«№ 112» жалпы орта мектебі коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің жанынан ашылған «Т. Әбілқасымов » шағын
орталығы
Ашық
сабақ
Тақырыбы : Білім
күні
Дайындаған
тәрбиеші:
Бектенова
Гүлжан
Білім
күні
1.
Жүргізуші: Қымбатты
балалар. Құрметті ата–аналар мен ұжымдастар. Бүгінгі күн бәрімізге
өте ерекше күн, алғашқы қоңырау соғылып, білімнің жаңа оқу жылы
басталды. Алғашқы білім күні құтты болсын!
2.
Жүргізуші:Балалар жадыраған
жаз да аяқталып, жомарт күз келді. Бүгін күздің алғашқы күні
1-қыркүйек. Бұл ата-аналар үшін де,балалар үшін де,тәрбиеші үшін
өте қуанышты күндердің бірі.Жаз бойы демалған оқушылар үлкен
сағынышпен мектептеріне оралып жатса, сендер де өз жастарыңа
лайықты білім алып, тәрбие алып жүрсіңдер.Білімге талпынған
балапандар қанаттарың қатая берсін! Білім күні құтты
болсын!
1.
Жүргізуші: Бүгінгі білім
күні мерекесімен құттықтау сөзді «Толағай» балабақшасының
менгерушісі: Усенова Зәуреш Орунбасарқызына
беріледі.
Жаңа білім күніңмен!
Білім күні – мереке,
Ән салсамда әдемі.
Туған тілім – береке,
Сөз арнасам кәделі!
Хор: «Жас дәуірдің
түлегіміз»
Қазбек:
Кел балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық,
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенін алдынан
Іздемей –ақ табылар.
Ерасыл:
Шырылдаған тыным алмай,
Қоңыраудын үні қандай,
Мақсатына жетеме адам,
Оқу оқып білім алмай.
Әсем:
Қиындықтан өтуге,
Армандарға жетуге,
Білім алам ерінбей
Еліме қызмет етуге.
Ерасыл:
Білім менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу айдынында
Жайып білім желкенін.
2.
Жүргізуші:
Жаңа киім үстімде,
Мақтанғымда келеді.
Білім тойы үстінде,
Шаттанғымда келеді! Дегендей бүгінгі мектеп алды даярлық тобына
келетін балалардың жүздері бал - бұл жайнап
тұр.
1.
Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз
Балапандай мәпелеп
Өсіруде бақшамыз.
Бақытжамал
2. Қиындықтан өтуге
Армандарға жетуге
Білім алам ерінбей
Еліме қызмет етуге. Абдулла
3. Ғылымның көп тас
қамалы
Ғылымдықта асқарлы
Бар білімнің нұр бастауы
Балабақшадан басталды. Ерасыл
4. Білім алған өзіңмен
Дәрігер, ұшқыш, не ғалым
Саған ыстық сезіммен
Қарайды жұрт, мұғалім. Әсем
5. Қыркүйектің бірінде
Кеудем толы дірілге
Құлақ түйем елеңдеп
Ғажайып
сәт:
2. Жүргізуші:
Жалқаубек келеді! Жалқаубектің
музыкасы
ЖАЛҚАУБЕК: Ой,
балалар, мында не болып жатыр? Кеттік, балалар, ойнауға, менімен
ойнағыларың келіп тұр-ау деймін.
ТӘРБИЕШІ: Жалқаубек мұның не? Мерекелік киіміңді киіп
келмейсін бе?!
Бүгін бізде
мереке,1-Қыркүйек - білім күні, барлық мектептерде, балабақшаларда
осы мерекені тойлап жатыр.
ЖАЛҚАУБЕК: Әй
балалар мектеп дей ме? Мектепте біздің апаларымыз, ағаларымыз
окиды. Біз басымызды ауыртып қайтеміз, оданда жүріңдер
ойнайық.
ТӘРБИЕШІ: Жалқаубек сіз бізбен бірге болып, бүгінгі мерекені
тамашаланыз. Біздің балалар өнерлі, алғыр. Ал сіздің қандай
өнеріңіз бар?
ЖАЛҚАУБЕК: Мен
жалқау болсамда өнерлімін! Мен би билей
аламын.
ТӘРБИЕШІ: Біздің өнерлі балаларымыз сізбен бірге
билегісі келеді екен. Қәнекей Жалқаубекпен балаларымыздың өнерін
тамашалайық!
1.Жүргізуші: Биіктерге бастайтын асқаралы
Әр жүректің сүйікті,асқақ әні
Мерекеде бәріміз бір дауыспен
Ән шырқайықшы баршамыз дей келе.
топтың
бүлдіршіндерінің
орындауында
ән:
Әсем:
Оттанның біз ұл- қызы
Халықтың біз- жұлдызы
Оқимыз ақын – жырларын
Оқимыз еңбек сырларын.
Қазбек:
Өсті міне бойымыз
Өсті міне ойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.
Бақытжамал:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
2-Жүргізуші: Біздің
өнерлі балапандарымыздың орындауында Қаражорға
биі.
1-Жүргізуші: Білім- менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу-айдында
Жайып білім желкенін.
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне
Мерекелік Құттықтау
сөз кезегі ата – анаға беріледі.
2. Жүргізуші: Бүгінгі
мерекелік ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Ден қойып
тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет!
1.Жүргізуші:
Ал бірінші кыркүйек,
Күнсің гой сен ең тәуір,
Өйткені ол мереке,
Бірінші күн ерекше.
Мерекелеріңіз құтты болсын.
Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын!- деп мерекелік
ертеңгілігімізді аяқтаймыз!