Материалдар / "Білім күні" салтанатты жиын сценарийі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Білім күні" салтанатты жиын сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қаңтар 2019
918
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

  • 1 –


1-жүргізуші: Армысыздар,қадірлі қонақтар,ата-аналар,ұстаздар,оқушылар! Бүгін алдарыңызда көктемдей құлпырған жүздерімен,жаздай жайдарлы мінездерімен еліміздің түкпір-түкпірінен жанымызды жадыратарлық алаңсыз балалық күндердің тағы бір жайдарлы жазғы демалысын өткізіп,бір жылға есейіп,ақыл тоқтата келген жеткіншектеріміз қайта жиналып,аз уақыттың ішінде бір-біріне бауырдай болып кеткен сыныптастарын көріп,қауышып,үш ай бойы тұнжырап тұрған мектеп ауласын жарқыратып,шаттыққа бөледі.

2-жүргізуші: Қайырлы күн,оқушылар,қонақтар, Қане,енді қуаныштан жыр ақтар. Бүгін,міне,қоңыраудың әдемі Үні шығып сыңғырлайтын гүл шақтар. Білім күні есік ашты сағына, Ақ күн туды мектебімнің бағына. Оқушылар жақсы үмітпен оралды Мектебіне қуанышпен тағы да,-дегендей мектеп әрқашан оқушымен көрікті,олай болса, қош келдіңіздер,біздің аяулы шәкірттер!

1-жүргізуші: Мектеп-ана күліп тұр тағы , Шақырады қыркүйектің нұр таңы. Асығуда әліппені алуға, Еліміздің тағы бір жас ұрпағы.

Көп жылын осында өткізген, Ұстаздар-ізгі пәк жандар. Қуана шәкірт қабылдап, Білімнің көшін жалғандар. Алғашқы әріп үйретер, Ұстазды шәкірттерімен қарсы алыңдар!

2-жүргізуші: Алғаш мектеп табалдырығын аттағалы тұрған шәкірттерді ұстаздарымен ортаға шақырамыз!

( Көңілді әуенімен бірінші сынып оқушылары ортаға шығады)





  • 2 –


1-жүргізуші: Мектебіміз сәніменен жалғасты, Мектебімде әуелеген ән басты. Құтты болсын,оқушылар,ұстаздар, Жадыраған Білім күні алғашқы!-құрметті қонақтар,ұстаздар, оқушылар,жаңа 2012-2013 оқу жылының «Алғашқы қоңырау» мерекесін салтанатты түрде ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші: Еліміздің білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің негізгі мақсаты-жастардың бойында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру,мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,халық дәстүрлерін дәріптеуге,әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге, Конституцияға және қоғамға қарама-қайшы келетін әрекеттерге төзбеушілікке тәрбиелеу. Демек осы мақсатта еңбек етіп жатқан білім мен тәрбие ордасының «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты түрде әкелу рәсімін тік тұрып қарсы алайық! Сен дегенде лүпілдейді жүрегім, Жыр жаза алмай өзің жайлы жүр едім. Сен дегенде қуанышым шектелмес, Қазақстан көк байрақты нұр елім!

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты түрде әкелу рәсімін жүргізу мектебіміздің тәлімгеріне тапсырылады.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын салтанатты түрде алып жүретін мектебіміздің мақтаныштары...............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................(ҚР Мемлекеттік Туын әкелу рәсімі жасалады,Әнұран орындалады)

2-жүргізуші: Қиындықтар мойытпасын сендерді, Батылдықпен асыңдар сан белдерді. Біліміңмен қуантсаңдар мектепті, Жақсы іспен қуантыңдар енді елді,-салтанатты жиынның алғашқы тойшашуын ................................................................ орындауымен басталмақ.Қарсы алыңыздар!



  • 3 –


1-жүргізуші: Құрметті жиналған қауым! Бар мектептің басталар бүгін жыры, Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны. Жаңа оқу жылы басталды,ұстаз,шәкірт, Құтты болсын бүгінгі Білім күні!-дей келе сөз кезегін мектеп директорына береміз.

2-жүргізуші: Еліміз ежелден қонақ-жайлығымен ерекшеленген, олай болса,қадірменді көпшілік,ардақты алтын ұя мектебіміздің құрметті қонақтарын таныстырып өтейін.............................. .................................................................................................... .................................................................................................... ................................................................................................... ................................................................................................... Көрейік тек жанарлардың жарқылын, Тыңдайықшы ағалардың ақылын. Айтылатын ақ тілек бар қауымға, Жақсы лебіз жарым ырыс жарқыным,-ендігі сөз кезегі салтанатты жиын қонақтарына беріледі.

1-жүргізуші: Жандары қаламайтын аласаны Шәкірттер алда талай бел асады. Әлемге туған халқын танытатын Осылар –еліміздің болашағы!- деп алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерге сөз кезегін береміз.

2-жүргізуші: Биылғы жыл шәкірттердің есінде қалатыны сөзсіз.Жазғы ХХХ олимпиада біздің Қазақстанды әлемге тағы бір мәрте биіктен танытты. Оның бәрі біздің толағайлардың арқасы, атап айтқандай:Александр Винокуров,Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Илья Ильин,Ольга Рыпакова, Серік Сапиев,Әділбек Ниязымбетов,Даниял Гаджиев,Мария Вольнова,Гюзаль Манюрова, Иван Дычко, Ақжүрек Танатаров. Біздің де шәкірттер осы спортшылардың жолын қуып,дені сау,салауатты өмір салтын ұстанатын оқушылар болып өсе берсін. Келесі тыңдайтын әндеріңіз «Чемпиондар әні» орындайтын...................................................



  • 4 –


1-жүргізуші: Ата-анаң адалдыққа үйретке, Ата-анаң жамандықтан жиренткен. Өмірдегі жақсылықты ұран ғып, Ұлылықты ұлықтауды сый еткен,-сөз кезегі ата-аналарға беріледі.Алдарыңызда...............................................................

2-жүргізуші: Бүгінгі оқу жылының «Алғашөы қоңырау» соғылар 2012-2013 оқу жылының алғашқы білім сабағының басталар сәті де келіп жетті. Білімге құштар талапты оқушыларға сәттілік тілеп, қоңырау үнімен «Алтын ұя мектебіне» кіргізейік.

  • сынып оқушысы мен 11 сынып оқушысы қоңырау соғады)


1-жүргізуші: Аялар бейбіт күн нұры, Мектебім,бізге жөргексің. Алғашқы қоңырау сыңғыры Ән болып сені тербетсін.

2-жүргізуші: Сыңғырла,қоңырау,сыңғыр қақ, Жаңа оқу жылын ашқасын. Бал үнің сенің сырлы ырғақ, Сыныпқа бізді бастасын.

1-жүргізуші: Жаңа оқу жылы жемісті, Мерейі үстем жыл болсын!

2-жүргізуші: Шәкірттеріміз өрісті, Елім дер қыз бен ұл болсын!

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Туын салтанатты түрде әкету рәсіміне тік тұрып құрмет көрсетейік!

(Мемлекеттік Ту әкетіледі. Мемлекеттік Әнұран орындалады.)



2-жүргізуші: Бүгінгі мерекені «Біздің алған шыңдарымыз қаншама биік болса,алар шыңдарымыз әлі көп.Әрқашанда бірге алда болайық» деген Н.Назарбаевтің сөзімен салтанатты жиынымызды аяқтаймыз.Жаңа оқу жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жетістіктерге жете берейік!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!