Білім керек бәріне

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім керек бәріне

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар 3 сынып Әдебиеттік оқу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сынып: 3

Мектеп: «І.Жансүгіров атындағы орта мектеп» КММ

Машықкердің аты-жөні: Муқанова Аружан

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Білім керек бәріне

Оқу мақсаттары

3.2.1.2 – шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып,

түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан

бағалап оқу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманың мазмұнын түсініп оқи алады;

Көпшілік оқушылар: сұрақтарға жауап бере алады;

Кейбір оқушылар: өлеңді мәнерлеп жатқа оқи алады,

Бағалау критерийлері

  • Өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды.

  • Шығарма мазмұны бойынша бағалау сұрақтарын қояды;

Тірек сөздер

Ғажап, таңдандырар,тауды бұзып,тас жарып

Құндылықтарды дарыту

Топтық, жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру. Өмір бойы білім алу, ашықтық құндылықтарды насихаттау.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, дене шынықтыру

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игеру

Өлеңді мәнерлеп оқиды, сұрақтар құрастыра алады


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Армысың, досым,

Кел, маған қосыл.

Алақанға салып алақан,

Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды)

Жер шарындай айналып,

Әлемге жарық шашайық (айналады).

Қолымызды көтеріп, күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).

Ортамызда күн нұры,

Құшаққа оны алайық (құшақтасады).


Топқа бөлу:

1-топ «Сары гүлдер»

2-топ «Көк гүлдер»

3-топ «Қызыл гүлдер»













Оқушыларды топтарға бөлуге арналған гүлдің суреттері



Сабақтың ортасы


30 минут





































































Тақырыпты ашу

«Топтастыру» әдісі

Прямая со стрелкой 19

Прямая со стрелкой 11 Прямая со стрелкой 15

БілімПрямая со стрелкой 16

Прямая со стрелкой 18


- Біз мектепке не үшін келеміз?

- Білім алу үшін

- Білім бізге не үшін керек?

- Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Білім керек бәріне» деп аталады.


1-тапсырма. Мақалды түсіндір

  • Оқусыз білім жоқ

Білімсіз күнің жоқ


Танысу

Фариза Оңғарсынова (1939-2014)-ақын, журналист, мемлекет және қоғам қайраткері. Атырау облысы, Исатай ауданы, Манаш ауылында туған. Көптеген жыр жинақтардың авторы. «Үйім - менің Отаным» және т.б. жыр жинағы балаларға арналған

Өтебай Тұрманжанов (1905-1978) – балалар жазушысы, аудармашы. Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Балаларға арналған «Қарлығаш», «Жауқазын» және т.б жыр жинақтары бар.


Тыңдалым. 

2-тапсырма. Өлеңді тыңда.«Білім керек бәріне»

Оқылым.

  • Мәнерлеп оқу.

  • Тізбектей оқу.

Өлеңдегі түсініксіз сөздерді түсіндіру

- Өлеңдегі автордың айтайын деген ойы қандай?

Саралау: Кейбір оқушыларға өлеңді жеке оқуға болады.

ҚБ: «Жұлдызша»


3-тапсырма

  • (МК;Ж;ҚБ) Сұраққа жауап «Қар кесегі» әдісі.

1. Шығарма мазмұны бойынша топ ішінде әр жұп бағалауға негізделген сұрақтар дайындап, келесі топтарға сұрақтарын лақтырады.

2. Қағып алған топ мүшелері сол сұрақтарға жауап береді.

3. Сұрақтардың жауабын шығармадан табады.

- Білім не үшін керек?

- Білімді болу үшін не істеу керек?

- Қазір білімсіз өмір сүруге бола ма?

ҚБ. «Жарайсыңдар!», «Өте жақсы», «Керемет!» сөздерімен мадақтау арқылы бағалау


Сергіту сәті

4-тапсырма

(МК; Ө; ҚБ) «Поэзия минуты» әдісі арқылы «Білім» өлеңін мәнерлеп оқушыларға оқыту.

Саралау. Тапсырма арқылы саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кейбір оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқуда екпіннің дұрыс қойылуын, дауыс ырғағын көрсету қажет болады. Дайындалуға қосымша уақыт беріледі. Мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі.



5-тапсырма. Жазылым

(Ө; Ж) «Еркін жазу» әдісі «Білім деген -байлық» тақырыбына өз ойларын жазады. Жұмысты жеке жазуға уақыт беріледі. Жұпта талқылайды, бір – бірінің жұмысын талдайды. «Ыстық орындық» әдісі арқылы топ алдында өз жұмысын оқиды.

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»

Топтарды бағалау үдерісінде екі жұлдыз және бір тілек айтамын.

Екі жұлдыз – жұмыстарында ерекше ұнағаны

Бір тілек - жақсартуға болатыны

6-тапсырма.

(Т) Сәйкестендір. Оқушыларға мақалдар таратылады. Топ болып мақалдарды құрастырып, мағынасын түсіндіреді.

Білім өмір

дүние жарық

Оқу инемен

кәріп

Білімдіге

құдық қазғандай

Білімсіздің күні

шырағы

ҚБ: «Бір-бірін бағалау» Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды. Өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды.








































жұлдызшалар






























Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия: «Бес саусақ» әдісі

1.Бас бармақ-басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

2.Балалы үйрек-бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым?

3.Ортан терек-ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

4.Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

5.Кішкентай бөбек-көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім

Үй жұмысы: 8 тапсырма. Ө.Тұрманжанов «Білім» өлеңін жаттау



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.01.2021
563
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі