400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Білім еліне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне арналған конспекті
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы:Қатынас

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Білім еліне саяхат

Мақсаты: білім әлемі туралы түсінік беру.

Міндеті: балалардың білімге жолына деген құштарлығын арттыру.

Білімділігі: білімнің өмірлік азық екенін ұғындыру.

Дамытушылығы: балалардың ой-қиялдарын дамыту

Тәрбиелігі: балалардың білімге деген құштарлық сезімін тәрбиелеу.

К/құралдар: мектепке кетіп бара жатқан балалардың суреті

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап

Билингвальдық компонент: білім еліне саяхат-путешествие в город знаний

Іс-әрекет сатылары

Тәрбиешінің басқару іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру

сезімді ояту.

Шаттық шеңбер құру

Балалар бір-біріне қарап жымиып, жылы лебіздерін айтып қуанышқа бөленеді.


Ізденістер.

Ұйымдастыру

Балаларға «Білім» еліне саяхатқа шығатындарын, алдарында қызықты тапсырмалар күтіп тұрғандарын айту.

1. «Әдебиет әлемінде» аялдамасы.

-Қандай өлең, жұмбақ, ертегі білесіңдер?


Тілі бар, үні жоқ,

Өзін адам түсінген.

Жүрегі бар да, қаны жоқ,

Сөйлеп тұрған ішінен.


Жазу жазып жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған.


Қанша болсын бойымыз,

Жазып қойдық жасырмай,

Бойымызға оны біз.


«Бауырсақ» ертегісін әңгімелеп беру.



2. «Әріптер әлемінде» аялдамасы.

-Дыбысты айтамыз, естиміз.

-Әріп - дыбыстың таңбасы. Әріпті жазамыз.

-Балалар, әрқайсысың есімдеріңнің қай дыбыстан басталатын айтыңдар.

-Менің атым-Жандос. Менің атым ж дыбысынан басталады.


Д/о: «Дұрыс айт»

1. Дәрігерге келген бала ауызын кең ашып: «А-а-а», деп айтады.

2. Қыз бала: «А-а-а»,-деп әндетеді.

3. Анасы сәбиін: «А-а-а-а»-деп әлдилейді.

Осындай жұмыстардан кейін болашақта сөз, сөйлем, буын, дыбыс, әріп ұғымдарын меңгеретіндігін айтып түсіндіру.

3. «Математика әлемі» аялдамасында математикалық ұғымдармен, таңбалармен, геометриялық пішіндермен танысады.

1. Балалар оңға дейін санайды.

2. Тәрбиеші геометриялық фигуралардың суретін көрсетеді, балалар айтады. Мысалы: үшбұрыш, төртбұрыш, т.б.


Математикалық есеп:

Ағаш бұтағына 3 торғай қонып отыр. Бір торғай ұшып кетті. Бұтақта неше торғай қалды?

-Балалар, «Білім» елі сендерге ұнады ма? «Білім-сарқылмас қазына» дейді. Өмірде тек білімді ғана емес, қайырымды, мейірімді болу керек. Білімді, тәрбиелі адам Отанының өсіп-өркендеуіне үлесін қосады.


Дәптермен жұмыс:

а) Мереке, білім, мектеп, оқушы, мұғалім, қоңырау деген тірек сөздерді пайдаланып және жетекші сұрақтар арқылы әңгіме құрастыру. Сурет бойынша қойылатын сұрақтар:

1. Балабақшада не үйрендіңдер?

2. Балалар мектепке не үшін барады?

3. Мектепте оқитын баланы кім деп атайды?

4. Мектепте қоңырау не үшін соғылады?

ә) Оқу құралдарымен таныстыру. Осыдан кейін дәптерлеріндегі сөмкеге қажетті оқу құралдарын сызықпен сызып көрсетеді.

б) Дәптерде берілген мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіру, жаттату.



















Кітап





Бор







Сызғыш



Балалар «Бауырсақ» ертегісін әңгімелеп береді



Балалар тапсырманы орындайды



2 торғай







Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды

Әріп, сандар

Білім алу үшін барады

Оқушы деп атайды

Демалу үшін соғылады




Қорытынды-лау. Өзін-өзі бағалау

-«Білім» әлеміне саяхатқа барған ұнады ма?

-Қандай аялдамаларда болдық?

-Мектепке барғыларың келеді ме?


Балалар сұрақтарға жауап береді

Күтілетін нәтиже:

1. Білу керек: мектепке не үшін баратынын білу керек

2.Болу керек: білімге деген құштарлықтары болу керек

3.Үйрену керек: аялдамадағы тапсырмаларды орындап үйрену керек





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
445
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі