400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

"Білім керек бәріне" Ф. Оңғарсынова

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ф.Оңғарсынова «Білім керек бәріне»

Оқу мақсаттары

Мәтінді рөлге бөліп оқу,

Дауыс ырғағы мен интонацияны сақтау,

Өлеңді жаттау,

Ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысу.

Сабақ мақсаттары

Шығарманы түсініп оқиды

Бағалау критерийлері

Өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды

Шығарма мазмұны бойынша бағалау сұрақтарын қояды;

Орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады;

Сөйлемдерді қатесіз, сауатты жазады.

Тірек сөздер

Ғажап, таңдандырар,тауды бұзып,тас жарып

Құндылықтарды дарыту

Білім алу құндылықтарын насихаттау.

Пәнаралық байланыстар

Сөйлемнің тыныс белгілері, сөздердің дұрыс жазылуы, сөйлемдегі сөздердің байланысы арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

үнтаспа

Алдыңғы білімді игеру

Өлеңді мәнерлеп оқиды, сұрақтар құрастыра алады, сөздердің дұрыс жазылуына біледі.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

Топтарға бөлу:
Кәмпиттерді таңдау арқылы топтарға бөліну

Кәмпиттер

Сабақтың ортасы


6-8минут








9-15минут













16-19минут

















20-25минут










26-33 минут












34-35 минут



Танысу

Фариза Оңғарсынова(1939-2014)-ақын,журналист,мемлекет және қоғам қайраткері

Прямая со стрелкой 2

«Прямая со стрелкой 1 Топтастыру»әдісі

Топтастыру әдісі арқылы Фариза Оңғарсынованың өмірімен танысу

1-тапсырма

(Ө) Ф.Оңғарсынова «Білім керек бәріне» өлеңін мұғалім дауыстап оқиды. Өлеңді оқушыларға оқуды тапсырыңыз. Барлық оқушы өлеңді оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделеуге жұмыс жүргізіледі. Мысалы, түсініксіз сөздер түсіндіріледі. Оқушылардың өз ой мен пікірін пысықтау үшін немесе автордың айтайын деген ойын анықтау үшін өлеңді қайта шолу тапсырылады.

Саралау: Қабілеті төмен оқушылар өлеңді оқуға қосымша уақыт беруге болады.

ҚБ «Смайликтер»

Жақсы жұмыс жасаған топқа смайликтер тарату


2-тапсырма Жұппен жұмыс

  • Сұраққа жауап (ЖЖ)

1. Шығарма мазмұны бойынша топ ішінде әр жұп бағалауға негізделген сұрақтар дайындап, келесі топтарға сұрақтарын лақтырады.

2. Қағып алған топ мүшелері сол сұрақтарға жауап береді.

3. Сұрақтардың жауабын шығармадан табады.

-Білім не үшін керек?

-Білімді болу үшін не істеу керек?

-Қазір білімсіз өмір сүруге бола ма?«

ҚБ «Жұлдызшалар»

Жақсы жұмыс жасаған жұпқа жұлдызшалар тарату


3-тапсырма

Өлеңді оқушыларға мәнерлеп қатесіз оқыту.


4-тапсырма (дәптермен жұмыс)

(Ө; Ж) «Ойтолғау» әдісі Білім тақырыбына өз ойларын жазады.Жұмысты жеке жазуға уақыт беріледі. Жұпта талқылайды, бір – бірінің жұмысын талдайды.

Өз жұмыстарын оқиды, жұп бойынша алмасып бірін бірі тексереді.

ҚБ «Пікір»

Топтарды бағалау үдерісінде пікір айтамын.

Оларды мақтап, мадақтаймын.

5-тапсырма

Мақалды жалғастыр.

Білім өмір шырағы , .....

Оқу инемен ......

Білімдіге......

Білімсіздің күні........

Оқушыларға мақалдар таратылады. Топ болып мақалдарды жалғастырып , мағынасын түсіндіреді. Мақалды өмірмен байланыстырады.



Оқушыларды бағалау.

Фариза Оңғарсынованың суреттері






































































Сабақтың соңы

36-40минут

«Бес саусақ»әдісі

1.Бас бармақ-басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

2.Балалы үйрек-бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым?

3.Ортан терек-ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

4.Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

5.Кішкентай бөбек-көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім

Қосымша 6

Саралау

1-тапсырмада тапсырма арқылы саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушылар өлеңді оқуға қосымша уақыт беруге болады.

3-тапсырмада

Тапсырма арқылы саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кейбір оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқуда екпіннің дұрыс қойылуын, дауыс ырғағын көрсету қажет болады. Дайындалуға қосымша уақыт беріледі. Мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі.

4-тапсырмада

Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, әрүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушылар сөз тіркестерін жазуы мүмкін. Қабілеті төмен оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады. Кейбір сөздердің жазылуына мұғалім қолдау көрсетеді.

Бағалау

«Жұлдызша» әдісі

«Жарайсыңдар!», «Өте жақсы»,«Керемет!» өздерімен мадақтау арқылы бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

«Бір-бірін бағалау»әдісі

Дескриптор


  • Өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды.

  • Шығарма мазмұны бойынша бағалау сұрақтарын қояды;

  • Орфографиялық, пуктуациялық қателерді табады;

  • Сөйлемдерді қатесіз, сауатты жазады.


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топпен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия



Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
636
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі