Тақырыбы: «1-қыркүйек – білім күні».
Мақсаты: Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.
Көрнекі-құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері,суреттер.
Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, сұрақ-жауап.
Барысы:
І. Кіріспе бөлім.
Мемлекеттік әнұранды орындау.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі сабағымыз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1-ші қыркүйек күні барлық балалбақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді).
Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер.
Балалар, біз ересек тобында оқу оқығанда біздің Қазақстан Республикасының рәміздері жайында білім алғанбыз, ендеше есімізге түсірейікші, біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз.
(балалардың жауабын тыңдау)
Тәрбиеші: Дұрыс, әнұран, елтаңба, ту.
Балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз?
Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Тәрбиеші: Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші: Өте жақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қалада?
Балалар: Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласы.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар.Айтыңдаршы, біз қай қалада туып, өмір сүріп жатырмыз?
Балалар: Біз Арқалық қаласында туып, өмір сүріп жатырмыз.
Тәрбиеші: Балалар, айтыңдаршы, біздің балабақшамыздың аты қалай?
Балалар: «Алпамыс» бөбекжайы.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Сендер өздеріннің Республикаларын, рәміздер жайында, елорда жайында барлығын білесіңдер. Ал, балалар, енді бізге Жансұлтан атты баламыз Отан туралы тақпақ айтып бергісі келеді.
ІІ. Негізгі бөлім.
Дания:
Отанды біз атамекен деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен,бабамыз бен атамыз.
Отанды әркім анасындай, қастерлейді бағалап
Өйткені Отан анасындай, бізді өсірер аялап.
Тәрбиеші: Міне, осындай тату тәтті, бақытты мелекетте біз өмір сүріп жатырмыз. Ендеше біз бүгінгі мерекеге арналған өлең тақпақтарымызбен сабағымызды жалғастырайық.
Ойын: «Менің Отаным Қазақстан».
Мақсаты: Сурет қиындыларын құрастыру және берілген суреттердің көлеңкесін табу.
Кім маған балабақша туралы тақпақ айтып береді.
Айша:
Сәлем саған балабақшам, алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие, ой санама еккенің.
Азиз:
Балабақшам – айтар әнім, сан рет қайталадым.
Өзіңнен алғанымды, өзіне қайтарамын.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Тәрбиеші: Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті іс-әрекетіміз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды.
Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз деген мақсатпен балабақшаларыңа келулеріңе тілектеспін. Бүгінгі оқу қызметіне жақсы
қатысқандарыі үшін көп рахмет. Бүгінгі 1-ші қыркүйек – білім күніне арналған оқу қызметіміз осымен аяқталды.
Отанды сүю – отбасынан басталады.
Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
Отан үшін күрес – ерге тиген үлес.
Ел іші – алтын бесік.
Отан оттан да ыстық.
Отанды сүю – отбасынан басталады.
Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
Отан үшін күрес – ерге тиген үлес.
Ел іші – алтын бесік.








жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Білім күні"
"Білім күні"
Тақырыбы: «1-қыркүйек – білім күні».
Мақсаты: Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.
Көрнекі-құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері,суреттер.
Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, сұрақ-жауап.
Барысы:
І. Кіріспе бөлім.
Мемлекеттік әнұранды орындау.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі сабағымыз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1-ші қыркүйек күні барлық балалбақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді).
Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер.
Балалар, біз ересек тобында оқу оқығанда біздің Қазақстан Республикасының рәміздері жайында білім алғанбыз, ендеше есімізге түсірейікші, біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз.
(балалардың жауабын тыңдау)
Тәрбиеші: Дұрыс, әнұран, елтаңба, ту.
Балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз?
Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Тәрбиеші: Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші: Өте жақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қалада?
Балалар: Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласы.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар.Айтыңдаршы, біз қай қалада туып, өмір сүріп жатырмыз?
Балалар: Біз Арқалық қаласында туып, өмір сүріп жатырмыз.
Тәрбиеші: Балалар, айтыңдаршы, біздің балабақшамыздың аты қалай?
Балалар: «Алпамыс» бөбекжайы.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Сендер өздеріннің Республикаларын, рәміздер жайында, елорда жайында барлығын білесіңдер. Ал, балалар, енді бізге Жансұлтан атты баламыз Отан туралы тақпақ айтып бергісі келеді.
ІІ. Негізгі бөлім.
Дания:
Отанды біз атамекен деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен,бабамыз бен атамыз.
Отанды әркім анасындай, қастерлейді бағалап
Өйткені Отан анасындай, бізді өсірер аялап.
Тәрбиеші: Міне, осындай тату тәтті, бақытты мелекетте біз өмір сүріп жатырмыз. Ендеше біз бүгінгі мерекеге арналған өлең тақпақтарымызбен сабағымызды жалғастырайық.
Ойын: «Менің Отаным Қазақстан».
Мақсаты: Сурет қиындыларын құрастыру және берілген суреттердің көлеңкесін табу.
Кім маған балабақша туралы тақпақ айтып береді.
Айша:
Сәлем саған балабақшам, алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие, ой санама еккенің.
Азиз:
Балабақшам – айтар әнім, сан рет қайталадым.
Өзіңнен алғанымды, өзіне қайтарамын.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Тәрбиеші: Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті іс-әрекетіміз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды.
Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз деген мақсатпен балабақшаларыңа келулеріңе тілектеспін. Бүгінгі оқу қызметіне жақсы
қатысқандарыі үшін көп рахмет. Бүгінгі 1-ші қыркүйек – білім күніне арналған оқу қызметіміз осымен аяқталды.
Отанды сүю – отбасынан басталады.
Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
Отан үшін күрес – ерге тиген үлес.
Ел іші – алтын бесік.
Отан оттан да ыстық.
Отанды сүю – отбасынан басталады.
Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
Отан үшін күрес – ерге тиген үлес.
Ел іші – алтын бесік.








шағым қалдыра аласыз













