Сыныбы: 5 -
9
Тақырыбы: «Білім жұлдызы»
сайысы
Мақсаты: Оқушылардың меңгерген білім
деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін
жетілдіру, білімді.жан-жақты болуға үйрету.
Оқушылардың алған білімдерін
саралап, жан-жақты толықтыру. Оқушылардың арасынан озық ойлы білім
жүйрігін анықтау. Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі
тұлғаны тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сайыс жоспары, нақыл
сөздер.
«Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық
пен білім қажет» Ш.Уәлиханов.
Түрі: сайыс
Сайыс
барысы:
- Армысыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы
сайыскерлер!
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз.
Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші
боламыз. Сондықтан да бүгінгі «Білім жұлдызы» сайысына қош
келіпсіздер! Сайысқа келіп отырған оқушыларымыздың жолы ақ мол
болсын, жүлделі орыннан көрінсін деген тілекпен, сайысымызды
бастауға рұқсат етіңіздер.
Достық пен бірлікті етіп
тұлға,
Жеңіске жеткен едің талай
сында.
Қара қылды қақ жарып әділ
қазым,
Еңбегін тапқырлардың әділ
сына, – деп әділ қазы алқаларын сайлап
алайық.
Алдымен сайысымызды бастамас бұрын сайыскерімізді таныстырып
өтейік.
Сайыс
жоспары:
1-бөлім- «Кім білімді?»
2-бөлім- «Полиглот»
3-бөлім- «Ғажайып алаң»
4-бөлім- «Кім тапқыр?»
1-бөлім «Кім
білімді?» Оқушыларға ортақ 10 сұрақ
беріледі. Барлық 10 сұраққа 2 минут, әрбір дұрыс жауапқа 10
ұпай)
Сұрақтар:
1. Қазақтың ұлы ақыны? (Абай Құнанбаев)
2. Жүз жасаған ақын? (Жамбыл)
3. «Менің атым Қожа» кімнің әңгімесі? (Б. Соқпақпев)
4. Қашан мемлекеттік рәміздер бекітілді? (1992 жыл 4 маусымда)
5. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер? ( Мәншүк пен Әлия)
6. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды? (1991 жылы 16
желтоқсан)
7. Ата Заңымыз қашан қабылданды? (1995 жыл 30 тамызда)
8. ҚР тудың авторы кім? Шәкен Ниязбеков
9. ҚР елтаңба авторы
кім? Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман
Уәлиханов.
10. ҚР гимн авторларын
атаңыз. Сөзі: Жұмекен
Нәжімеденов, Нұрсұлтан
Назарбаев
Әні: Шәмші
Қалдаяқов
Келді кезек «Полиглот»
шешуге,
Жауаптарын беруге үш тілдерде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
Жақсы баға шәкірт саған несібе.
2- бөлім
«Полиглот». Оқушыларға 15 сұрақ
беріледі. (Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай, 5 минут уақыт
беріледі.)
1. Кең әлемді кернейді, бірақ көзің көрмейді. /ауа, воздух, air
/
2. Құрғақ жерде сақтайсың, онсыз тамақ татпайсың./тұз, соль, sait
/
3. Қыздырып соқсаң иленеді, балға мен төстен именеді./темір,
железо, iron /
4. Нан бар жерде... бар./ән, песня, song/
5. Көп сөз көмір, аз сөз... /алтын, золото, gold /
6.... ішкен құдығыңа түкірме./су, вода, water/
7. Мал патшасы... /жылқы, лощадь, horse /
8. Қазақтардың қасиетті саны... /жеті, семь, seven /
9. Айбат шегер алыстан, Аң патшасы.... /арыстан, лев, Leon/
10. Жүздің көркі – көз, ауыз көркі — ……/сөз – слово- word/
11. Тамшы тас жарады, тас жармаса …… /бас- голова- head/
12. Өнер алды – қызыл ……… /тіл – язык — tongue/
13. Жақсы байқап сөйлер, ………. шайқап сөйлер. /жаман – плохой-
bad/
14. …………. жылатып айтар. Дұшпан күлдіртіп айтар /дос-
друг-friend/
15. Алыстан қарасам аппақ. Татып
қарасам тәтті-ақ. /қант-сахар-shugar/
Көрермен жиналған бұл
тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білгірлер мен талаптыға.
3-бөлім «Ғажайып алаң». Сұрақтар
беріледі. (Әрбір дұрыс жауапқа 10
ұпайдан беріледі )
1. 50 санының көршілерін ата 49 және 51
2. Сыныпта барлығы 23 оқушы бар. Оның 10 - ы қыз бала, Қалғаны
ұлдар. Ұлдар нешеу? 13 ұл
3. Мұнайды қалай өндіреді? бұрғылау арқылы
4. Өсімдікті топыраққа бекітіп тұратын мүше? тамыр
5. Теңіздің суы қандай? Ащы
6. Қай ағаш бір жазда 2000 литр суды буландырады? (терек)
7. Ұлттық теңгеміз қашан айналымға шықты.( 1993 жыл 15 қараша.)
8.Жаңа туған нәрестенің ең алғашқы көйлегі. (Ит көйлек)
9. Түйе сүтінен жасалатын емдік сусын. (шұбат)
10. Жаңа зат сатып алған адамға не береді? байғазы
11. Қуанышты хабарды айтпас бұрын не сұрайды? Сүйінші
12. Сәби алғаш қаз тұра бастағанда жасалатын дәстүр тұсаукесер
13. Ағаңның келіншегі саған кім болады? жеңге
14. Жаңа көшіп келген көршіге берілетін ас. ерулік
15. Киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі қалай аталады? шаңырақ
16. Жылқының төлін не деп атайды? Құлын
17. Шахмат тақтасында неше тор
көз бар? 64
18. Боксшылар қай жерде күш сынасады? рингте
19. Олимпиада чемпионы атанған қызылордалық
зілтемірші Илья Ильин
20.Футболда 1 тайм неше минутқа созылады? 45
мин
21.
Волейболды барлығы неше адам ойнайды? 12 адам
22.
Хорды кім басқарады? дирижер
23.
Әнде әр шумақтан соң қайталанады.
қайырма
24.
Ежелгі адамдардың ең алғашқы кәсібі?
Терімшілік
25. Біздің заманымызға жеткен ежелгі
мерекенің бірі Наурыз
мейрамы
4-бөлім «Кім
тапқыр?» (Әріптер сөйлейді, оқушылар
әріптерді таңдайды, әріпке сай сұрақтар беріледі. Әр сұраққа 1 ұпай
беріледі.)
А- қазақтың ұлы ақыны.(А.Құнанбайұлы)
Ә- алғашқы оқулық.(Әліппе)
Б- қазақтың батыры.(Бөгенбай батыр)
В- Семирамиданың аспалы бағы қайда орналасқан.(Вавилон
каласында)
Г-құрылыс материалдарының бірі(Гранит)
Ғ- Т.Әубәкіров кім?(Ғарышкер)
Д- «Витамин»сөзінің аудармасы.(Дәрумен)
Е- қызыл кітапқа тіркелген жануар? (Елік)
Ё- «Шырша» сөзінің аудармасы. (Елка)
Ж- Бурабайдағы көлдің ортасындағы тас. (Жұмбақтас)
З-үлкен, дәу сөздерінің синонимі. (Зор)
И- тігінші құралы (Ине)
Й- қоңыр түсті дәрі (Йод)
К- қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.(Көкпар)
Қ- атақты күйші(Құрманғазы)
Л- ешкінің төлі.(Лақ)
М- күнге ең жақын орналасқан планета? (Меркурий)
Н-ас атасы -… (Нан)
О- Батыс Қазақстандағы қала.(Орал)
Ө- тілсіз жау-… (Өрт)
П- өлеңмен жазылған шығарма.(Поэма)
Р- Көрші мемлекеттердің бірі(Ресей)
С- тілдің негізі не?(Сөз)
Т- үш бидің бірі.(Төле би)
У- Киіз үй бөлшектерінің бірі.(Уық)
Ұ- Абайдың атасы кім?(Ұлжан)
Ү- алғашқы адамдардың баспанасы не болды(Үңгірлер)
Ф- Әл-Фараби кім?(Философ)
Ч- Крокодил Генаның досы.(Чебурашка)
Ш- тудың авторының есімі.(Шәкен Ниязбеков)
Ы- «посуда» сөзінің аудармасы.(Ыдыс)
І- қарға « қарқ»дегенде аузынан не түсіп кетті?(Ірімшік)
Э- Н.Ә.Назарбаев қай ғылымның докторы?(Экономика )
Ю- «Киіз үй» сөзінің аудармасы.(юрта)
Я- су көлігі(яхта)
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділбағасын береді
деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Болмасын ешбір сын – өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке!
Енді әділқазы алқасының мүшелері бүгінгі байқауда озып шыққан
балаларға мақтау қағазы мен сыйлықтарын табыс етеді.
Осымен «Білім-инемен құдық қазғандай» сайысы аяқталды. Бәріңізге де
көңіл қойып көргендеріңіз, тыңдағандарыңыз үшін көптен - көп
рахмет.