Білім күні - мереке.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім күні - мереке.

Материал туралы қысқаша түсінік
материал ұстаздарға, балабақша тәрбиешілеріне тәрбие сағаттарын өткізуге тиімді де, қолайлы тақырыпша деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Білім күні- мереке»


Балабақша 1- Қыркүйек- Білім күніне сай безендіріледі. Жеңіл музыка ырғағымен әр топтың балалары екі қатармен келіп, орындарына тұрады. Жүргізуші балаларды мерекемен құттықтайды.

Қастерлемес даңқың кім,
Қадірлемес салтың кім?
Әнұраны елімнің,
Үні, Тілі халқымның!
(Әнұран орындалады).
Жүргізуші:
Сәлем, достар, балалар!
Жаңа білім күніңмен!
Білім күні- мереке,
Ән салсам да әдемі.
Туған тілім- береке, 
Сөз арнасам кәделі!
Хор: «Жас дәуірдің түлегіміз». (Сөзі: Е. Өтетілеуов, әні: И. Нүсіпбаев).
Тәрбиеші:
Жаңа киім үстімде,
Мақтанғым да келеді.
Білім тойы үстінде,
Шаттанғым да келеді,- деп біздің «Айгөлек Д» балабақшасының балалары мерекеге орай әдемі киініп келген екен, енді сіздерге арнап тақпақтар айтып береді.
Болат Іңкәр:
Ән салайық, келіңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Білім күнін тойлайық,
Би билейік, ойнайық.
Би: «Тойға шашу» тобының қыздарының орындауында қазақ биі.
Қошмағанбет Іңкәр:
Ұстаздар – ұлттың тірегі,
Ұстаздар- білім жүрегі.
Ұрпаққа жетер ұстазбен,
Халықтың ұлы тілегі.
Ерасыл:
Кітап- білім кеніші,
Білім- елдің өрісі.
Татар дәмді тәтті етер,
Ащы еңбектің жемісі...
Мақсат:
Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
«Көбелек» тобының балаларының орындауында «Кішкентай жұлдыздар» биі.
Тәрбиеші:
Бақшаға сен келесің,
Баураған бар ұлт баласын.
Тәртіппен алсаң білімін,
Өмірден жол табасың,- дей отырып, тағы да балалардың өнеріне кезек берейік.
Алдияр
Шу-шу етіп жан-жақтан,
Шаршатқан да болармыз.
Жанға тыныш жаз айы,
Өтіп міне күз келді.
Жантемір:
Апай бәрін зерттейді,
Ортақ ойға шақырып.
Жамандыққа ертпейді,
Тәртіп басқа тақырып.
Жанади:
Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Айғаным:
Өзіміз туған,
Көбелек қуған.
Өлкеде өсіп толамыз.
Жалықпай оқып,
Көңілге тоқып
Білімді адам боламыз.
Ән: «Достық жыры»
Тәрбиеші:
Шалдықпадым, талмадым,
Арманды алға жалғадым.
Конституция-Қорғаным.
Атасы ол бар Заңның,- деп сіздерді 30- тамыз- Конституция күнімен құттыұтаймын.
Тәрбиеші: 
Мереке ел мерейлі,
Мерейлі күн көбейді.
Шаңыраққа құт болып,
Керегеміз кеңейді.
Тәрбиеші:
Білім алам, дем алам,
Отан- туған өз анам, - дей отырып, мектеп алды даярлық тобының бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Ал бірінші қыркүйек,
Күнсің ғой сен ең тәуір.
Өйткені ол мереке,
Бірінші күн ерекше.
Мерекелеріңіз құтты болсын. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын!- деп мерекелік ертеңгілігімізді «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен аяқтаймыз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.10.2018
505
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі