Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Білім берудегі трендтерді география пәнін оқытуда тиімді қолданудың жолдары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Түркістан облысы Мақтарал ауданы Қажымұқан атындағы №11 ЖББМ КММ
География пәні мұғалімі: Бутунбаев Дилшод Сайдуллаевич
«Білім берудегі трендтерді география пәнін
оқытуда тиімді қолданудың жолдары»
"Баршаға қолжетімді сапалы білім" Ұлттық
баяндама жобасымен таныстым. Баяндаманы оқи отырып, төмендегідей
пікірге келіп отырмын. Баяндамада баршаға қолжетімді сапалы білімге
қол жеткізудің заманға сай өзгеріп отыратын білім беру саласына
қатысты айтылған өзекті мәселелерді қарастыра келе, Қазақстанның
келешекте әр бұрышындағы әрбір мектебі ең жақсы білім беретін
мектепке айналатынына сенімім мол. Қазіргі заманғы тенденцияларды
ескере отырып, білім берудің жаңа моделін енгізу бағытында жұмысты
жандандыруда "Білім беру-оқу" ұстанымынан "Білім беру -тұлғаның
қалыптасуы мен дамуы" ұстанымына көшуін көздейді. Осы модельге
сәйкес, әр адам бойындағы қабілетті, мүмкіндіктері мен
қажеттіліктеріне қарай оқытудың барлық кезеңінде жеке білім беру
бағдарламасына ие болатыны және өз бетінше оқыту құзыреттілігін
дамыту, өмір бойы үздіксіз білім беру жүйесі шеңберінде даму
траекториясын құру бірінші кезекте тұрғаны өте орынды деп
санаймын. "Баршаға қолжетімді сапалы білім" Ұлттық
баяндама жобасы «Оқу-тәрбие үрдісінің сапасын
арттыру және оқытудың жаңа технологияларын ендіру, бағдарлы оқытуды
жүзеге асыру» тақырыбы аясында оқушыға бағдарланған білім беруді
дамыту жайлы терең қамтылған. Ұлттық баяндама жобасында білім алушыларға
жағдай жасау ұлттық құндылықтар негізінде білім беру жолға
қойылған. География пәнін оқыту барысында сабақтарға
ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып, білім беру оқушыларға тек
академиялық білімді меңгертіп қана қоймай ұлттық салт-дәстүрімізді
де терең меңгертетін әдістерді қолдану маңызды. "Ханталапай" ойыны,
«Ақ сүйек», «Бәйге», «Көкпар» ұлттық ойындарын география пәніні
оқытуда тиімді әдіс ретінде алуға болады. Бұл әдістер арқылы
география пәнімен қатар ұлттық құндылықтарды да дәріптеймін. "Орта
білім беру мазмұны" бөлімінде оқу бағдарламаларында мектеп
оқулықтары қайта қаралады делінген. Елімізде білім беру үрдісі
жолында біршама өзгерістер болады деген сенімдемін. Ең бастысы
балаларымыз білімді және ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп
өсіруіне барынша бірлесіп ат салысып еңбек етеміз деген
сенімдемін. Сыни ойлауға қабілетті және
функционалдық сауаттылығы жоғары тұлғаны дайындауға бағытталған
іс-шаралардың жүзе асыруды көздейді.
Білім берудегі табыстың кілті
цифрлық дамыған мұғалім болу. Дарынды балалармен жұмыс бағытында
оқушылардың ғылыми қоғамның жұмысын ұйымдастыру, мектепішілік
интеллектуалды сайыстар өткізумен ғана шектелмеу керек. Өйткені
қазіргі жас ұрпақ өздігінен білім алуға бейім. Оқушы өз ізденісі
негізінде білім алуға дағдыланып келеді. Ізденісі жоғары балаларға
қарапайым мұғалімге білім беру қызықсыз. Ал оқушыны қызықтыру үшін
заман талабын сай трендттегі педагог болу керек. Білім берудегі
заманауи трендтерді саралай келе білім берудегі геймификация тренді
менің пәніме сай келетіндігін ескеріп, өз іс тәжірибеме ендіруге
шешім қабылдадым. Ойын арқылы оқыту, геймификация, ойын элементтері
арқылы қызықтырып оқыту, баяндау технологиясы арқылы оқыту, рөлдік
ойындар және сахналау, табиғат аясында сабақ өткізу тәсілдері менің
әріптестерім үшін де, оқушылар үшін де тиімді болары сөзсіз. Сабақ
беру жоспарыма жаңа бағытты ендіру ол үлкен жауапкершілік. Бұл
жауапты өзгерісте географ әріптестерімнен қолдау күтемін.Әр
ұстаздың жауапкершілігін арттырып, кәсіптік мәдениетін көтеруде тек
өз пәнінің аясында ғана қалып қоймай, қандай да бір дәрежеде
шығармашылықпен еңбек етуге, баулуға бірлестік жұмыстың атқарар
жұмысы аз болмайды. Мұны әрбір педагог саналы түрде сезінуі тиіс.
Әрине, осыны жүзеге асыру мектептің, мұғалімнің жұмысына тікелей
байланысты. Ал осы трендттерді география пәніне байланысты
топтастырып, сабақта пайдалану, мен үшін өте қызықты болды.
Заманауи трендтерге қазіргі оқушылардың сабақты қызыға орындайтын
платформалары да кіреді. Сондықтан жұмыс барысында жоспардан тыс
дөңгелек үстелдер мен пікір алмасулар
өткіземін. Мен өз іс-тәжірибемде
басымдықты тек ойын-сауық түрлеріне ғана емес интелектуалды ойын
түрлеріне де беремін. Себебі қазіргі білім конкурстардың көбісі
интелектуалдық ойындарға негізделген. Мысалы: «Миллион кімге
бұйырады», «Жүзден жүйрік», «Дарабоз», «Кім тапқыр», «Зерде»
ойындарын жоспарға ендіремін. Іс-шараларға қатысу арқылы білім
кеңістігінде оқушыларымның бәсекеге қабілеттілігі артады. Оқудағы
құзыреттілігі артып әлемдік деңгейде білім алатын болады. Сонымен
қатар «Суреттер сыр шертеді», «Хронологиялық кесте сырлары»,
«Мимикалық жаттығу» тағы басқа да әдістерді ендіріп жоспарлаймын.
Бұл балаларға жылдам ойланып, ойға келген сөздерді ауызша айтуға
дағдыландырады. Бұл арқылы оқушыларымның айтылым дағдысы
қалыптасады. Жұмыс барысында академиялық
білімнің қалыптасуына көптеген жағдай жасаймын. Бала бойына
функционалдық білімді қалыптастыру қоршаған орта туралы алғашқы
ақпараттарды кітаптан алады. Сол білімді жүйелеп өмірде қолдануға
географиялық карталардың септігі жоғары дәрежеде. Білім берудегі
геймификация тренді география пәнін оқытуға қолайлы әдісттердің
бірі. Сөзімді қортындыласам, білім-әр адамның ақыл-ойы мен өмір
танымын
қалыптастырушы тірек. Сондықтан қазіргі мектептегі әдістемелік
жұмысына белгілі бір нәтижеге жету үшін қойылатын бүгінгі заман
талабы – өзіндік ой-тұжырымы бар, логикалық ойлау қабілеті дамыған,
өз көзқарасы мен пікірін ашық айта алатын, ақпараттар ағымынан
қажетін іріктеп ала білетін, қоғамдық ортаға икемді, өз жолын дұрыс
таңдай алатын жас ұрпақ тәрбиелеудің, әдістемелік мүшелерін
ұйымдастырып, топтастыру болып табылдады.
Ж. Аймауытовтың « Баланаң ынтасын арттыру үшін оқытатын нәрседе бір жаңашылдық болу керек», – деген сөзінде үлкен мән жатыр. Неге десеңіз, әр оқушы сабаққа келгенде жаңа білім алып шығуымен қатар, өзінің де белгісіз бір қырларын танытуы тиіс. Сонда ғана сабақ қойылған мақсатына жетеді.
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады, – деп Уильм Уорд айтқандай, әрбір жаңашыл мұғалім өзінің шығармашылық әрекетінде дәстүрлі стильден алшақтап, үнемі жаңашыл идеялар жетегінде жүрсе, білім сапасының жақсара түсетіні сөзсіз.