400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Білім күні" 1-Қыркүйек

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға кыркуйек билим куни туралы айта оту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: 1-қыркүйек – Білім күні.

Мақсаты: Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Балалар-ды өз елі мен жерін мақтаныш етуге, өткен тарихын біле отырып, отансүйгіштікке, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекі-құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері, суреттер.

Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, сұрақ-жауап.


Тәрбиеші: Балалар, орындарымыздан тұрып, Қазақстан Республикасының Гимнін айтайық.

/Балалар оң қолдарын жүрек тұсына қойып, Гимнді орындайды/


Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі тақырыптық ұйымдастырылған оқу қызметіміз Білім күніне арналған. 1-ші қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде, басқа да білім беру мекемелерінде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әрбір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады. Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер.

/Балалар теледидардан 1-қыркүйек – Білім күні туралы суреттерді көреді. Қоңырау соққан баланың суретін көреді/

Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының рәміздерін еске түсірейікші.

Балалар: Ту, Елтаңба, Гимн.

Тәрбиеші: Балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз?

Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының президенті кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тәрбиеші: Біз қай қалада тұрамыз?

Балалар: Біз Ақтау қаласында туып, өмір сүріп жатырмыз.

Тәрбиеші: Біздің балабақшамыздың аты қалай?

Балалар: «Балдырған» бөбекжайы.


Тәрбиеші: Бүгінгі мерекеге арналған өлең, тақпақтарымызды жалғастырайық.

1-бала: Білім алған өзіңнен,

Дәрігер, ұшқыш не ғалым.

Саған ыстық сезіммен,

Қарайды жұрт, мұғалім.

2-бала: Мен де өзіңді әрдайым,

Қамқорым деп ұғамын

Күліп атқан таңдайсың,

Жарқыңсың сен, мұғалім.

3-бала: Қыркүйектің бірінде,

Кеудем толы дірілге.

Құлақ түйем елеңдеп,

«Бақша» деген бір үнге.


4-бала: Сәлем саған балабақшам,

Алтын ұям сүйікті.

Сен әпердің білікті,

Сенен өсіп көктедім.

5-бала: Сәлем саған балабақшам,

Алғыстарым көп менің.

Оқу, білім, тәрбие,

Ой санама еккенің.

6-бала: Балабақшам – айтар әнім,

Сан рет қайталадым.

Өзіңнен алғанымды,

Өзіңе қайтарамын.

Қорытындылау:

Тәрбиеші: Біз көппіз және бәріміз – бір елміз, бір халықпыз. Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты. Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.
































Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «35 «Балдырған» бөбекжайы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны




«Бекітемін»

№35 «Балдырған» бөбекжай директоры

________________М.М.Кабдрахманова

« » 2018 жыл






«1-қыркүйек – Білім күні»

Тақырыптық ұйымдастырылған оқу қызметі





Дайындаған: №11 ересек тобының тәрбиешісі

Сражанова Р.С.

Өткізген: №11 ересек тобының тәрбиешісі

Сражанова Р.С.



























Ақтау қаласы

2018-2019 оқу жылы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
1371
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі