400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Білім күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Білімнің бастауы - балабақшада» Тәрбие сағатының мақсаты: Білімділік: Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында және Қазақстан Республикасы жайында, рәміздері, елбасы Қасымжомарт Тоқаев жайлы түсінік беру. Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құрай білуге, тақпақтардың мағынасын түсініп айта алуға және ойын ойнау барысында оқу құралдарын ажырата алу, атауларын дұрыс атай алуға үйрету. Тәрбиелік: Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына, достарына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітемін:

«Успех- GOLD-8» ЖШС

«Асыл бесік» балабақшасының

меңгерушісі

_________А. Мамырбаева

«___» _____2022 жыл











1-қыркүйек – білім күні

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Білімнің бастауы - балабақшада»

«Балапан» орта тобы






Тәрбиеші: Тилейхан Катила

Мұхатова Ж.С.









Өскемен қаласы - 2022-2023 оқу жылы

1-қыркүйек – білім күні

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Білімнің бастауы - балабақшада»

Тәрбие сағатының мақсаты:

Білімділік: Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында және Қазақстан Республикасы жайында, рәміздері, елбасы Қасымжомарт Тоқаев жайлы түсінік беру.

Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құрай білуге, тақпақтардың мағынасын түсініп айта алуға және ойын ойнау барысында оқу құралдарын ажырата алу, атауларын дұрыс атай алуға үйрету.

Тәрбиелік: Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына, достарына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекі-құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері, Балабақша суреттері, дыбыс бағанасы (әнұран айтқызуға)

Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, сұрақ-жауап.                                                Барысы: І. Кіріспе бөлім.

Естігенде көк аспанның астында,
Тік тұрындар айтылғанда Әнұран.
Бар қазақтың үніндей шарықта,
Шарықташы, Әнұраным, шарықта!
Мемлекеттік әнұранды орындау.


Тәрбиеші: Шаттық шеңбері:

Жаңа қадам жасадым,

Қош болып тұр, бесігім.

Мен қуанып ашамын,

Балабақша есігін.


Тәрбиеші: Құрметті тәрбиешілер! Қымбатты балалар, ата-аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын!


Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналады. 1-ші қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. 1-қыркүйек барша қалықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар, тәрбиешілер үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді).

Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер.

Ендеше балалар Қазақстан Республикасының рәміздері жайында біліп алайық. Мынау тақтадағы ненің суреттері? (балалардың жауабын тыңдау)

Тәрбиеші: Дұрыс, әнұран, елтаңба, ту.

Балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз?

Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Тәрбиеші: Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті кім?

Балалар: Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев.

Тәрбиеші: Өте жақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қалада?

Балалар: Қазақстан Республикасының елордасы Нұр-Сұлтан қаласы.

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Айтыңдаршы, біз қай қалада туып, өмір сүріп жатырмыз?

Балалар: Біз Өскемен қаласында туып, өмір сүріп жатырмыз.

Тәрбиеші: Балалар, айтыңдаршы, біздің балабақшамыздың аты қалай?

Балалар: «Асыл бесік» балалар бақшасы.

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Сендер өздеріннің Республикаларын, рәміздер жайында, елорда жайында барлығын білесіңдер. Жарайсыңдар!

ІІ. Негізгі бөлім.

Ендеше біз бүгінгі мерекеге арналған өлең тақпақтарымызбен оқу іс-әрекетімізді жалғастырайық.

Тәрбиеші: Бүкіл елде басталып бүгін жыры,
Бақ қоңырау шақырар ұғымдыны.
Білім - ғылым бастауы, мерекелі
Құтты болсын бүгінгі Білім күні! (шапалақ).

Ойын: «Оқу құралдарын ата және ажырат»

Мақсаты: Оқу құралдарын атай алуға, ажырата білуге, ойын барысында шыдамдылық таныта білуге үйрету.

Шарты: Оқу құралдары мен ойыншықтардың ішінен оқу құралдарын тауып партаға қою және атауларын айта алу.

Батырхан: Жымыңдап күз келді,
Күліңіз сіз де енді.
Бірінші қыркүйек
Қарсы алшы біздерді!

Адина: Өсті міне бойымыз,

Өсті міне ойымыз.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын мерекеміз.


Дария: Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай мәпелеп,
Өсіруде бақшамыз.

Жансу: Бұл - екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз - осы үйдің гүліміз
Біз - осы үйдің сәніміз.


Тәрбиеші: енді балалардың мақал-мәтелдерін тыңдап көрейік.

Перизат: Кітап- білім бұлағы,

Білім – өмір шырағы.


Алдияр: Ақыл азбайды,

Білім тозбайды.


Амир: Оқы да біл,

Ойна да күл.


Ералы: Білім күні құтты болсын!


Тәрбиеші: Сергіту сәті.

Күндей болып күлеміз,

Гүлдей болып өсеміз.

Құстай болып ұшамыз,

Көбелектей қонамыз.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Шырылдаған тыным алмай
Қоңыраудың үні қандай!
Мақсатына жете ме адам
Оқу оқып, білім алмай?!
Ғылымның көп тас қамалы
Ғалымдық та асқаралы
Бар білімнің нұр бастауы -
Балабақшадан басталады!


Ойын: «Кім жылдам?»

 Мақсаты: Оқу құралдарын атай алуды тиянақтау. Балаларды шапшаңдыққа, алғырлыққа баулу. Бір-бірлеріне сыйластыққа тәрбиелеу.

Шарты: Ортаға оқу құралдарын қоямыз қатысушылар билеп жүреді музыка өшкенде әр-қайсысы бір-бірден алу керек. Ойынның шарты бойынша бір кегля жетпей қалады. Жетпей қалған ойыншы ойыннан шығып отырады.

Тәрбиеші: Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті оқу іс-әрекеттеріміз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды. Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз. Бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқандарың үшін көп рахмет. Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!

Бүгінгі 1-ші қыркүйек – білім күніне арналған оқу іс-әрекетеміз осымен аяқталды.

Тексерді:

«Успех-GOLD-8» ЖШС

«Асыл бесік»

балабақшасының әдіскері:

Рашова А.М.__________

























Shape1

Shape2





Shape3





Shape4





Shape5

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
287
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі