400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім берудің жаңа парадигмасы және мұғалімнің рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал жаңашыл ұстаздар үшін қажет құрал болып табылады. материалда білім берудің жаңа парадигмасы, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі жайында айтылған. Сонымен қатар, оқушылардан жаңашыл ұстаз қандай болуы керек екендігі жайында сауңалнама алынып, талдау жасалған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі









БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАСЫ

ЖӘНЕ МҰҒАЛІМНІҢ РӨЛІ



Дайындаған: З.Е.Темірғали









2017-2018 оқу жылы

МАЗМҰНЫ



І. КІРІСПЕ..............................................................................................................3

ІІ. БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАСЫ ЖӘНЕ МҰҒАЛІМНІҢ РӨЛІ.........................................................................................................................4

ІІ. 1. БІЛІМ БЕРУДІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАЛАРЫ........4

ІІ. 2. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МҰҒАЛІМНІҢ РӨЛІ...........................5

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................9

IV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................10

V. ҚОСЫМША....................................................................................................11









































І. КІРІСПЕ



Қабілетсіз оқушы жоқ, бірақ оқушылардың дара қасиеттерін танып-білуде мүмкіндігі шектеулі үйлесімсіз әдістеме бар.

Елбасымыз өз халқына жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет»деп атап көрсетті. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселе. Бала жанының бағбаны, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мұғалім ары таза, әдепті, ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, ұстамды, өз ойын шәкіртіне анық, дәл жеткізетін болуы тиіс. Ол үнемі ізденіп, білімін толықтырып отырса, оның өмірлік ұстанымы тұрақты, күш-қуаты, көңілі әрдайым жоғары, сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі еленеді. Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық бір мақсатты көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет. 

Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.



















ІІ. БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАСЫ ЖӘНЕ МҰҒАЛІМНІҢ РӨЛІ



Жоспар:

І. Білім беруді жетілдірудің жаңа парадигмалары.

ІІ. Білім беру жүйесіндегі мұғалімнің рөлі.



І. «Парадигма» - латынның мысал деген сөзінен шыққан. Бұл білімнің концептуалды моделі ретінде пайдаланылады. Білім парадигмасының көп тараған түрлері аз емес [1]. Оларға мыналар жатады:

1.Дәстүрлі-консервативтік (білім парадигмасы);
2. Феноменологиялық (гуманистік парадигмасы);
3. Рационалдық (тәртіптілік парадигмасы);
4. Технократтық;
5. Эзотерикалық.

Әрбір парадигма «не үшін тәрбиелеу керек, оқушыларды қандай мақсатқа дайындау керек, не үшін өмір сүреміз» деген сұрақтарға жауап береді.

Мәселен, дәстүрлі білімдік парадигмада білім берудің басты мақсаты: «Білім, білім, қандай жағдайда да тек білім». Мұнда өркениет пен мәдениетті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу негізгі мақсат болып саналады.

Феноменологиялық немесе гуманистік парадигмада жеке тұлғаның ішкі дүниесін дамыту, оны ерікті, рухани жеке адам ретінде тану және адамдармен тіл табысуында ерекшелену қабілеттерін жетілдіру қарастырылады. Білімнің гуманитарлық парадигмасының діңгегі - оқушы емес, дайын білімді меңгерудегі ақиқатты түсінуші адам. Мұнда оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас: ынтымақтастық, өзара жауапкершілік, өз позициясын еркін таңдау жағдайында диалогтік ұстанымда өрбиді.

Рационалдық парадигмаға оқушыға білімнің түрлі тәсілдерінің тиімді жақтарын, ортаға бейімделу, оның ойы, сезімі және іс-әрекеттерімен санасу, оларды меңгерту жатады. Мұндағы басты қағида: «мектеп – бұл фабрика, ал оқушы – оның шикізаты». Бұлай оқытудың негізгі әдістері – тренинг, тестік бақылау, жекелеп оқыту және мәтінді түзету. Ғылымды тәртіп тіліне аударған Америка педагогы Р.Мейджер «Мұның бәрі оқушыны да, мұғалімді де дамытады. Егер мұғалім бәрін өзі атқарса да, оқушы еншісіне үйлестіру мен бақылау қалады» дейді.

Технократтық парадигманың негізгі мақсаты – дәл ғылыми білімдер. «Білім - күш» адамды бағалау, оның білімі, мүмкіндіктерімен анықталады. Адамның қасиеті оның білімі, тәртібі және оны тасымалдаушы ретінде танылады.

Эзотерикалық парадигма – оқушының табиғи күші. И.Колесниковтың пікірінше, адамның қоршаған әлеммен іс-әрекетінің жоғары деңгейі басым көрсетіледі. Мұнда адамның ақиқатқа мәңгілік өзгермейтін қатынасы көрінуі тиіс. Бұл жерде оқушының дамуындағы мұғалімнің адамгершілік, психологиялық, физикалық функциялары ерекше ұғым болып табылады.

DrawObject1

Дәстүрлі-консерва тивтік







DrawObject2

DrawObject3

Феноменоло гиялық



DrawObject5 DrawObject4



Парадигма

DrawObject6

Рационалдық



DrawObject7



DrawObject10 DrawObject9 DrawObject8



DrawObject11

Эзотерикалық



Технократ тық









ІІ. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі [4].

Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі.

Соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым - бұл құзырлылық. Құзырлылық (латын тілінде «competens») тікелей аудармасы белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді. Құзырлылық маманның «айналымға» түсудегі қажетті шарты [2].

Құзырлылықтың негізгі белгілері: тұлға аралық және еңбектегі байланыс мәдениеті; қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі; қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы; практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті; нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі; тиімді шешім қабылдау қабілеті.

DrawObject12

Құзырлылық





DrawObject13

DrawObject20 DrawObject15 DrawObject19 DrawObject18 DrawObject17 DrawObject14 DrawObject16

Білімі, біліктілігі, дағдысы

Тұлға сипаты

Тұлға қабілеті









DrawObject21

Әлеуметтік көзқарасы





DrawObject22

DrawObject29 DrawObject24 DrawObject28 DrawObject27 DrawObject26 DrawObject23 DrawObject25

Дүниетанымы

Адамгершілігі

Еңбекқорлығы









DrawObject30

Еңбекқорлығы





DrawObject31

DrawObject38 DrawObject34 DrawObject32 DrawObject37 DrawObject36 DrawObject33 DrawObject35

Еңбекке деген қызығушылығы

Еңбекті саналы түрде орындауы

Еңбекке дайындығы







Педагог қызметкер: 1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге; 2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге; 3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-атаналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге; 4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға; 5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұпайы жетілдіріп отыруға; 6) бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге; 7) педагогтік әдеп нормаларын сақтауға; 8) оқушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті [3].































ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ



Қорыта келе, жаңа қоғамға жаңа адам керек. Мұндай адамды қалыптастыру – қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет. Мұғалім еңбегінің бүгінгі нәтижесі қандай болса, елдің, қоғамның ертеңі, болашағы сондай болмақ. Демек, Елбасының «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деген қағидасына сүйенсек, қазіргі қоғамдағы дамудың басты факторлары: білім, ғылым, саяси тұрақтылық екенін, яғни заман өзгергенімен, мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының көтерілуі білім-ілімсіз әсте мүмкін емес екеніне көз жеткіземіз.

Қорытынды сөзімді дауылпаз ақын М.Дулатов ағамыздың сөзімен аяқтағым келеді: «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда... Надан жұрттың күні – қараң, келешегі - тұман» дегендей, ендеше, егемен еліміздің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекеттің саналы, білімді ұрпағы саналатын шәкірт тәрбиелеу – біздің ұлы мұратымыз.



































IV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



  1. «Білім беруді жетілдірудің жаңа парадигмалары» ғаламтор.

  2. Білім сапасын жақсартудың жолдары: «Құзырлылық деген не?» – Білімдегі жаңалықтар №1 (25) – 2009 – 10 бет.

  3. ҚР Білім туралы Заңы: 7-тарау. 51-бап. Педпгог қызметкердің мәртебесі – Мұғалім және Заң журналы.

  4. «Жаңа білім беру жүйесі» - Уикипедия – ашық энциклопедиясы.













































V. ҚОСЫМША

1. Экспресс-тест. «Темперамент типі».

Өздеріңізді бас киімі құртылған адамның орнына қойып көріңіздер және сәйкесті суретті таңдаңыздар.

Бірінші сурет

(Холерик)

Екінші сурет

(Меланхолик)

Үшінші сурет

(Флегматик)

Төртінші сурет

(Сангвиник)



2. «Жаңашыл мұғалім – бұл кім?» оқушылардан алынған сауалнама

 

1. Қандай мұғалім жақсы?

60% – Балаларды жақсы көретін, түсінетін, кең, бауырмал, қайырымды.

50% – Қызықты әрі тақырыпты жақсы түсіндіретін, оқушы жанын түсінетін, сабырлы.

30% – Талап қоятын, қатал, әділ, адал.

20% – Қалжыңбас, әзіл жақсы көретін.

17 % – Ақылды, профессионал, білімді, зиялы.


2. Қандай мұғалім жаман?

4% – балалар алдында мақтанады, өз проблемасын айта беретін, оқушыларға шағымданатын.

4,3% – балаларды жақсы көрмейді, жақсы көретін оқушылары бар.

11% – жаман мұғалім жоқ.

21% – әділетсіз, дисциплина сақтамайтын, өте қатал, өте жұмсақ, момын.

30,5% – сабақты дұрыс түсіндірмейтін, өз пәнін өзі түсіндірмейтін, сабақ үстінде шығып кететін, өз жұмысын жақсы көрмейтін.

62% – айқайлайтын, ұрысатын, масқаралайтын, мазақтайтын.

 

3. Қандай мұғалімнен сабақ алғысы келеді?

55% – жақсы көретін, сабырлы, адал, әділ, қамқорлыққа алатын, түсінентін, жекелемейтін, айқайламайтын.

30% – Білім беретін, өз пәнін жақсы көретін, сабақта қызықтыратын.
14% – білімді, талантты, қалжыңы бар.

10% – белгілі деңгейде қатал, тәртіп сақтайтын.



4. Мінсіз мұғалім ол…

40% – байсалды, шыдамды, ақылды, өзін және басқаларын сыйлайтын, балаларды жақсы көретін және аздап калжыңы бар.

39% – өте сапалы білім беретін, жұмыста тәжірибелі, қызықты түсіндіретін, жақсы психолог, өз ісін жақсы көретін.

17%  – әділ, жақсы көретін жеке оқушылары жоқ.

6% – мінсіз мұғалім болмайды.

Оқушылардың жауаптарына  талдау жасай отырып мынадай қорытынды жасауға болады. 

Оқушы үшін алдындағы мұғалім жеке басының тұлғалылығы ең басты құндылық.

Ұстаз толыққанды тұлға екені бойындағы мынадай сапамен анықталмақ шәкірттер пікірінше: адамгершілігі, сабырлылығымен, адалдығымен, әділдігімен т.б. Әрине ұстаз бойында осы сапалары мен қатар өз пәні мен мамандығын жақсы көру керек.



13



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
5360
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі