Білім
күні
Мақсаты:
1 қыркүйек - Білім күні
мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру.Мерекелік көңіл - күй
сыйлау.
Тәрбиеші:
Балалар,
бүгін жаз мезгілі аяқталып күз мезгілі келді.Күз мезгілінің
бірінші айында ,бірінші күні біз білім күнін тойлатамыз.Сендер
1-қыркүйек білім күні мерекеге мектепке бардыңдар
ма?
(балалардың
жауабы)
Әңгіме
1-ші қыркүйек күні барлық
балалбақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде
сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және
біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір
мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш
қоңырау соғылады
(тәрбиеші қоңырау соққан
баланың суретін көрсетеді).
Осы тұңғыш
қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы,
білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу
керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, тәрбие,білім алу
керексіңдер.
Балалар мектепке бару үшін
санау,жазу,сурет салу,оқу керек.Ол үшін мен сендерге сұрақ қоямын
сендер жауап беріңдер.
Сұрақ-жауап
Балалар, айтыңдаршы, біз қай
Республикада тұрамыз?
Балалар:
Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Тәрбиеші:
Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті
кім?
Балалар:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші:
Өте жақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай
қалада?
Балалар:
Қазақстан Республикасының елордасы Астана
қаласы.
Тәрбиеші:
Өте жақсы балалар.Айтыңдаршы, біз қай қалада туып, өмір сүріп
жатырмыз?
Балалар:
Біз Қостанай қаласында туып, өмір сүріп
жатырмыз.
Тәрбиеші:
Балалар, айтыңдаршы, біздің балабақшамыздың аты
қалай?
Балалар: «Балдәурен»
балабақшасы
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар.
Сендер өздеріннің Республикаларын, елорда жайында барлығын
білесіңдер. Ал, балалар, енді бізге Ернар атты
баламыз білім туралы тақпақ айтып бергісі
келеді.
Қиындықтан
өтуге,
Армандарға
жетуге,
Білім алам
ерінбей
Еліме қызмет
етуге.
Балалар ойнағанды жақсы
көресіңдер ма?…
Ойынды бастау үшін мен сендермен танысқым келіп тұр,өйткені кейбір
балалар бізге жаңадан келді.
Кәзір бәрәмәз өз аттарымызды
айтып өтеміз.
Балалар өз есімдерін
айтады.
Балалар бізге біреу қонаққа
келе жатқан сияқты.
Әуенмен Дымбілмес
кіреді.
Майда сөздерді айтып
жүреді: «Сәлеметсіз бе, сау болыңыз, қайырла күн,
рахмет, мархаббат, кешіріңіз…».
Тәрбиеші
— Ой, бұл кім ? Бұл Дымбілмес
қой! Сәлеметсің бе,Дымбілмес!
Дымбілмес балалардың қолын
алып амандасады.
Дымбілмес — Ой, кешіріңіз, қайырлы
түн!
Тәрбиеші
— Сен қателесіп тұрған жоқсың
ба,кәзір түн емес,күн.Қайырлы күн,
Дымбілмес!
Дымбілмес жүргізушінің
қолынан алып.
Дымбілмес — Сау
болыңыз!
Тәрбиеші— Сен жаңа ғана келген жоқсың
ба! Кетесің ба?!
Дымбілмес
— Мен кетпеймін,мен балаларға
қонаққа келдім.
Тәрбиеші
— Онда неге бізбен қоштасып
жатырсың?
Дымбілмес
— Мен қоштасып жатқан
жоқпын,амандасып жатырмын.
Тәрбиеші
— Мен бәрін түсіндім. Балалар
Дымбілмес көптеген майда (әдепті) сөздерді үйреніпті,тек қай кезде
қолданатынын білмейді.Көмектесеміз ба?Жұмбақ арқылы
көмектесеміз.
Майда сөздер
жұмбағы
Не деу
керек?
Әнуарбек
Дүйсенбиев.
Анаң сенің
базардан,
Алма сатып
әкелді.
Ең үлкенін,
жақсысын,
Саған таңдап
әперді.
Не деп барып жеу керек?
(рахмет)
Балалар жүр
көшеде,
Естіледі шу,
айқай.
Сен де шықтың
көршіңді
Қағып кеттің
байқамай.
Жөн еді не
айтқаның?(кешіріңіз)
Әжең сенің түскі
асқа
Қанттарды салды
мол,
Жұрттан бұрын
ыдысқа,
Әй-шәйі жоқ салдың
қол.
Жөн еді не
айтқаның?
Добын апар
Назардың-
Деді ағаң. Бармадың
.
Тапжылмадың.
Сазардың.
Аға тілін
алмадың.
Сен қай сөзді
айтпадың?
Енді бәрін түсіндің ба?.Рахмет
балалар!
Тәрбиеші — Біздің балалар ақылды!.Балалар енді Дымбілмеске
цифрларды үйретейік.(балалар
қайталайды)
Жарайсыңдар!
Ойын «Мен сияқты
істе!»
1.Кәне бәріміз мен сияқты істейміз! — 2 рет
(шапалақ)
2. Кәне бәріміз мен сияқты істейміз! — 2 рет
(топ-тпо)
шапалақтаймыз,топылдатамыз
3. Кәне бәріміз мен сияқты істейміз! — 2 рет (ау)
Бәріміз: щапалақ, топ, ау.
4. Кәне бәріміз мен сияқты істейміз! — 2
рет(секіреміз)
Бәріміз: щапалақ, топ,
ау,секір.
Ертегі кейіпкерлерін
атау. (балалар
айтады)
Ән
«Балабақшам»
« Әулиекөл ауданы әкімдігінің
Новонежин «Балдәурен» балабақшасы» МКҚК
1 қыркүйек білім күніне
арналған ойын-сауық
Ортаңғы
«Ботақан»тобы
Білімнің
бастауы

Тәрбиешілер:Токишева
Г.Х
Муканова
Г.Ш
2018-2019 оқу
жылы