Материалдар / Білім еліне саяхат

Білім еліне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға сандар туралы түсінік беру
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Интеграцияланған іс-әрекет «Білім еліне саяхат» Мақсаты: Балалардың қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерту, коммуникативтік-танымдық қабілеттерін дамыту. Өз ойларын ашық айта білуге дағдыландыру.

Міндеті:Балаларды қоршаған ортамен өзара қарым қатынас жасауға үйрету.Білімдерін дамыту.Өз ойларын анық жеткізуге тәрбиелеу. Ресурстар: Қағаздан жасалған доп, фламастерлер, түрлі-түсті оюлар, қазақ үй, құрастырғыштар, ойынға қажетті-құралдар Әдіс-тәсілдер: мүсіндеудің әдіс-тәсілдері (жалпақтау, бастыру), миға шабуыл, қазақ үй әдісі, венн диаграммасы, қар кесегі, зерттеу Қолданылған технология: Ойын, Акт Балалар көңілді әуенмен топқа келеді. Қонақтармен сәлемдеседі. «Көңілді массаж» (көңілді әуен қосылады, тәрбиеші әртүрлі массаж қимылдарын көрсетеді, балалар қайталайды) (дене шынықтыру) Миға шабуыл: Ой қозғауымызды «қар кесегі» әдісі арқылы жасайық. Тәрбиеші қолына қағазды алып, умаждап қар кесегін жасайды. Жасалған қар кесегін лақтырып әр балаға сұрақтар қояды. 1. Қазір жылдың қай мезгілі? 2. Айларын атандар? 3. Бір аптада неше күн? 4. Қане атап беріңдерші? 5. Қай уақытта балабақшаға келесіңдер? 6. Қай уақытта балабақшадан үйге қайтасыңдар? 7. Дыбыс қаншаға бөлінеді? 8. Дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыс қандай түспен белгіленеді?(математика негідері, сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру) Тәрбиеші: Балалар біраз сұрақтарға жауап беріп, миға шабуыл жасап алдық. Енді сендер менімен бірге «Білім еліне саяхатқа» барғыларын келе ме? Балалар, «Білім еліне саяхатқа» бару үшін, қазір бәріміз үлкен шеңбер құрып тұрамыз да, көзімізді жұмып, екі алақанымызды ысқылап 1-10 дейін тура және кері санауымыз керек. (баяу музыка қосылады) Тәрбиеші: -Міне, біз сендермен «Білім еліне саяхатқа келдік». Балалар қараңдаршы, мына жерде үстелдің үстінде тышқан тұр ғой. Ол тышқан жәй тышқан емес екен. Ол сиқырлы және ақылды тышқан екен. Балалар тышқан нені жегенді жақсы көреді (ірімшікті). Бірақ неге тышқанның көңіл-күйі жоқ. Себебі, мысық келіп тышқанның ірімшікке жету жолын шатастырып кетіпті. Тышқан сендерден көмек сұрап тұр. Тәрбиеші: Балалар, не істейміз? Тышқанға көмектесесіңдерме? Ол үшін сендер тышқанның шытырман жолындағы тапсырмаларды орындауларын керек. Алдымен тапсырмаларды орындамас бұрын сендер әр алаңдарға бөлініп алыңдар. Мына түрлі түсті оюларды таңдай отырып, таңдаған түстеріңе қарай алаңдарына барасыңдар? Біздің топтың ұраны: Кел, балалар, ойнайық, Ойнайық та, ойлайық Қандай тапсырма болса да, Шешпей оны қоймайық! 1. «Дыбыстар» алаңы Тапсырма: «Адасқан дыбыстар» Шарты: екі бала экрандағы Венн диаграммасы бойынша сызылып берілген шеңбердің ішіне, адасқан дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратады, қалған екі бала алдыларыңдағы шеңбер сызылған қағазға дауысты және дауыссыз дыбыстарды жапсырып орналастырады.(коммун. дағ, шығар.дағ) (топтық жұмыс, жұптық жұмыс) Тәрбиеші: Балалар сендер дыбыстарды ажыратып, тауып қойдыңдар. Енді осы дыбыстар туралы жаттап келген тақпақтарды айтып беріңдер? Нұрали: Алма қандай тәп-тәтті,

Піспесе ол қап-қатты

Жейді ғой деп балалар,

Бағбан ата баптапты

Жантөре: Барлық бала біледі,

Балық суда жүзеді

Алтын балық ұстасаң,

Не сұрасаң береді.

Айым: Доп деген ол домалақ,

Кетті жолға домалап

Жетеміз деп артынан,

Біз жүгірдік қуалап

Мадина: Атам шөпті орады,

Ай мүсінді орағы

Қолға алып ойнама,

Орақ өткір болады

Марат: Таға деген киелі,

Биік жерге іледі

Тағаласаң атыңды

Мұзда таймай жүреді.

Аминат: Түзу отыр партада,

Сымбатты боп өсесің

Қарай берме артыңа

Сабақ ұқпай кетесің (сөйлеуді дамыту)

2. «Математика» алаңы

Тапсырма: «Ойлан тап, сана және сан таңбасын қой» дид. ойыны

Шарты: балаларға үстелдің үстінде шығарылып қойылған түрлі-түсті сандар беріледі, сандардың арасынан үлкен санға сәйкес сандарды тауып, санға түстес қарындашпен бояйды. Бояған сандарды атап шығады.(таным.дағ)

3. «Зерттеу» алаңы

Тапсырма: «Сиқырлы дыбыстар»

Шарты: балаларға алдарыңдағы тәрелкедегі суға, әріп пен сан жазылған пластмасса қасықты салады. Қасықта жазылып тұрған әріп пен сан судың бетіне қалқып шығады. Судың бетіне қандай дыбыс пен сан шыққаның айтады. (таным.дағ, коммун. дағ, зерттеу) (жеке жұмыс)

4. «Шығармашылық» алаңы

Ойын тапсырма: «Кім жылдам»

Шарты: екі бала ермексазды алып, алақанның ортасына салып жалпақтап, ермексаздың үстіне құрастырғышпен әріптерді бастырып жазады, қалған екі бала құрастырғыштармен әріптерді құрастырады (коммун.дағ, шығар.дағ) (жалпақтау әдісі, бастыру әдісі)

Тәрбиеші: -Жарайсыңдар, балалар сендер тышқанға өте жақсы көмектестіңдер.Тышқанның шытырман жолындағы барлық тапсырмаларды орындадыңдар. Рахмет сендерге балалар!

Рефлекция:

Балалардың алған білімдерін қорытындылау.

Үстелдің үстінде әріптермен сандарды алу үшін, орташа үрленген шарларды шаштарына үйкеп, жақындатады. Әріптер мен сандар шарларға жабысады. Қай баланың шарына, қандай әріп пен сан жабысқаның айтып шығады. Балаларға сұрақтар қойылады.Балалар қатарға тұрып, әріптер жабысқан шарларды ұстап, ән айтады.

Ән: «Оқып біліп үйренеміз»

Балаларды мадақтау.






















Бекітемін:

МДҰ №42 «Айналайын» МКҚК

меңгеруші: Шугаева Н.Г.





Тақырыбы: «Білім еліне саяхат»


















Тәрбиешілер: Әбдісаламова С.К.














2024-2025жыл















































ЖИ арқылы жасау
28 Мамыр 2025
83
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі