Материалдар / Білім күніне балабақшаға арналған сценарий

Білім күніне балабақшаға арналған сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім күніне арналған сценарий,ойындар және әндер бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2024
151
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1 қыркүйек – Білім күні»


Мақсаты:
Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.
Көрнекі-құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері, суреттер.
Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, сұрақ-жауап.

(Балалар музыка ырғағымен кіріп, орындарына отырады.)


Барысы: І. Кіріспе бөлім.
Естігенде көк аспанның астында,
Тік тұрындар айтылғанда Әнұран.
Бар қазақтың үніндей шарықта,
Шарықташы, Әнұраным, шарықта!


Мемлекеттік гимн орындау.

Жүргізуші: Құрметті тәрбиешілер! Қымбатты балалар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын!
Жүргізуші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі оқу қызметіміз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналады. 1-ші қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. 1-қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар, тәрбиешілер үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді).
Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер.
Балалар, біз өткен оқу қызметімізде Қазақстан Республикасының рәміздері жайында білім алғанбыз, ендеше есімізге түсірейікші, біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз.
(балалардың жауабын тыңдау)
Жүргізуші: Дұрыс, Гимн, Елтаңба, Ту.
Балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз?
Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Жүргізуші: Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті кім?
Балалар: Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы
Жүргізуші: Өте жақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қалада?
Балалар: Қазақстан Республикасының елордасы Нұр-сұлтан қаласы.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Айтыңдаршы, біз қай қалада туып, өмір сүріп жатырмыз?
Балалар: Біз Балқаш қаласында туып, өмір сүріп жатырмыз.
Жүргізуші: Балалар, айтыңдаршы, біздің балабақшамыздың аты қалай?
Балалар:
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы.
Жүргізуші: Өте жақсы балалар. Сендер өздеріңнің Республикаларың, рәміздерің жайында, елорда жайында барлығын білесіңдер. Жарайсыңдар!


Жүргізуші:Тамаша елдеріңнің нағыз патриоты екенсіңдер! Келешек елінің қорғаны болып өсіп келе жатқан ересек топ балаларының «Отанның Жас өркені» әнін қабыл алыңыздар!


Ән «Отанның Жас өркені»»


ІІ. Негізгі бөлім.
Ендеше біз бүгінгі мерекеге арналған өлең тақпақтарымызбен жалғастырайық.


Тақпақтар

Жүргізуші: Бүкіл елде басталып бүгін жыры,
Бақ қоңырау шақырар ұғымдыны.
Білім — ғылым бастауы, мерекелі
Құтты болсын бүгінгі Білім күні!


Музыкаға сайқымазақ Клепа жүгіріп шығады

 

Клепа: Қандай айқай? Қандай шу?

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, қымбаттым! Сіз кімсіз?

Клепа: Бұл мен кіммін?

Жүргізуші: Балалар, бұл кімдер?

Клепа: Иә, мен Клепамын, әлемдегі ең көңілді сайқымазақпын.  

Клепа: Балалар қандай мейрам тойлап жатырсыңдар?

Жүргізуші: Білім күні мерекесін тойлап жатырмыз.

Клепа: Ендеше балалар менімен көңіл көтеріп билейсіңдер ме?

Клепа:Кештің соңында керемет көңілді балаларға мен сыйлық беремін.

(Көңілді әуенге билейді)қысқа ұзақ емес.

Клепа: Балалар мен сендерге қызықты ойын алып келдім. Ойынның аты «Ғажайым қоржын» деп аталады.

Мақсаты:Ғажайып қоржынның ішінен бірнеше заттар ойыншықтар,оқу құралдары бар.Сол заттардың ішінен оқу құралдарының бірі бөлек,ойыншықтарды бір бөлек жинап алу керек.(балалар оқу құралдары мен ойыншықтарды ажыратып,бөлек жинайды)

ІІІ. Қорытынды бөлім.
Шырылдаған тыным алмай
Қоңыраудың үні қандай!
Мақсатына жете ме адам
Оқу оқып, білім алмай?!

Ғылымның көп тас қамалы
Ғалымдық та асқаралы
Бар білімнің нұр бастауы —
Балабақшадан басталады!-дей келе
«Балабақшам арайлым» әнімен ортаға Асылым қыздарыңызды шақырамыз!


Ән «Балабақшам арайлым»


Жүргізуші:

Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті оқу қызметіміз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды. Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз. Бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатысқандарың үшін көп рахмет. Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!
Бүгінгі 1-ші қыркүйек – білім күніне арналған оқу қызметіміз осымен аяқталды.
Сау болыңыздар!!!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ