400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Білім еліне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспекті балабақша тәрбиешілеріне қажет болуы мүмкін
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ақтөбе облысы Хромтау ауданы, Хромтау қаласы “Ер Төстік” бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі

Нуржанова Максат Достановна


«Білім еліне саяхат»


ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің конспекті

Мақсаты: Балаларға тапсырмаларды дұрыс тиянақты орындай білуге үйрету

Балалармен өткен сабақтарды қайталап өзіндік жұмыс жасауға үйрету.

Балалардың ой-өрісін,тілін, зейінің дамыту,достыққа тәрбиелеу.


Сабақ барысы: Балалар біздерге бір хат келіпті. Қазір мен сендерге осы хатты оқып беремін. Бұл хатты бізге жіберген кім екен? Маша.

-Балалар мені мыстан кемпір алып қашып,өзінің үйінде қамап отыр.Маған көмектесіңдерші,мыстан кемпірдің тапсырмасын орындау керек. Әр бір дұрыс орындаған тапсырма сайын мына мыстан кемпірдің сыйқырлап қойған құлыптары ашылады. Ал дұрыс орындамасаңдар, мен осы мыстан кемпірдің үйінде қалып қоямын.

-Балалар біз алдымен күш жинайық.

- Бәріміз шеңберге тұрайық: Мен сенін досынмын,

Сен менін досымсын

Бәріміз доспыз!

Қолымызды қатты ұстайық.

Көңілді болу үшін

Бір –бірімізді құшақтайық.

-Балалар жақсы, күш қуат жинадық енді орнымызға отырайық мыстан кемпірден Машаны құтқарайық.

№1 тапсырма: «Қызыл және көк текше»

-Дыбыс дегеніміз не? (құлағымыз не естиді сол дыбыстеп аталады, дыбыс әріптердін жиындығы).

-Әріп дегеніміз не? (дыбыстардың таңбасы)

-Дыбыстар нешеге бөлінеді? (екіге).

-Қандай дыбыстар? (дауысты,дауыссыз)

-Дауысты дыбыстарды қандай текшемен?(қызыл)дауыссыз дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?(көк)

-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?(еркін,әндетіп,созып айтамыз).

-Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?(кедергімен айтылады).

№2 тапсырма: «Қарындаш»

-Балалар тақтаға келіп,

-Ұнатқан бір суретті тақтайшаға бейнелеп салыңдар.

-Сен қандай сурет салдың?(мыс: алма)

-Алма деген сөзде бірінші дыбыс қандай?(мыс:А дыбысы,дауысты дыбыс).


Сергіту ойыны: «Ұзын қысқа сөздер»

-Балалар мен ұзын сөз айтқанда қолдарынды жазып көрсетесіндер,ал қысқа сөз айтқанда колдарынды жаймай көрсетесіндер.Мыс:(ұзын сөз қызғалдақ,ойыншықтар т.б.(қысқа сөз ана,тау,шана,су т.б.)

№3 тапсырма: «Қандай сөз жасырынған?» «Дыбыстық талдау».


-Балалар тұңғиықтың тұрғыны туралы жұмбақ жасырамын мұқият тындаймыз: Өзі алып кемедей.

Дауылдан ықпайды

Су шашып,телегей

Мұхиттан шықпайды. (кит)

Дұрыс балалар осы жұмбақтын жауабына кит деген сөзге дыбыстық талдау жасаймыз.Кәне кім тақтаға шығады? ал сендер алдарындағы карточкаға осы кит деген сөзге өздерін дыбыстық талдау жасайсыңдар.

Бірінші дыбыс К дыбысы (дауыссыз дыбыс) Неге дауыссыз дыбыс?(өйткені кедергімен айтылады).

Екінші дыбыс И дыбысы (дауысты дыбыс)

Үшінші дыбыс Т дыбысы(дауыссыз дыбыс).

-Балалар кит деген сөзде неше дауысты,неше дауыссыз дыбыс бар?

(дауысты дыбыс біреу, ал дауыссыз дыбыс екеу, жалпы барлығы үш дыбыс)

-Балалар енді өз беттерінше ана деген сөзге дыбыстық талдау жасаймыз.

№4 тапсырма: «Сөз ойла, тез ойла»

Балалар буындадан сөздер құрайды.



-Балалар қарандаршы біз әр бір тапсырманы орындаған сайын мыстан кемпірдің сиқырлы құлыптары,сиқырлығын жоғалтып ашылды Есік ашылып Маша кіреді,балаларға ризашылығын білдіреді.


№ 5 тапсырма: Ойын: «Ребус» Балалар менің атым Маша, мына ребуста да адамдардығ аттары жасырынған. Балалар, қандай есімдер жасырынған?



Қорытынды: Балалар сендерге сабақ ұнадыма? Біз бүгін сабақта не істедік?

-Балалар бүгінгі сабақта өздерінін жыл бойы алған білімдерін көрсетіп қайталайды.(Мыс: дыбыстар туралы,ережелер айтылады, сөздерді буынға бөледі, дыбыстық талдау жасайды,сөйлем құрастырады және де ойын арқылы өздерінін қоржынынан жиналған мақалдар,тақпақтар,әндер, айтылады.

-Балаларды мақтау мадақтау арқылы шапалақтап көңілді-күйде сабақты аяқтаймыз.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
518
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі