"Білім
мазмұнын жаңарту аясында дайындалған
оқу бағдарламаларын талдау"
Мәдиқызы
Айнұр
Директордың
оқу-ісі жөніндегі орынбасары
Шебертал
жалпы білім беретін орта мектебі
Елімізде
оқыту мазмұны жаңартылып 12 жылдық білім
беру жүйесіне көшу мақсатында жаңа буын
оқулықтарының негізінде жасалған
бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа
жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша
жұмыс істеуін, батыл шығармашылық
ізденісін, оқушылардың белсенділігі
мен қызығушылығын арттыруды талап
етеді. Сондықтан, мұғалім өз білімін
жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны
қызықтырып оқыту керек екені сөзсіз.
Президентіміз
Н.Ә.Назарбаев айтқандай, сапалы білім
беру Қазақстанның индустрия- ландыруының
негізіне айналуы тиіс. Бұл мәселе
мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы
белгілі. Еліміздің болашағы орта
мектептен толық қанды сапалы білім
алған, оның бағдарламасын толық меңгерген
баладан, яғни оқушыдан шығары анық,
өйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар
азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы.
Мектепте
жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына
қазіргі таңда қойылатын талап өте үлкен
болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық
іс-әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп,
сол жаңа педагогикалық техналогияларды
меңгерген, өз практикасында қолданған
әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму
жағынан көре алады.
Мұғалім
алғаш жаңа педагогикалық техналогияларды
оқып үйренеді, меңгереді, тәжірибеде
қолданады, оны дамытып нәтижесін
тексереді.
Жаңа
педагогикалық техналогиялар педагогика
ғылымының жаңа саласы. Инновациялық
үрдістің негізі-жаңалықтарды қалыптастыру,
қолдану, жүзеге асырудың тұтастық
қызметі. Инновация білім деңгейінің
көтерілуіне жағдай жасайды. Оны «жаңалық»,
«жаңа әдіс», «өзгеріс», «жаңашылдық»
яғни «жаңа әдістеме құралы» деп атауға
болады. Инновацияны қолдану арқылы
мұғалім өз-іс тәжірибесін байытып,
еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге
жету-педагогиканың ең асыл заты негізгі
ойды түсіну болып табылады. Негізгі
ойды түсініп шығармашылық көзқараспен
қараған мұғалім техналогия бойынша
жұмыс атқара алады.
Оқу
үрдісіндегі болып жатқан жаңалықтың
өзі мұғалім қауымынан талап етіп отырған
бетбұрыс, ол сындарлы оқытуға негіздеу
болып табылады. Орта
білім беру жүйесінде әлемдік жоғары
деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал
оқыту әдістемелері арасында сындарлы
(конструктивті) теориялық оқытуға
негізделген тәсіл кең тараған.
Жас
ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының
бірден бір шарты мұғалімнің ізденімпаз
болуы. Себебі, еліміздің болашағы бүгінгі
жас ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді.
Сондықтан сабақты жаңаша құрып,
инновациялық түрлі тәсілдерді,
педагогикалық білімдерді жетілдіре
отырып, оны дер кезінде қабылдап, өңдеп,
нәтижелі пайдалана білу-әрбір ұстаздың
міндеті болуы керек. «Сыни тұрғысынан
ойлауға үйрету» модулі негізінде өткен
сабақтар оқушылардың танымдық
белсенділігін арттыруға, өз бетінше
білім алуға, жұптық және ұжымдық бірлесіп
жұмыс жасауға, шығармашылығын
қалыптастыруға ықпал етеді. Ең
бастысы оқушы білімінің тереңдігі мен
тиянақтылығын арттырады.
Сыни
тұрғысынан ойлауға үйрету арқылы
оқытудың тиімділігі сол, әр кезеңнің
өзіндік ерекшелігі бар. Бірақ,
бұлар бір-бірімен өзара өте тығыз
байланысты болып келеді. Сыни тұрғысынан
ойлауды үйрету үшін алдымен сыни
тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт
керек, оқушыларға ойланып толғануға,
ойын ашық айтуға рұқсат беру, әр түрлі
идеялар мен пікірлерді қабылдау, үйрену
барысындағы оқушылардың белсенді
іс-әрекетін қолдану, бір-бінің
жауабына жасаған сынының дәлелді,
дәйекті болуын талап ету.
Сыни
тұрғысынан ойлау бағдарламасының тиімді
жақтары: оқушылардың өздігінен жан-жақты
білім алуға жағдай жасалады, сабақ
кезінде уақытты ұтымды пайдалану
мүмкіншілігі молаяды, оқушылар өзара
пікір алмасуына мүмкіндік туғызылады,
мұғалім мен оқушылар арасында ізгілікті
қарым-қатынастар орнайды, сонымен қатар
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін,
түсіну сезімдерін арттыру, сауатты
жазу, мәнерлеп оқу, мағыналы сөйлеу,
өлең шығару, эссе жазу, тағы да басқа
көптеген қасиеттерін дамытып қалыптастыруға
болады.
Қорыта
келе менің мұғалім ретінде алдыма қойған
мақсатым-оқушыларға ұлттық
педагогикалық тәрбие және білім берумен
қатар олардың шығармашылық қабілеттерін
арттыру. Сол
себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми
негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру,
білім құмарлығын таныту, әр сабақта
оқушыларды ойлануға өздігінен ізденіс
жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша
жинақтап баяндай білуге, мәдениетті
сөйлеуге үйрету арқылы ұлттық әдет-ғұрыпты
бойына сіңіруге дағдыландыру-әрбір
ұстаздың абыройлы борышы деп санаймын.
«Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін
өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім»
деп Стронг айтқандай, ұстаздық
білімділікпен қоса ізденпаздықты,
дарындылық, ұйымдастырушылық, тағы да
көптегенқұндылықтарды талап ететін
маман иесі. Шығармашылық қабілет баланың
табиғатында болуы мүмкін. Біздің
міндетіміз-оқушының бойында жасырынып
жатқан мүмкіндіктерді ашып көрсету.