Кіріктірілген оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту, математика негіздері.
Сабақтың тақырыбы: «Білім Ханшайымының» тапсырмасы.
Мақсаты: Осы кезге дейінгі өткен білімдерін тиянақтау. Жыл мезгілдерін толық білулеріне мүмкіндік беру. Геометриялық пішіндер құрастырып жапсыру. Өткен сандарды қайталау балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Тапқырлыққа баулу. Қойылған сұрақтарға нақты жауап беру, бір-бірін тыңдай білу қабілетін қалыптастыру. Есте сақтау қабілетін қалыптастыру.
Дамытушылық мәні: Өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру, ойлау қабілетін, сабаққа қызығушылығын дамыту.
Көрнекілік құралдар : Жыл мезгілдерінің суреттері, геометриялық пішіндер, сандар, жануарлардың муляждары.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ-жауап, үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Сабақтың барысы: Шаттық шеңбер
Қайырлы таң, Алтын күн!
Қайырлы таң, Көк аспан!
Қайырлы таң, Жер Ана!
Қайырлы таң, қонақтар!
Қайырлы таң, достарым!
Балалар енді бір-бірімізге жүрегімізден шыққан жылы тілектерімізді жеткізейік.
1.Аспанымыз ашық болсын.
2.Нанымыз көп болсын.
3.Деніміз сау болсын.
4.Еліміз тыныш болсын.
5.Әрқашан күн сөнбесін т.с.с
Жарайды балалар орнымызға жайғасайық.
Тәрбиеші:-Қане балалар бір жылда неше жыл мезгілі бар?
Балалар: Бір жылда төрт жыл мезгілі бар.
Тәрбиеші: -Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қазір жылдың қыс мезгілі.
Тәрбиеші:-Қыс мезгілінде болатын табиғат ерекшеліктері туралы кім айтады?
Балалар: Қыста қар жауады, аяз болады т.с.с
Тәрбиеші: Балалар қыс мезгілі туралы кім шағын тақпақ айтады?
Балалар: Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
Тәрбиеші: Балалар қыс мезгілінен кейін қандай жыл мезгілі?
Балалар: Қыс мезгілінен кейін көктем мезгілі.
Тәрбиеші: Ал, енді балалар көктем мезгілінің табиғат ерекшеліктерін кім айтады?
Балалар: Күн жылына бастайды, ағаштан бүршік атып жапырақтар шығады. Құстар қайтып ұшып келеді.
Тәрбиеші:Көктем туралы тақпақ.
Балалар:Көктем келді қуантып,
Сай салаға су толды.
Құстар ұшып келгенде,
Барлық бала мәз болды.
Тәрбиеші:Балалар көктем мезгілінен кейін қай мезгіл келеді?
Балалар:Жаз мезгілі келеді.
Тәрбиеші: Ал, енді балалар жаз мезгілінің табиғат ерекшеліктерін кім айтады?
Балалар: Жазда күн ыссы, теңізге шомылуға барамыз.
Тәрбиеші: Жаз мезгілі туралы тақпақты ........ сен айта қой.
Балалар: Жаз келді жадырап,
Ағаштар гүлдеді.
Жаңбыр жауып нөсерлеп,
Жер-ана көкке бөленді.
Тәрбиеші: Жарайсың. Жаз мезгілінен кейін қай жыл мезгілі келеді. Балалар: Күз мезгілі келеді. Тәрбиеші: Күз мезгілінің табиғат ерекшеліктерін кім айтады? Тәрбиеші: Күз мезгілінде ауа-райы салқындайды, жапырақтар сарғайып жерге түседі, жаңбыр жауады. Тәрбиеші: Күз туралы тақпақ кім айтады? Балалар: Алтын, сары, қызыл, көк, Алуан алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап.
Ғажайып сәт: Есіктен Білім Ханшайымы кіреді. Балалармен амандасады.
-Балалар мен балабақшаларды аралап өздеріңдей балалардың білімін тексеріп келе жатқан Білім Ханшайымы боламын. Мен сендердіңде білімдеріңді тексеруге келдім. Менің тапсырмаларымды орындайсыңдарма?
Балалар:-Ия орындаймыз.
Білім Ханшайымы: Ендеше тапсырмаларды апайларыңа берейін де менде сендерді тапсырмаларды қалай орындайтындарыңа қарап отырайын.
1-тапсырма: 1) 1 ден 5 ке дейін санды үш тілде айту.
2) «Қай сан жоқ?» дидактикалық ойын.
3) Логикалық есептер: Дүкеннен анам екі доп алып келді, біреуін ініме бердім, менде нешеуі қалды? Бағдаршамның неше көзі бар? Қоянда неше құлақ бар? Бір қолда неше саусақ бар? Сергіту сәті:
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел санайық, екеуміз.
Бас бармағым - папам,
Балаң үйрек - апам.
Ортан терек - ағам
Шылдыр шүмек - мен
Титтей бөбек - сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
2-тапсырма: «Сиқырлы қапшықта не бар?» дидактикалық ойын. Қапшықтағы жануарлардың қандай жануар, қайда мекендейтінін айту.
3-тапсырма: Геометриялық пішіндерді ата: Дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш.
Геометриялық пішіндерден бейнелер құрастырып жапсыру.
-Балалар машина, үйшік, аққала құрастырып жапсырады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар барлық тапсырмаларды орындадыңдар.
Білім Ханшайымы:
-Жарайсыңдар балалар өте керемет, тапқыр балалар екенсіңдер. Сендердің білгірліктеріңе дән риза болдым, мені басқа балалар күтіп отырған болар, соларға барайын. Сау болыңдар!–деп балаларды мадақтап шығып кетеді.
Тәрбиеші: Балаларды мадақтап, қорытындылап, келген қонақтарға сау болыңыздар деп аяқтайды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Білім Ханшайымның тапсырмалары

шағым қалдыра аласыз