жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Білім күніне арналған сценарий
Балқаш қаласы жалпы білім беретін №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебі
«Отаным-бақыт Ордасы»» атты білім күніне арналған салтанатты жиынының әзірлемесі
09.45. |
Қонақтарды қарсы алу |
|
Мерекелік іс- шара бойынша тақырыптық безендіру |
10.00. |
Фанфар ойнайды |
1-жүргізуші: |
Қайырлы күн бүгінгі салтанатымызға жиылған қауым!
|
2-жүргізуші: |
Армысыздар, құрметті ұстаздар қауымы! Бармысыздар, қымбатты мектеп оқушылары!
|
1-жүргізуші: |
Қош келдіңіздер, қымбатты ата-аналар мен мереке қонақтары!
|
2-жүргізуші: |
Өмір бойы мектебімді жыр етем, Бір өзіңде бақыт, білім, берекем. Шәкірттерің өрістесін,өрлесін, Құтты болсын білім күні мерекең!
|
1-жүргізуші: |
І жүргізуші: Бүгін қандай шаттық тола күн еді, Бүгін әлем ерекше бір түледі. Балдырғанын жетектеген ата-ана, Қуаныштан жарылардай жүрегі. -дей келе балаларын алғаш мектепке жетектеп келіп отырған ата-аналарға қадамдарыңызға гүл бітсін, армандарыңызға нұр бітсін дейміз!
|
2-жүргізуші: |
“ Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!” атты білім күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз. |
1-жүргізуші: |
Құрметті жиынға қатысушылар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында сап түзеңіздер. |
|
Гимн |
2-жүргізуші:
|
2 жүргізуші: Құрметті қонақтар! Қадірменді ұстаздар Аяулы біздің оқушылар Бүгінгі салтанат ерекше!
|
2-жүргізуші: |
Бұл жыл – Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы жарияланған жыл. |
1-жүргізуші: |
Бұл жыл- Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында, көкжиектен ауытқымай, ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа меңзеген дара жолымен биік шыңдарды бағындыратын жыл. |
2-жүргізуші: |
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы– тым құбылмалы тарихи жағдайдағы жаңа Қазақстан үшін жаңа саяси бағыт. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. Жаңа Конституция негізіне адам мен азамат құқықтары, олардың еркіндігінің үстемдігі, Қазақстанда күшті мемлекет құру жайлы алынған. Ол коғамдық дамудың қазіргі үрдістеріне толығымен сәйкес келеді, тіпті оданда озық. |
1-жүргізуші: |
Біздің Отанымыз – ортақ, тілегіміз – бір, мақсатымыз – жалғыз. Ол – жері гүлденген, елі түрленген, дамуы жедел, ұрпағы кемел Мәңгілік Қазақстан! |
2-жүргізуші: |
Салтанатты жиынды ашу үшін алғашқы сөз кезегін Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, еңбек үздігі, үлгілі ұстазымыз мектеп директоры Сартаева Үміт Алшынбекқызына беріледі . (Фанфары) |
І жүргізуші:
|
Құшақ жая қай жерде де қарсы алар, Абзал жан бар, биік тұлға байсалды. Қуаныш пен салтанатты шақтарда Қонақтар да ақ тілегін ақтарар. Сөз кезегін қадірменді қонақа . (Фанфары) |
2-жүргізуші: |
Біреулер
енші ап өмірден, |
1-жүргізуші: |
Ортаға 1-сыныпқа қадам бастаған бүлдіршіндер келеді, Жүрек жарды тақпақтарын сіздерге айтып береді. Сондықтан да назарды, Солар жаққа бұрайық Балдырғандарды базарлы Қарсы алып, қол ұрайық ( музыка) |
.(Нурлыбек) |
Айнала бүгін мереке, Шуағын шашып тұр әлем. Қадам бастым мектепке Қуанышты мың сәлем.(Нурлыбек) |
Айару (Бақыт) |
Блузки кружевные, Белые рубашки, Лица озорные – Мы первоклашки! |
Ерасыл |
|
|
Жаңа өмір, жаңа білім Заманымның талабы (Каусәр) Үйренемін мектебімнен Бар әлемнің ғажабын.
|
|
Қоңырауды соғамын Мен мектепке барамын Ата-анамды қуантып, Жақсы оқитын боламын |
2-оқушы:
|
Салтанатты сәнім бар Мақтан етер жөнім бар. Енді оқушы боламын Қамқар болар елім бар. (Ақбейіл |
3-оқушы: |
Мен оқуға барғанда 20 ға толды Астанам Бірге осейік көркейіп Гүлдене бер бас қалам (Айару) |
4-оқушы: |
Сан жетпейтін байлығы бар. Шуақ шашқан ай-күні бар. Тәуелсіз ел ұланымын Әлем таныр айбыны бар. (Ернар) |
5-оқушы |
Ел мақтаны болайық, Сол есімге кім лайық? Болашаққа аттанарда Бар күштерді салайық. (Дарын) |
7-оқушы |
Армандарым
көп менің, Келешекке бастай бер Алтын ұя-мектебім! (Аяйру) |
|
Би |
1-жүргізуші: |
Оқысаңыз балалар Шамнан шырақ жағылар Тілегенің алдыңнан Іздемей-ақ табылар – алғашқы қадамдарың құтты болсын, алтын ұя мектебіңде білім нәрімен сусындап, жарқын болашаққа сеніммен қараңдар. |
2-жүргізуші: |
Өмірдің бейбіт бағы гүл, Асудан асып асқарлы Мінекей биыл тағы бір Жаңа оқу жылы басталды. Шаттықпен шалқып толғана Ой толқытқан жүрегін Өмірге алмақ жолдама Сыр шертсін енді түлегің Он бірінші сынып оқушысы. |
11 сынып оқушысы |
Кеше ғана аттаған Мектеп табалдырығын Бүлдіршін едік бастаған Ақ бантикті тұлымың Иә, кеше, кеше еді, Сәби едік балдырған Азамат болып көшелі, Табылмақпыз сан қырдан Сусындап білім нұрына Өткеріппіз он жылды Қанығып өмір қырына, Зердеге түйдік мол сырды.
|
11 сынып оқушысы |
Оқыған әпке, ағаңыз, Қадірлі мектеп – бұл мектеп. Сендердей біз де болғанбыз, Есейдік, міне, қараңыз. Құт болып алғаш қадамың, Жағарсың білім шырағын. Биылғы жыл ерекше, Ұғарсың оның шын мәнін. |
11 сынып оқушысы |
Құттықтап білім күнімен, Сыйланар сізге әліппе. Бар білімнің бастауы, Қадірлеп оны дәріпте. Егемен елдің төсінде, Шуағын шашсын арай,күн Азамат болып өсіңдер, Қызыға жұрт қарайтын. Музыка |
11 сынып оқушылары сыйлықтар береді
|
|
2-жүргізуші: |
Жаңа оқу жылы құт болып, Ізгілік оты жағылсын. Бөбек пен түлек жұп болып, Алғашқы қоңырау қағылсын – алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу үшін ортаға 11 А сыныбының оқушылары – және 1 сынып оқушыларын шақырамыз.
|
(Бірінші және он бірінші сынып оқушылары қоңырау соғады) |
|
1-жүргізуші: |
Аялар бейбіт күн нұры, Мектебім, бізге жергөксің. Алғашқы қоңырау сыңғыры Ән болып сені тербетсін. |
2-жүргізуші: |
Сыңғырла қоңырау, сыңғыр қақ, Жаңа оқу жылын ашқайсын Бал үнің сенің сырлы ырғақ Сыныпқа бізді бастасын |
1-жүргізуші: |
Құттықтау сөз ата –аналар атынан беріледі. |
1-жүргізуші: |
Жаңа оқу жылы жемісті Мерейі үстем жыл болсын Шәкірттеріміз өрісті |
2-жүргізуші: |
Құрметті жиынға қатысушылар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне сап түзеңіздер! |
Гимн ойналады |
|
1-жүргізуші: |
Ақ жол, бүлдіршіндер! Біліммен асып - тасайық Тілеуін берсін көк көптің Тілекпен осы ашайық Есігін енді мектептің – деп 1 сынып оқушыларын алғашқы сабақтарына шақырамыз. 1 А сыныбы 1Б сыныбы 1В сыныбы 1Г сыныбы 1Д сыныбы 1Есыныбы |
2-жүр гізуші: |
Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын! “Алғашқы қоңырау!” мерекесі 2018-2019 оқу жылының алғашқы сабағымен жалғасады. |
1-жүргізуші: |
Құрметті қонақтар Жоғары сыныптардағы «Мен өз Отанымның патриотымын» атты патриоттық сабақты жүргізу мәртебесі өзіңізге беріледі. |
2-жүргізуші: |
Осымен 1-қыркүйек білім күніне арналған «Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» атты мереке өзі мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген