400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Білім еліне саяхат»

Материал туралы қысқаша түсінік
Отансүйгіштікке баулап, еліне деген патриоттық сезімін ояту,білімді, дарынды, озық болуға, алған білімдерін қолдана білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қостанай облысы, Қостанай ауданы , Тобыл қаласы «Гүлдер» бөбекжай бақшасы, тәрбиеші Досмухамбетова Кумысай Мухамедгалеевна

Ересек «Бәйшешек» тобындағы интеллектуалдық ойын конспектісі Тақырыбы: «Білім еліне саяхат» Мақсаты: 1. Тәрбиелік: Отансүйгіштікке баулап, еліне деген патриоттық сезімін ояту,білімді, дарынды, озық болуға, алған білімдерін қолдана білуге тәрбиелеу. 2.Дамытушылық:Балаларды заман талабына сай әр саладағы білімдерін кеңейте отырып, білім деңгейін байқау. Ұлттық мәдениет құндылықтарын бойларына сіңіре отырып, тұлғалардың тапқырлығын, шеберлігін, танымдық қабілеттерін айқындау. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қадағалау. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. 3. Оқыту.Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылдыру. Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы, денсаулық, М.Монтессории, Деньеш блоктары, Синквейн, игравизор Ресурстармен қамтамасыз ету:АКТ-музыка қолдану Билингвалдық компонент: білім елі-мир знании, аю - медведь, су - вода Қар - снег ,алма - яблоко ,тұз - соль , ит – собака

Керекті құралдар: тапсырмалар бойынша слайдтар, суреттер, карточкалар, игравизор , әуенді музыкалар , асық,сандық , интерактивті тақта, сыйлықтар, мадақтамалар

Жүргізуші:- Сәлеметсіздер ме, құрметті сайыс қонақтары, балалар. Бүгінгі «Білім еліне саяхат» интеллектуалдық сайысына қош келдіңіздер. «Білімді ұрпақ - ел тірегі»- дегендей бүгін ортаңғы топ балалары арасындағы білім додасын бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысқа қатысушыларды қарсы алайық. Ортаға оң жаққа «Алғырлар», сол жаққа «Білімділер» тобын шақырамыз . Сайысымызды бастамас бұрын «Сәлем сөздің атасы»-деп амандасып алайық Сәлеметсіздер ме, Здравствуйте, гуд мониң Сарапшылар алқасын сайлап алайық (әр бір бөлім бойынша балалардың алған ұпай сандарын санап отырады, ал балалардың әр бөлім бойынша балдары асық арқылы жинақталады) Балалар бәрі бірге: Күніміз шуақты болсын! Аспанымыз ашық болсын! Көк туымыз биік болсын! Елімізде тыныштық болсын!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады
. Жүргізуші: Адам меңгермейтін білім бар ма? Жойқын күшті тындырар күшің барда. Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер Алға қойған мақсатың, ісің барда! – деп сайысымызды бастаймыз. Бүгінгі сайысымыз 4 бөлімнен тұрады: І бөлім «Бәйге» ІІ бөлім «Жеті жұрттың тілін біл.» ІІІ бөлім «Жорға» ІV бөлім «Интеллектум» логикалық ойындар Әр бөлімнің шартымен ойын барысында таныстырып отырамын. І бөлім: «Бәйге» Мықты болсаң - алдағыны басып оз, Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе! Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда! Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп, бәйге сайысына кезек береміз. Бұл бөлімде балалар қойылған сұрақтарға тез және нақты дұрыс жауабын беру керек. Сарапшылар назарына әр дұрыс нақты жауап үшін асық беріледі. Ендеше сендердің білімге деген құштарлықтарыңызды дәлелдейтін «Бәйге» сайысын бастаймыз. Дайынбыз ба?

«Алғырлар» тобына 1. Біз қай Республикада тұрамыз? (Қазақстан Республикасында) 2. Бағдаршамның көздерін ата? (Қызыл, сары, жасыл.) 3. 1 желтоқсан, қыс мезгілі қандай мерекемен басталды? (Президент күні) 4.Ұлттық ойындарды ата (арқан тарту, күрес,бәйге, асық ату, қыз қуу, тенге алу, ) 5.Ойын: « Өз туыңды тап»

6. Алма, алмұрт, жүзім, өрік бұлар нелер, қалай аталады? (жеміс - жидектер) тақтаға көңіл бөлейік 7. Мынау қандай салт-дәстүр? («Бесікке салу») 8. Қасыққа сурет салып ертегі көрсету ,ол не? (қасық театры ) 9.Қыста ұйқыға кететін аң? (аю) Синквейн құра Аю

Қоңыр, үлкен, 3) Ұйықтайды, қорбаңдайды, жүреді,) 4) Аю орман жануары 5) жануар 10. Ойын «Ненің баласы?»( қасқыр, түлкі )

«Білімділер» тобына 1.Қ. Р. Президенті? (Н. Ә. Назарбаев) 2.Республикамыздың бас қаласы қалай аталады? (Астана ) 3.Рәміздерді ата?(ту, елтаңба, әнұран) 4. Ұлттық тағамдарды ата. (Ет нан ,құрт, жент, бауырсақ, қымыз, )

5. Ойын: «Елімнің Елтаңбасын тап» 6.Қияр, сәбіз, қызанақ, қызылша, картоп бұлар нелер, қалай аталады? (көкөністер)

Тақтаға 7. Мынау салт-дәстүр қалай аталады? (тұсау кесу) 8. Құйрығы екіге айырылған құс? (қарлығаш)

9. Сиырдың төлі не?(бұзау) Синквейн құра 1)Бұзау, 2)ала, кішкентай, 3)жейді, мөңірейді, ішеді, 4)Бұзау сиырдың төлі. 5) мал 10.Ойын « Енесін тап» (қой, жылқы, сиыр, түйе, ешкі)

2 бөлім. «Жеті жұрттың тілін біл» Ана тілің - арың бұл, Ұятың боп тұр бетте, Өзге тілдің бәрін біл Өз тілінді құрметте» - деп Қадыр Мырзәлі ағамыз айтқандай, жас өркендердің тіл білімін тамашалайық. Келді кезек жұмбақты шешуге,Жауаптарын екі тілде беруге. Ал бастаймыз, мұқият тыңдаңыздар! Барлықтарыңа сәттілік тілеймін! «Алғырлар» тобына 1. - Қыс бойы жатады, тәтті ұйқыға батады (аю - медведь) 2. - Жылт - жылт етеді, жылғыдан өтеді. (су - вода ) 3. Жайған жастық сөгілді, аппақ мамық төгілді. (Қар - снег )


«Білімділер» тобына

  1. Жұдырықтай қызыл шар, тілді үйірген шырын бал. (алма - яблоко ) 2. Онсыз астың дәмі жоқ, ассыз оның мәні жоқ (тұз - соль ) 3. Жеті қазынаның бірі - адамды күзетіп жүретін досы.(ит – собака )


Сергіту сәті: Дөңгеленіп тұрайық, Керегені құрайық, Уықтардай иіліп, Киіз үйді құрайық.

3 бөлім. «Жорға» бұл бөлімде ойыншы ойын текшесін лақтырады. Қандай сан түседі, соған жауап береді, жауаптары болмаса қарсыластары жауап беріп 2 асықтар алады .

1

2

3

4

5

Күлімдеген күн

  1. Ту туралы өлең оқып бер.

Көк аспандай көгілдір Қазақстан байрағы Тұрса күндей төгіп нұр Жандарымыз жайдарлы



  1. Әнұран туралы Әнұраным, жанұраным Айтар әнім, сөйлер сөзім Туған жерім сағынарым Өмірбақи шырқалады, Республика әнұраным



  1. Отан туралы Отан менің ата-анам Отан досым, бауырым, Отан үлкен Астанам Отан аудан ауылым

  2. Елтаңба туралы Елтаңбасы елімнің Неткен айбат әдемі, Тұнығындай көңілдің Ортада аспан әлемі

5.Балабақша туралы Бала, бала,баламыз Бақшамызға барамыз Күні бойы қызыққа Батамыз да қаламыз

6. жартыжылда жаттаған тақпақтан айтып беру



4 бөлім. «Интеллектум» логикалық ойындар

1.Ойын «Жоқ пішінді тап» -Деньеш блоктары





  1. Ойын «Санмен сәйкестендір»-игравизор

  2. Ойын «Не немен қоректенеді?»М.Монтессори ойыны

Қорыту:1. Қайда саяхат жасадық?

2.Қандай тапсырмалар болды, «бәйге» бөлімінде?

3. Жұмбақтарды қай тілде айттық?

4. «Жорға» бөлімінде қандай тақпақтар айттыңдар?

5. Қандай тапсырмаларды 4 бөлімде орындадық,

Ал енді қандай жетістіктеріміз бар көрейік?

Жүргізуші: Келесі кезекті әділ қазыларға берсек балалардың асығын санайды, марапаттайды.

Қоштасатын кез келді: Сау болыңыз, Досвидание, гуд бай



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
406
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі