жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Білім биржасы» зияткерлік ойыны.
Тақырыбы: «Білім биржасы» зияткерлік ойыны.
5,6,7 сыныптар аралығында
Мақсаты:
Білімге деген қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттыру.
Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін дамытуға ықпал ету.
Түрі: Сайыс
Көрнекілігі:Плакаттар,слайд т.б.
Сайыс алты кезеңнен тұрады:
І. «Тапқыр болсаң тауып көр»
ІІ. «Білім аукционы»
ІІІ. «Сұрақ деп осыны айт...»
ІV. «Сыйлықтар аукционы»
V. «Алтын сандық»
VI. «Тарих нені зерттейді ?»
Мұғалім:
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер! «Білім биржасы» атты зияткерлік ойынға қош келдіңіздер
Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,
Алға қойған мақсаты.
Әрқашанда мектепте,
Шығып жүрген жақсы аты.
Жиналған ылғи дарындар,
Жүрегі от боп жалындар.
Тапқырлар тобын халайық,
Қол соғып қарсы алайық – деп ортаға сайысқа қатысатын 3 топты шақырамыз.Енді құрметті қатысушы топ мүшелері, тобыңызды таныстырып өтсеңіздер!
«Болашақ»
тобы
Ұраны:
Болашақтың ұрпағымыз
білімді,
Көрсетпекпіз мектепте алған
білімді.
«Бәйтерек» тобы
Ұраны:
Тапқырлық
таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын
тек жақсы атымыз.
«Асыл тас»
тобы
Ұраны:
Асыл тастан шығады
ұранымыз
Мектептің көкке ұшар
қыранымыз
Алдарыңызда
өз білімімен, ақыл - ойымен, эрудициясымен
ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары.
Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл – деп әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін...
І кезең «Тапқыр болсаң туып көр».Бұл кезеңде 7 сұрақтан қойылады тек «иә» немесе «жоқ» деп жауап береміз.
«Болашақ» тобы:
1.Герадот тарих туралы алғаш кітап жазған,кейіннен «Тарихтың атасы» атанған –иә
2.Қыш құмыра (керамика) жасауды үйрену мезолит дәуірінің басты жаңалығы болды- жоқ
3.Терімшілік,аң аулау,балық аулау алғашқы адамдардың кәсібі болды-иә
4.Мысты-тас ғасыры неолит деп аталды-жоқ
5. «Алтын киімді» адамды К.Ақышев Есік обасынан тауып,зерттеді-иә
6.Тас құралдың жүзін өткірлеу үшін ретушь әдісін қолданған- иә
7.Қола дәуірі 2 мәдениеттен тұрады-иә
«Бәйтерек» тобы:
1Түрік
қағанаты тарихта алғашқы қағанат па?
-иә
2.
Тараздың бұрынғы атауы Суяб қаласыма?
жоқ
3.
Арабтар “Сүзеген” деп атаған қаған
Сұлу қаған ба? иә
4.
Махмұд Қашғари Баласағұн қаласында
еңбек еткен ба? жоқ
5.
Орыс жылнамаларында «половшылар» деп
қарлұқтарды атаған ба? жоқ
6.
Түркі тілдес тайпалардың ортақ атауы
«теле» дұрыс па? иә
7.
Ташкент қаласының бұрынғы аты Шаш қаласы
болған ба? иә
«Асыл
тас» тобы:
1.
Көне түріктердің негізгі жазуы руна
ма? иә
2.
Ғұн державасының негізін қалаған Аттила
ма? жоқ
3.
Түрік қағандығының іргесін қалаған
Бумын қаған ба? иә
4.
Жібек соғды елінен әкелінетін тауар
ма? жоқ
5.
Баласағұн оғыздардың астанасы ма? жоқ
6.
Суяб қаласы Шу өзеннің бойында орналасқан
ба? иә
7.
Оғыздардың әскербасшы шаньюй деп аталған
ба? Жоқ
Ойла-ойла тереңнен
Жақсы емес көп бөгелген
Сұраққа жауап білмесең
Өте алмайсың көпірден – деп сайысымыздың ІІ кезеңі: «Білім аукционы» атты бөлімінен бастаймыз. Бұл бөлімде ойынның шартымен оқушыларға 6 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ұпай санын жинайды.
ІІ
кезең «Білім аукционы»
1. Ежелгі дүние
тарихы пәні қойылады.
Сұрақ: Әлемде адамзат баласы қаншалықты көп болғанымен, олардың сырт келбеті – түрі-түсі, шашы, көзінің түстері, бас сүйегі мен бет пішіні, нәсілдері бір-бірінен өзгеше болып жаратылады. Оның себебі не?
Жауабы: Табиғат ерекшеліктеріне байланысты.
2. Аукционға математика пәні қойылады.
Сұрақ: Үш ат жегілген шана 1 сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай?
Жауабы: 15 км/сағ.
3.Ұлы тұлғалар галереясы.
Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған “Ұлы тұлға – бала би” деген атақтан дана би атаққа ие болған, жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқының атынан елшілікке жіберілген. Ол атақты адамның елшілікке барғандағы сөздері бізге жеткен. Яғни,
“Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз.
Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды,
Анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды.
Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз”.
Бұл ұлы адам кім?
Жауабы:Қаз дауыстыиҚазыбек би
4. Аукционға орыс тілі пәні қойылады.
Вопрос: Найдите лишнее слово в ряду: загадка, задача, ребус, игра, шарада?
Ответ: игра.
5.Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын.
Білсеңдер, қане айтыңдар!
Жауабы: тышқан (компьтердің құрылғысы)
6.Қазақстан тарихы (сурет-сұрақ).
Алдарыңыздағы тарихи-мәдени ескерткіштің салынғанына 600 жылдан астам уақыт болды. Ұзындығы 60 метр, ені 45 метрден астам, биіктігі 40 метрге жуық. Онда түрлі мақсатқа пайдаланылатын 35 бөлме бар. Оның айналасына қазақтың хандары мен басқа да белгілі адамдары жерленген. Бұл қай ескерткіш және Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
Жауабы: Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Түркістан қаласы.
«Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы», - деп ұлы ұстаз А. Байтұрсынов айтып кеткендей келесі кезеңге көшейік.
ІІІ кезең «Сұрақ деп осыны айт...»
«Болашақ» тобы:
ҚР Мемлекеттік Туының авторы кім? (Шакен Ниязбеков)
Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде нешінші орын алады? (9)
«Жанұя» сөзінің ағылшынша аудармасы. (family)
Сөз және оның мағынасын зерттейтін сала. (Лексика)
Шеңбердің бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді. (Диаметр)
«Көмектесу» сөзінің ағылшынша аудармасы. (Help: һелп)
1 километрде неше метр? (1000м )
Компьютердің ақпаратты қағазға басып шығаруға арналған құрылғысы (принтер)
Ақпаратты алу,жинақтау, сақтау,түрлендіру, жөнелту, және пайдалану тәсілдері туралы ғылым. (Информатика)
Ғалымдардың ежелгі адамды атауы (Епті адам)
Аспан денелерінің ішінде Ай үлкен бе Жер үлкен бе? (Ай)
Тасқа салынған суреттер қалай аталады? (петроглифтер)
Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінеді? (4 )
1938 ж. академик А.П.Окладников Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен ежелгі қандай адамның сүйегін тапты? (Неандерталь бала)
Берел қорымдарын зерттеген археолог? (Зейнолла Самашев)
«Бәйтерек» тобы:
Жандарбек Мәлібекұлы және Шот-Аман Уалихан ҚР-ның қай рәмізінің авторлары (Елтаңба)
«Бау бақша» сөзінің ағылшынша аудармасы. (Garden, гадн)
Шеңбердің бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын кесінді. (Радиус)
«Ашина» атауы қандай мағына білдіреді? (қасқыр )
Ортақ бөлгіші 1-ге тең сан (Жай сандар)
Пернетақтаның неше пернесі бар? (104)
Қағаздағы ақпаратты компьютерге енгізу құрылғысы (Сканер)
Компьютердің миы. (Процессор)
Палеолит дәуіріне жататын еңбек құралдары табылған өңір? (Жамбыл облысы)
Ежелгі тас дәуірі қалай аталады? (Палеолит)
Жердің Күнді бір рет айналып шығуына кететін уақыт (1 жыл)
Адамзаттың өткен тарихын заттық деректер бойынша зерттейтін ғылым.(Археология)
Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен. (Ніл)
Жердің ауа қабаты қалай аталады? (Атмосфера)
Қай айда 28 күн бар? (Барлық)
«Асыл тас»тобы:
ҚР-ның жаңа Әнұраны қай жылдан бастап айтылып жүр? (2006ж)
Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала. (Фонетика)
Last year (Ласт йеа) қазақша аудармасы (өткен жыл)
Нәрселерді санауда қолданылатын сандар. (Натурал сандар)
Бөлгіштерінің саны екіден көп натурал сандар. (Құрама сандар)
Батыс Түрік қағанаты өмір сүрген жылдар? (603-704жж)
Жошы ұлысының жерінде құрылған алғашқы мемлекет (Алтын Орда)
Сурет салуға арналған бағдарлама. (Paint)
Күннің шығып, одан соң батып, ертесі қайтадан шыққанға дейінгі аралық қалай аталады? (Тәулік)
Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал. (Барометр)
Вирусты кері әсерін жоятын программа. (Антивирус)
«Delete» пернесінің қызметі. (Әріпті жою)
Ақпарат тасымалдаушылар. (Флешка, диск)
Жердің тіршілік қабаты. (Биосфера)
Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты? (И.Ньютон)
IV кезең «Сыйлықтар аукционы»
1.Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен. /кітап/
2.Он екі парақ-
Он екі ақ қанат,
Жауабы әсем-ақ,
Сызылған тақталап. /дәптер/
3. Ол – оқушы құралы,
Қатеңді түзетіп тұрады. /өшіргіш/
4.Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді,
Дегенмен тұмсығынан өледі. /қалам/
5.Тебеннің ұшы түйір,
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. /қаламсап/
6.Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. /сызғыш/
7.Бірге барып сыныпқа,
Бірге үйіне қайтады.
Оның бетін кім ашса,
Әр бағаңды айтады. |күнделік/
V кезең «Алтын сандық». Сандық ішіннен әр топ 5 қағазды таңдап алады,ондағы жазылған термин сөздерге анықтама береді.
1.Тарих-адамдардың басынан өткен жағдайларын жүйелі түрде баяндайтын ғылым.
2.Археология-адамдардың өмірі мен тіршілігі туралы заттай деректерге сүйеніп зерттейтін тарихи ғылым саласы.
3.Өлкетану-белгілі бір өңірдің табиғатын, шаруашылығын, тарихын, мәдениетін зерттеумен айналысатын ғылым саласы.
4.Антропология-адамдардың шығу тегін,дамуын зерттейтін ғылым.
5.Көшпенділер-негізгі кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан,белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдар.
6.Чоппинг-ежелгі адамдардың қолднған қаруы.
7.Хан-халықты басқарушы және лауазым.
8.Руна-көне түркі тайпаларының жазуы.
9.Пиктография-сурет жазу.
10.Терракота-жылтырауық емес керамикалық зат.
11.Тотемизм-адамдар шыққан тегін жануарлармен,өсімдіктермен байланыстыру.
12. «Аң стилі»-қолданыстағы заттарына,киімдеріне т.б. аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу.
13.Шежіре- ру,тайпа аттарынан бастап,өздеріне дейінгі ата-бабалары туралы мәліметтерді жинау.
14.Кесене-қабір,бейіт,зират,мола басына салынған күмбезді мәдени-тарихи ескерткіш.
15.Жертөле- жерді қазып,үстін жауып жасайтын жер үй.
VI кезең «Тарих нені зерттейді? » Бұл кезеңде әр топ постер қорғайды.
Қорытындылау.
Мұғалім: «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім», - деген екен шығыс ғұламасы Әбу - Райхан әл Бируни. «Халықтың кемеліне келіп, өркендеу үшін – білім қажет», деп Ш. Уалиханов айтып кеткен екен. алдымызда бәсекеге қабілетті елу мемлекеттің біріне айналу мақсаты шақта, бүгінгі «Білім биржасы» зияткерлік ойыны білім сайысы сіздердің тарихи танымдарыңызды, білімге құштарлықтарыңызды арттырды деген ниеттемін.
Нұрсұлтан Әбішұлы тарихқа байланысты « Өз тарихын сыйламаған халық,өзінде сыйламайды» деген екен. Ендеше ел тарихын тану,білу әр қазақ баласының басты міндеті,борышы! Бүгінгі «Білім биржасы» зияткерлік ойыны білім сайысы сіздердің тарихи танымдарыңызды, білімге құштарлықтарыңызды арттырды деген ниеттемін.
Осымен сайысымыз аяқталды келгендеріңізге көп-көп рахмет!
Жеңген топты қазылар алқасының шешімімен анықтап,марапаттау.
Кенесары Қасымоа атындағы шағын орталықты орта мектебі
«Білім биржасы»
зияткерлік ойыны
Сынып: 5,6,7
Тарих пәнінің мұғалімі:Манабаева Д.Е.
2018-2019 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген