесі үздіксіз болуы керек.

4. Икемді білім траекториялары, оқытуды дараландыру. Білім беру қызметінің алуан түрлілігі білім беру бағдарламалары мен курстарын зерделеу, олардың денсаулық мүмкіндіктеріне, материалдық және әлеуметтік жағдайларға сәйкес оқу процесінде құралдарды пайдалану бойынша оқушыларға кең мүмкіндіктер беруді талап етеді.

Білім беру үрдісіндегі Smart технологияның артықшылықтары:

1. IT-ортада «негізгі білімдердің» көлемі ұлғаяды;

2. Білім алушылар қажетті ақпаратты мобильді түрде алады;

3. Smart білім беруді енгізуде инновациялық технологияларды пайдалану деңгейі артады;

4. Әр түрлі оқу орындарының арасындағы байланыстың дамуына мүмкіндік туады.

Смарт білім беру мұғалімдерге жаңа талаптар қояды. Сонымен бірге педагогтер үшін жаңа мүмкіндіктерді аша түседі, соның ішінде тәжірибе алмасуға, ғылымға ден қоюға, уақытын үнемдеуге әсер етеді. Smart-технологиясы концепциясына сәйкес білімнің сапалы болуына және білім алушының мотивациясына ықпалы зор.

Педагогтің кәсіби дамуына ықпал ететін басты фактордың бірі – кәсіби тәжірибенің жинақталу нәтижесінде және әлеуметтену кезінде туындаған кәсіби дұрыс бағыттың анықталуы. SMART білім беру үшін педагог та SMART болуы керек.

Ал SMART-педагогінің бейнесі

-Self-directed: білім берудің тұлғаға бағытталуын қамтамасыз ететін педагог;

-Motivated: ынталанушы педагог;

-Adaptive: бейімделген педагог;

-Resource free: ресурсқа еркін қол жеткізе алатын педагог;

-Technology embedded: технологияларды белсенді пайдаланатын педагог.

Қазіргі уақытта SMART технологияларды сабақ барысында пайдалануға еш кедергі болмайды. Себебі онлайн тест, онлайн сөзжұмбақ, онлайн білім беру ойындары, тағы да басқаларды сабақ үстінде оқушыға смартфондарын қолдандыру арқылы сабақтың түрлеп өтуіне қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, интерактивті тақта, түрлі сайттарда ұйымдастырылған ресурстар, атап айтатын болсақ, Google Classroom, Leаrningapps, kahoot, quiziz, quizlet, т.б. Бұл ресурстар оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттырып, білім сапасының жоғарылауына бірден бір үлес тигізеді.

Педагогтің кәсіби даму жүйесі оның кәсіби өсуін жетілдіру, кәсіби деңгейін жүйелі және үздіксіз арттыру, бұл міндетте басты маңыздылық педагогтің кәсіби өзіндік түйсінуін дамытады. Яғни педагогтердің кәсіби өзіндік дамуы құралдары және жолдарын анықтау қажеттілігі туындайды. Smart сөзінің өзі «ақылды» болғандықтан, заманауи педагог болуға, Smart оқушы тәрбиелеуге Smart технологияларды жетік меңгеруге педагогтің кәсіби жетілуі, үздіксіз ізденуіне тура келетіні белгілі.


Қолданылған әдебиеттер:


  1. Е.Н.Сафуллин, Н.К.Дускалиев, С.С.Шагиров Смарт оқытуға алғашқы қадам. Орал, 2014.

  2. А.Құлқараев ««E-learning» электронды оқыту жүйесі және оның мүмкіндіктері. Электрондық мектеп. №2 2013.

  3. Возможности создания и использования интерактивных мультимедийных учебных материалов с помощью технологий SMART [Электронный ресурс] // Компания «Литер». – Режим доступа: \www/URL: http://leater.com/RU/ publications/10364/. – 30.03.2011.

  4. П.Ю.Невоструев, Smart учебники в smart образовании. Новая парадигма контента [Электронный ресурс]: презентация / П.Ю.Невоструев // SlideShare. — Режим доступа: \www/URL: http://www.slideshare.net/pnevostruev/ smartcongress. - 25.04.2014.





















Толыбай жалпы білім беретін мектебі











КОУЧИНГ





Тақырыбы: Білім берудегі SMART технологиялар












Өткізген: Мыржакупова А















2024-2025 оқу жылы.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.03.2026
6
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі