400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Білім күні. Менің екінші үйім».

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға 1 қыркүйек Білім күні екенін айтып, білім алу мақсатында алғаш мектеп, балабақша табалдырығын аттаған балаларды құттықтау. Білімнің қасиеті туралы әңгімелеу. Елімізде тек қана бейбітшілік, тыныштық болу үшін әр адам оған ат салысу керектігін түсіндіру. Өздері әрбір таңда баратын балабақша, мектеп баланың екінші үйі екенін айтып өту. Өз ойлары бойынша өз екінші үйлерін бейнелеуге ынталандыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аптасы: 1

Күні: 2

Айы: 9


Жасы: Ортаңғы (3-4)

Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»

Бөлімі: Көркем әдебиет. Сурет салу.

Тақырыбы: Білім күні. Менің екінші үйім.

Мақсаты: Балаларға 1 қыркүйек Білім күні екенін айтып, білім алу мақсатында алғаш мектеп, балабақша табалдырығын аттаған балаларды құттықтау. Білімнің қасиеті туралы әңгімелеу. Елімізде тек қана бейбітшілік, тыныштық болу үшін әр адам оған ат салысу керектігін түсіндіру. Өздері әрбір таңда баратын балабақша, мектеп баланың екінші үйі екенін айтып өту. Өз ойлары бойынша өз екінші үйлерін бейнелеуге ынталандыру.


№

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

1.














2.





































3.

Таңғы шеңбер.


Амандасу.






-Балалар, біз бір-біріміздің қолымыздан ұстасып тұрғанда нені сезінеміз?

-Дұрыс. Енді осы сезінген жылу лебізбен орнымызға отырайық.

Балалардың көңілін ҰОІӘ-не икемдеу.


Кіріспе әңгіме.

Бүгінгі ҰОІӘ-і Білім күніне арналғаны екенін айту. Неліктен 1 қыркүйек Білім күні деп аталатынын балаларға түсіндіру.


-Осы күні мектеп табалдырығын алғаш рет аттап тұрған балаларды мұғалімдері құттықтайды.

Білімнің қасиеті туралы әңгімелеу.

Еліміздегі бейбітшілік жөнінде әңгімелеу.


-Сендер әр атқан таң сайын қайда келесіңдер?

-Дұрыс, ал балабақша сендердің екінші үйлерің екенін білесіңдер ме?

-Сендер қазір өз ойларын бойынша осы екінші үйлеріңді суретке салу керексіңдер.

Сурет салу бойынша құрал-жабдықтармен қалай жұмыс жасау керектігін қайталап, еске түсіріп өту.


Сурет салдыру: «Менің екінші үйім».


Балалардың өз бетінше жұмыс жасауларын қадағалау.

Сергіту сәті.






Салған суреттері бойынша сұрақ-жауап әдісін қолданып, балалардан өз ойларын сұрау.


-Біз бүгінгі ҰОІӘ-де не туралы әңгімелестік?

-Ал суретте сендер ненің суретін салдыңдар?

-Ал сендердің екінші үйлерің не?

-Жарайсыңдар! ҰОІӘ-і сендерге ұнады ма?


Балаларды мадақтап, ҰОІӘ-ін қорытындылау.


Балалар тәрбиешімен бірге шеңберге тұрады.


-Армысың, асыл күн!

Армысың, асыл жыр!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым!


-Жылу лебізді сезінеміз.


Балалар өз орындарына жайғасады.






Барлық тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдау.




Өз сұрақтарын қояды.



Тәрбиешінің барлық айтқанын мұқият тыңдап, сұрақтар қояды.


-Балабақшаға.


-Ия, білеміз.



Балалар үстел басына барады.



Тәрбиешімен бірге суреттің құрал-жабдықтарымен қалай жұмыс жасайтынын еске түсіреді.

Балалар берілген тақырып бойынша өз ойларымен бір-біріне кедергі жасамай сурет салуды бастайды.



-Орнымыздан тұрамыз,

Дөңгелекті құрамыз.

Қолымызбен шапалақтап,

Алақанды ұрамыз,

Бір отырып, бір тұрып,

Сауық-сайран құрамыз.



Өздері салған суреттерін көрсетіп, айту.



-Білім күні туралы.


-Өзіміздің екінші үйіміздің суретін салдық.

-Балабақша, мектеп.


Көңіл-күйлерін қимыл арқылы көрсетіп, ҰОІӘ-нің ұнағаны туралы айту.


Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: 1 қыркүйек Білім күні екенін;

Түсінеді: Неліктен екінші үйлері деп атайтынын;

Қолданады: Керекті құрал-жабдықтар арқылы өз ойларынан өздерінің екінші үйлерін бейнелеуді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
687
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі