400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

БІЛІМ БЕРУДІ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ ЖАҒДАЙЫНДА ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ МЕН ЫНТАЛАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

БІЛІМ БЕРУді МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ ЖАҒДАЙЫНДА ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ біліктілігін арттыру мен ынталандыру шаралары

 

Халық пен халықты теңестіретін - білім

 Мұхтар Әуезов


  ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры, білім ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша мазмұнды білім беру жолында түбегейлі өзгешеліктер болуда. Әрбір адамзат, әрбір жеке тұлға.

                       Шешілмей жатқан жұмбақ,

                       Ашылмай жатқан бұлақ.

                       Ашсаң көзін бұлақтың,

                       Жанып тұрған шамшырақ – деген екен ата-бабаларымыз. Ауылдың ақсақалдары адамның ми қыртысында жеті шырақ болады деуші еді. Кем дегенде үшеуі жанса - ақылдылық, бесеуі жанса - ұлылық, жетеуі бірдей сәуле шашса - даналық, пайғамбарлық деген екен.

Елбасымыз айтқандай  дамыған   елдердің қатарына қосылуымыз үшін ең алдымен жастарымыз білімді, қабілетті болуы  керек. Ол үшін ұстаздардан  кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап етіледі.  Еліміздің білім беру жүйесі қарқынмен даму үстінде.  Осы тұста сапалы білім беруді көздеген «Деңгейлік бағдарлама» бойынша оқытудың мұғалімдердің біліктілігін арттыруда маңызы өте зор. Бұл тұста ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, топтық жұмыс, оқушылардың бірін-бірі оқытуы, оқыту үшін бағалауы, «мұғалім-оқушы» және «оқушы - оқушы» арасындағы диалогтік қарым-қатынасқа түсуі, сонымен қатар қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой қозғауға арналған тапсырмалардың берер мазмұны зор болмақ. Сабақ барысында дұрыс сұрақ қою арқылы оқушылардың сыни ойлауы мен сөйлеуіне, оқушылардың өз бетінше ізденуіне және бір-бірін оқытуына түрткі болып,  оқушылардың өз пәніне деген қызығушылығын арттыруға болады. Әрине кез келген бастаманың кедергілері мен кемшіліктері кездеседі. Бірақ кез келген мұғалім өзінің кәсіби жолында барлық көлденең кездескен кедергілерді жоюға мектеп қабырғасынан алған мол тәжірибесі арқылы жетеді. Оқу-тәрбие үдерісінде келеңсіз кездескен кедергілерді SWOT талдауға cалып, (S-күшті жақтары, W-әлсіз тұстары, O-мүмкіндіктері, T-қауіптері) нақты нәтиже шығаруға болады. Бағалау шынайы, әділ болады.

        Кеңес кезіндегі «Мен aйтaм, сен тыңдa» әрекеті, сол кездегі өткен дәстүрлі сaбaқтaрды еске түсірсек, көз aлдымызғa мүлде бaсқa мектептің мұғaлімі елестейді.

       Оқытудың сындaрлы теориясынa негізделген  Деңгейлік бaғдaрлaмaның жaңa тәсілдерін қолдaну, оқыту мен оқудың тиімділігін aрттырaды. Оғaн себеп, «тaбысты мұғaлім оқушылaрғa  лaйықтaп нaқты кезеңде қолдaнылуы тиімді оқыту элементтерін «реттеп» отырaды» деген.

Aлғaш рет Мaйкл Скривен (1967ж.) «жиынтық және формaтивтік эволюция» ұғымын енгізіп, олaрдың қaрaстырaтын aқпaрaттың мaқсaты мен қолдaнуындaғы aйырмaшылығын aйқындaуынa көп көңіл бөлген болсa, Бенжaмин Блум (1968 ж.) өзінің «Шеберлік үшін оқу» кітaбындa формaтивті бaғaлaуды балалардың оқу-оқыту үдерісін жaқсaрту, дaмытудың құрaлы ретінде қaрaстырғaн.

         Бiлiм бeру жүйeсiндeгi рeфoрмaлaр, дeңгeйлiк бaғдaрлaмaлaр бiлiм сaлaсының қaрқынды дaмуынa eлeулi ықпaлын тигiзудe. Қaзaқстaн Рeспубликaсының Бiлiм турaлы зaңындa: «Бiлiм бeру жүйeсiнiң бaсты мiндeттeрiнiң бiрi – бiлiм бeру бaғдaрлaмaлaрын мeңгeру үшiн жaғдaйлaр жaсaу кeрeк» - дeп көрсeтiлгeн.


Педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту

Педагогтің кәсіби мәртебесін көтеру үшін бірқатар шаралар атқарылады.

Педагог қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің жаңа үлгісі әзірленеді, ол:

біліктілік санатына қарап, педагог қызметкерлердің қызметтік жалақысының көлемін есептеу үшін қолданылатын сараланған коэффициенттерді енгізуді;

нәтижеге бағытталған еңбекақы төлеу тетігін енгізуді көздейді.

Атқарылған шаралар нәтижесінде педагог қызметкерлердің орташа жалақысы 2020 жылға қарай экономиканың жеке секторындағы жалақыға жуықтайды.

ҚР ЕХӘҚМ жүргізетін ұзақ мерзімді кезеңдегі зейнетақы төлемінің болжауы бойынша есептеулер, талдамалық және экономикалық зерттеулер шеңберінде азаматтарды, оның ішінде педагогтерді зейнетақымен қамтамасыз ету жетілдіріледі.

Сонымен қатар педагогтерге қойылатын талаптарды күшейту шаралары қарастырылуда.

Педагог мамандықтар бойынша жоғары оқу орнына түсу кезінде педагог қызметіне икемділік деңгейін анықтауға арналған  шығармашылық емтихан енгізілетін болады.

Педагог мамандықтарына түсетін талапкерлер үшін шекті деңгей көтерілетін болады.

Бірінші және жоғары санаттарды алуды ынталандыратын жағдай жасау мақсатында педагогтердің біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар қайта қарастырылатын болады.

2016 жылдан бастап 5 жылда бір рет аттестаттау түрінде, оның ішінде жұмысқа алғаш рет немесе педагог қызметінің үзілісінен кейін қабылданып жатқан педагогтер біліктілігінің деңгейін растау рәсімі енгізілетін болады. Білім беру ұйымдарына жұмысқа кіру қағидалары әзірленеді, ол азаматтардың аталған санаттары  үшін тестілеуден өтуді көздейді.

Бейіндік мектеп үшін мұғалімдерді іріктеу кезінде білім беру саласындағы магистр дәрежесінің болуы көтермеленеді.

Өздігінен білім алу және өзін-өзі жетілдіру педагог портфолиосында  көрінетін  қызметінің ажырамас бөлігі болып табылатын болады.

Педагог кадрларды даярлау сапасын бақылау және ынталандыру үшін  біліктілік деңгейін бағалау тәуелсіз коммерциялық емес үкіметтік емес агенттіктерде өтетін болады.

Педагогтерді аттестаттау  мұғалім білімін тестілеу, оқу-әдістемелік қызметі туралы есеп беруінен тұратын, мүдделі адамдар (оқушылардың  ата-аналары) мен жұртшылықтың пікіртерімі рәсімдерінен тұратын жинақтық бағалау негізінде жүргізіледі.

Математика мұғалімдері TEDS-M халықаралық салыстырмалы зерттеулерге (Teacher Education and Development Study in Mathematics) – орта мектептің бастауыш және орта буынының математика мұғалімдерінің кәсіптік білім сапасын бағалауға қатысатын болады.

Мұғалімнің кәсіби беделін көтеру мақсатында қоғамда педагогтің оң имиджін қалыптастыру жұмысы жүргізілетін болады: «Жыл мұғалімі» конкурсы, акциялар, БАҚ-пен ортақ жобалар, шеберлік сыныптары, жаңашыл педагогтер форумдары, конкурстар, педагогтер әулеттерінің слёттері, ғылыми-педагогикалық семинарлар мен симпозиумдар, семинар-тренингтер және дөңгелек үстелдер.

 

Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім жөнінде Ахмет Байтұрсынов былай деген: «...мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы». Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептің шәкірттері де білімді болмақ. Білімнің сапалы, тәрбиенің нәтижелілігі  кәсіби деңгейдегі педагогке байланысты. Сондықтан да қазіргі таңда педагог мамандардың біліктілігін арттырудан өтуіне көп назар аударылуда.

       Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі өз сөзін басшылыққа ала отырып, «Педагог еңбегінің жауапкершілігін түсініп, оның беделін көтергенде ғана адамгершілігі жоғары, білімді адамды тәрбиелеуге жағдай жасай аламыз» деген сөзін іске асыруды мақсат тұта отырып,  педагогтің кәсіби жауапкершілігін көтеруіміз керек.








    




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
698
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі