Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Білім берудің ақпараттық ресурстары. 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

3- сабақ

Күні:

18.09.2018ж


10- сынып

қоғ.бағыт


Пән мұғалімі: Шылманова Гүлбану


Сабақ тақырыбы:

Білім берудің ақпараттық ресурстары

Жалпы мақсат:

Білім беру ақпараттық ресурстарыды зерттеу арқылы ақпараттың қаситтерін меңгереді және ой өрістері дамытады

Сабақтың мақсаттары

Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту

Күтілентін нәтижесі:

Оқушылар ақпараттың қасиеттері туралы мәліметтер қалай жинақталғаны жайлы түсініктерін дамытып, оқып үйренеді.

Негізгі идеялар:

Сабаққа қызығушылығын арттыру

Сабақта қолданылатын материалдар:

Үлестірмелі материалдар, маркер

АКТ

Интерактивті тақта

Оқыту әдістері:

Интерактивті оқыту әдістері

Миға шабуыл

Конвер- сұрақ әдісі

Жұпты әңгіме

Жигсо әдісі

  • Топтық жұмыс

  • Жұптық жұмыс

  • Шығармашылық жұмыс

Тапсырмалар:

І. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІ. Ой қозғау.

ІІІ. Мағынаны тану.

ІV. Топтық жұмыс.

V. Шығармашылық тапсырма



Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Сыныпты топқа бөлу (суреттер арқылы)



Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

«Мозайка» әдісі бойынша сурет арқылы сыныпты топқа бөлу топқа бөліп психологиялық ахуал қалыптастырдым

Оқушылардың мұндағы мақсаты суреттер арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу



I.Үй тапсырмасын сұрау «Миға шабуыл» әдісі



Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру

Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру,

Мұғалім берген тапсырманы орындау



II.Ой қозғау Өткен тақырыпты меңгертуде «Конверт-сұрақ» әдісін қолдану



Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақта қолданылатын әдіс оқушыларды сыни ойлауына ықпал етеді. Мұнда әр бала, өз ойын айтып,шығармашылығын қалыптастырады. Ол дегеніміз – бала бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, өз ойын дәлелдеуші, ұйымдастырушы рөлін атқарады. Сын тұрғысынан ойлау қабілеттері сабақ үстіндегі проблемалық сұрақтарды шешу кезінде, бір сұраққа бірнеше нұсқада жауап берумен және ситуациялық жағдайлардан жол тауып шығу әрекеттерінен байқалады.

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу, өткен сабақтарды қайталау

Топпен жұмыс жасау



«Әлемнің ақпараттық бейнесі» тақырыбы туралы білімдерін тексеру (сұрақ-жауап) (5 мин)

  1. Ақпараттық тәсілдер дегеніміз не?

  2. Ақпаратты зертеудіңң қандай еңбектерін білеміз?

  3. Ақпаратты қабылдау мен берілудің түрлерін ата?

III Мағананы ашу: «Білім берудің ақпараттық ресурстары» тақырыбын «Жұптық әңгіме» әдісін пайдалану арқылы меңгерту

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бұл әдіс арқылы оқушы мен оқушы арасында «Жақын арадағы даму аймағы»(ЖАДА)(Выготский) қалыптасады. Себебі: әр жұп түсінбеген немесе қиындық тудырған сұрақтарын бір-біріне қою арқылы жұптасып, жауап іздейді, талқылайды, жаңа тақырыпты бірі-біріне түсіндіреді

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және оөз пікірлерін ортаға салады.



IV.Топпен жұмыс «Жигсо әдісі» арқылы жалыпы бүгінгі сабақты меңгерту іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Тапсырманы орындау үшін топ ішінде және көрші топпен ақылдаса отырып шешім табуға болады. Оқушыларға тапсырманы сұрақ күйінде беріп, сұрақтың жауабын өз білімдеріне сүйене отырып жеке, жұппен, топпен талқылап, келесі топпен ақылдасып, бір- бірлерінің пікірлерін тыңдап тапсырманы өздігінен орындап шығу.


Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, өзара пікір алмасады, топпен, жек дара тапсырмаларды орындайды



- Ақпараттық ресурстарды қалай түсінеміз.

- Білім беру ресурстары қандай?

Осы көрсетілген тақырып төңірегінде әр топ өз ойларын ортаға салар отып, талдау керек. Өз ойларын ашық түрде айту керек



V.Сергіту сәті:



Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сергіту сәтін ұйымдастыру қадағалау

Берілген тапсырманы орындау





VI.Қорытындылау:

(сұрақ-жауап)

  1. Бұл сабақты мен қалай түсіндім?

  2. Ақпаратты қалай өңдейді?

  3. Өздігінен білім алудың әдістері қандай?

  4. Білімді өмірлік тәжірибеде қолдану деген не?

  5. Алған білімнің не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

VII.Рефлексия:

Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі

VIII.Бағалау:

Өзін-өзі бағалау

Қорытынды бағаны хабарлау.

ІX.Үй тапсырмасы:

Оқулық бойынша тапсырма













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
489
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12