400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР: ПЕДАГОГ РӨЛІНЕ ЖАҢА КӨЗҚАРАС

Материал туралы қысқаша түсінік
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР: ПЕДАГОГ РӨЛІНЕ ЖАҢА КӨЗҚАРАСЫ ТУРАЛЫ ЭССЕ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Манғыстау облысының білім басқармасының

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің

«№ 6 жалпы білім беретін мектеп» ККМ

Көркем еңбек пәні мұғалімі

Суниятова Гүлсезім Азаматқызы


Эссе

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР: ПЕДАГОГ РӨЛІНЕ ЖАҢА КӨЗҚАРАС

Білімге ұмтылған жас буынның белін буып, өмірге қанаттандыратын да, шабыттандыратын да мұғалімі. Бүгінде тек заманауи мұғалімнің ғана емес, сонымен бірге бүкіл қоғамның моделі, білім беру жүйесі де өзгеріске ұшырауда. Сонымен қатар, ақпараттық қоғамның барлық жаңалықтарына бейімделе отырып, педагог заман талабына сай болуы керек. Сондықтан педагог рөліне қалыптасқан жаңа көзқарас жайлы саралап өткім келіп тұр.

Біріншіден, заманауи педагог жан-жақты тұлға болуы тиіс. Ғасырлар бойы адамдар ғана емес, олардың білімге деген көзқарасы да өзгерді. Егер бұрын барлық адамдар білім ала алмаса, қазір бұл үшін тек ниет, еңбек және табандылық қажет. Заманауи педагог психолог, жан-жақты дамыған тұлға, шығармашылық көзқарасы болуы керек. Бірақ нағыз ұстаз тек білім беріп қана қоймайды, сонымен қатар оқушылардың бойындағы ең жақсы қасиеттерін, дарындылығын байқап, дамыта алады.

Екіншіден, жаңа ғасыр педагогі – зерттеуші, ізденімпаз бола білуі тиіс. Мен мұғалімдік жолымда зерттеушілік қасиеттіме басымдық беремін. Зерттеп, студентті де зерттеуге баулу арқылы оның болашағын жарқын ете аламыз. Жаңа ғасырда ақпаратты саралап, зерттеп, қажеттін ғана өз өміріне енгізу маңызды болып саналады.

Үшіншіден, қазіргі педагог – белсенді деген пікірдемін. Сондай-ақ, педагог ақпараттық технологияны белсенді пайдаланушы болып, осы ақпараттық кеңістікте еркін қарым-қатынас жасауы керек. Жаңа технологиялар, жаңа әдістерді сабақ мақсатына жетуде ұтымды қолдана алуы тиіс. Әр түрлі платформалар мен жасанды интеллекті сабақта қолдану арқылы студенттің жаңа технологияларға қызығушылығын оятуға болады. Сонда ғана жасампаз жеке тұлға тәрбиелей аламыз.

Қорыта келе, студентке білім берудің барлық құралдарын меңгеру үшін ұзақ уақыт бойы оқу керек. Осы орайда, «Жаңашыл педагог» бен «мінсіз педагог» ұғымдарының арасына теңдік белгісін қойғым келеді. Неліктен? Өйткені жаңа білім ордасына жаңа көзқарастағы педагог керек! Сондықтан да өз ісімізге үлкен жауапкершілікпен қарап, ұлы махаббатпен ұрпақ тәрбиесіне ат салыса, еліміздің озық мемлекеттер қатарынан топ жаруына өз үлесімізді қосайық!


«№6 ЖББМ» КММ директоры Нургалиева Г.К.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31.03.2025
122
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі