Материалдар / Білім бұлағың. Ақылбек Шаяхметовтың өлеңі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Білім бұлағың. Ақылбек Шаяхметовтың өлеңі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімнің - бұлағың. Ақылбек Шаяхметовтың өлеңі. Даярлық топқа арналған көркем еңбек сабағынан жоспар.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.


Тобы:

Күні:

Тәрбиеші:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Білім беру саласы: Коммуникация

Тақырыбы: «Білімің- бұлағың» (Өлеңмен танысу)

Мақсаты: балабақшаға, мектепке барған балдардың қунышты сәттерін әңгімелеу; «Білімің- бұлағың» өлеңін оқып үйретіп, сөздердің мағналарын түсіндіру; Барлық адамдардың – ақын да, ғалым да, бәрі мектептен, балабақшадан білім алатыны туралы балаларға айтып беру; Өлең арқылы ақылды, білімді болып өсуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер қажет құралдар: Білім күніне арналған суреттер, балабақшаның ішкі-сыртқы көрінісінің суреттері, слайдтар, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: талмайды, самғайды.

Билингвальді компонент: білім – знание, ұстаз – учитель.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері


Балаларды шеңберге тұрғызады.

-Шеңберге тұрғанда бір-бірімізді көріп, қуанышқа бөленеміз. Сондықтан да біз бір-бірімізге бүгінгі Білім күні мерекелік көңіл күй және жылылық сыйлайық.

Балалар шеңбер болып тұрып, бір-біріне көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

Армысың, асыл Күн

Армысың, жан досым

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым!

Қолдарымен бір-біріне жылу береді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар, бүгін – ерекше күн!

Бүгін – Білім күні!

Барлық балалар мектепте, балабақшаға барды.

Балабақша – бұл екінші үйіміз. Сендер ақылды, тәрбиелі, ұқыпты, жақсы азамат болып өсулерің үшін балабақшада,мектептен көп нәрсе үйреніп, білім аласыңдар.

Балабақшада және мектепке барғанда көптеген дос табасыңдар.

Педагог апайларың сендерді өзінің баласындай мәпелеп тәрбиелейді, білім береді.

-Енді, балалар, ақын Ақылбек Шаяхметовтың «Білімің - бұлағың» деген өлең жолдарымен танысамыз.


Қанатым талмайды,

Қиялым самғайды.

Ақын да, ғалым да

Ұстазсыз болмайды

Мереке күніңмен

Құттықтап бүгін мен

Ойыма ой қосам

Сен берген біліммен



Сөздік жұмыс

Педагог балаларға қиялымда, самғайдысөздерін 2-3 рет қайталатып, түсіндіреді. Қиялым самғайды сөзі елінің өркендеп өсуін армандау мағнасын білдіреді. Білімді деп кітапты көп оқитын, кітапты ұқыпты ұстайтын, көп ізденетін адамды айтамыз.

Қанатым талмайды – ерінбей іздену. Ақын да, ғалым да мектептен білім алып шыққандығын түсіндіреді.


Билингвальді компонент:

білім – знание

ұстаз – учитель


Сергіту сәті

Бала, бала, баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа

Батамызда қаламыз.

Өлең шумақтарындағы сөздерді қайталату.

Білім бұлағың деген сөздердің мағнасын түсіндіріп қайталау.

-Білімді деп қандай адамды айтамыз.


-Сендерді кім оқытады?

-Нені үйретеді?

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.

Дидактикалық ойын:

«Ғажайып қоржын».

Ойынның шарты: ғажайып қоржынның ішінде бірнеше заттар: ойыншықтар, оқу құқралдары бар. Сол заттардың ішінен оқу құралдарын бір бөлек, ойыншықтарды бір бөлек жинап алу керек.

Мақал жаттау.

«Білім гілейді.таусылмайтын-қазына».

Мақал мағнасын түсіндіру,жаттату.

Бадеген жақсы тілектерін балабақшаға деген жақсы тілектерін айтады.

Сурет бойынша балабақша, мектеп туралы, өздерінің достары, ұстаздар туралы өз ойларын әңгімелеп береді.

Слайд арқылы балабақшаға немесе мектепке бара жатқан балалардың, ұстазына гүл беріп жатқан балалардың, достардың бір бірімен кездескенін алғашқы қоңырау соғылғанын, балалардың қуанышты сәттерін көріп тамашалайды.


Балалар педагогпен бірге өлең жолдарын қайталайды. Балалар балабақша, білім туралы өздерінің білетін тақпағын еске түсіріп, айтып береді.

Балалар түсінгендерін өз ойларымен жеткізеді.





Талмайды, самғайды сөздерінің мағнасын түсінеді, қайталайды.

Ақын да, ғалым да, мектептен білім алады.


Балалар қайталайды:

білім – знание

ұстаз – учитель


Қимылымен көрсетеді.



-Көп оқып, еңбектенетін, ізденетін адамды.

-Педагог оқытады.

-Тәртіпті болуды, сурет салуды үйретеді, ертегі әңгіме оқып береді, өлең жаттатады.


Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды, дәптердегі сурет бойынша әңгіме құрастырады.


Балалар оқу құралдары мен ойыншықтарды ажыратып, бөлек жинайды.


Балалар мақалды қайталап, жаттап алады.

Рефлексиялық-түзетушілік

-Білімді болу үшін не істеу керек?

-Ақын да, ғалым да білімді қайдан алады?

Бүгінгі алған әсерлерін көңіл күй (смайлик) арқылы бе

-білімді болу үшін көп оқып, іздену керек.

-Мектептен жақсы білім алса, ақын да, ғалым да бола алады.

Балалар қағаз бетіне өз ойларын, көңіл күйін (смайлик) түсіреді.


Күтілетін нәтиже:

Орындайды: өлең шумақтарымен танысады, балабақшаға, мектепке бара жатқан балалардың қуанышты сәттерін әңгімелеп береді.

Түсінеді: білімді болу үш

ін көп оқып, ізденіп, еңбек ету керектігін, ақын да, ғалым да мектептен, ұстаздан білім алғанын түсінеді.

Қолданады: Білім күніне арналған өлеңді тыңдай отырып, алған әсерлерін көрсетеді. Дидактикалық ойын арқылы оқу құралдары мен ойыншықтарды ажыратады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!