жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ ТӘСІЛДЕРІ
БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ ТӘСІЛДЕРІ
Шаштыгарина Сарагүл Мустафақызы
«Өрлеу»БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ
«Білім беру процессін психологиялық және педагогикалық қолдау»
кафедрасының аға оқытушысы, магистр
Бастауыш мектептегі оқу маңызды дербес пән ғана емес, сондай-ақ оқу құралы болып табылады. Оқушылар толыққанды оқу дағдыларын қаншалықты ойдағыдай игерсе, олардың оқу пәндері бойынша қабілеттері соншалықты толық жүзеге асырылатын болады.
Қазіргі заманғы жүргізіп оқу және тіл дамыту әдістемесі өткен заманның құнды әдістемелік тәжірибелерін қолданады (Л. Н. Толстой, В. В. Розанов, К. Д. Ушинский, Н. Ф. Бунаков, В. А.Сухомлинский). Оқи білудің негізгі әдістемесін К. Д. Ушинский жасаған. Ол көркем шығармаларды «балаларға өмірдің қандай да бір қырларын көрсететін терезе ретінде» қарау керек дейді. Сонымен қатар ол «балалардың шығарманы түсініп қана қоюы жеткіліксіз, оны сезінуі қажет» деп біледі. Ушинский әдістемесіне тән бұл ережелер оқудың танымдық мәнін және оқырманға беретін эстетикалық әсерін, бұлардың маңыздылығын көрсетеді. Ушинский оқу міндетіне ойлау қабілетін дамыту және грамматикалық нормаларды игеру мәселелерін де қосады. Бастауыш сынып мұғалімдерінің міндеті оқушылардың оқырмандық біліктерін: дұрыс оқу дағдысын, оқуға деген қызығушылығын, өз бетінше өнімді оқуын қалыптастыру болып табылады. Бастауыш мектеп бағдарламасы оқу дағдысын қалыптастыру барысында сыныптан сыныпқа оның бірте-бірте жетілуін көздейді және әрбір кезеңінде оның қалыптасуы мынадай көрсеткіштер бойынша бағаланады: оқылғанның көлемі, оқу жылдамдығы (жүгіртпе оқу), оның дұрыстығы, түсініктілігі және т.б. Бұл пән бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. Бастауыш мектепті бітіргенде оқушылар минутына 120 сөзден төмен оқымау талабы қойылады. Бірақ бұл талапты барлық оқушы қанағаттандырады ма? Әр оқушының темпераменті әр түрлі. Психология ҒЗИ деректері бойынша холериктер әдетте минутына қарқынмен 150 сөз сөйлейді және оқиды. Сангвиниктер үшін бұл минутына 120 сөз. Ал оқушылардың 90% дан астамы сангвиниктер мен холериктер, ал 10 % төмен меланхолигтер мен флегматиктер. Ол сыныпта 3-4 оқушы болуы мүмкін. Бұл бастауыш сынып оқушыларының оқу техникасын талапқа сай орындауға болатындықтың дәлелі. Олай болса бұл деңгейге оқушыларды жалықтырмай қалай жеткізуімізге болады. Яғни өз тәжірибемізден Корневтің әдістемесін қолдана отырып және оны әдебиеттік оқу сабақтарында және әр сабаққа бес минуттық оқу кезінде күрделілігі әртүрлі кестелер мен толықтыра отырып, оңтайлы оқу жылдамдығына қол жеткізуге болады.
«Әдебиеттік оқу» пәнінің бағдарламасы оқушыларды қазақ және әлем балалар әдебиетінің түрлі жанрдағы көркем шығармаларымен таныстыруға, олардың оқу дағдылары мен оқырмандық біліктілігін қалыптастыруға, әдеби-эстетикалық талғамын жетілдіре отырып, ізгілікті-елжанды жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге бағытталады.
«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:
1) әдеби көркем шығармаларды оқыту арқылы қазақтың рухани қазынасын меңгерту;
2) коммуникативтік (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дағдыларын қалыптастыру;
3) ауыз әдебиетінің, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру арқылы оқушыларға адамдардың өзара түсінісуі, сыйластық, құрмет сезімдері, адамгершілік қасиеттері, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарай білуі сияқты ізгілікті қасиеттерді қалыптастыру;
4) оқу сапасын (дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, көз жүгіртіп, болжап оқу) жетілдіру;
5) оқушылардың оқырмандық мәдениетін қалыптастыра отырып, сөз әдебі нормаларын орынды қолдану дағдыларын меңгерту;
6) сыни ойлауын жетілдіру;
7) көркемдік-танымдық сипаттағы мәтіндерді өз мақсатына сай іріктеп, саралап, талдап, ой қорытындысын жасауға үйрету;
8) алған білімін өмір жағдаяттарына байланысты қолданып, дұрыс шешім жасай білуге үйрету;
9) оқылған шығарма сюжетінің ізімен немесе еркін тақырыпта ауызша, жазбаша шығармашылық жұмыс түрлерін орындауға дағдыландыру.
Алдымыздағы міндеттерді жүзеге асыруда болашақта табысты оқып, білім алу үшін оқу дағдысын қалай қалыптастыруға болады? Оқу дағдысының қалыптасуының негізгі себептері неде және дұрыс оқи алмауды себептерін қалай жоюға болады? Әр ғасырда оқуға үйретудің түрлі әдістері болған. Әр әдістің өзіндік ерекшеліктері бар. Оқуға үйретудің негізінде бір-біріне қарама-қайшы негізгі екі әдісі бар. Біреуі тұтас сөз әдісі, екіншісі фонологиялық әдіс. 1930 жылы зерттеушілер фонетеканы оқыту қажет деген. Осы орайда балалар қалай және қандай көлемде берілуі керек деген сұрақ тұрды. Мысалы, мынадай эксперимент жүргізілген. Оқушыларды тобын екіге бөлген, бірінші топта сөздерді тұтас оқу әдісі бойынша, ал екінші топқа фонологиялық әдістің көмегімен үйретеді. Оқушылар оқи бастағанда тестілеу өткізеді. Бірінші кезеңдегі оқушылар ішінен және дауыстап жақсы оқыған. Ал «фонологиялық» таныс емес сөздерді оңай оқып, екінші сыныптың соңында қабылдау және сөздік қорының тереңдігімен өз сыныптастарынан басып озған. Зерттеушілердің бақылауы бойынша сөзді тұтас оқитын балалар әдетте қате жіберген. Мысалы, суреттің астындағы жазуларды оқығанда, мағынасы жақын сөздермен алмастырған. «Жолбарыс» деген сөздің орына «арыстан», «машина» сөзінің орнына «доңғалақ» деп айтады. Сөзді анықталған белгілі бір мәніне бекітуге ұмтылу бүкіл оқу жылы бойы оқушылар біреудің көменгінсіз жаңа сөздерді үйрене алмауы мүмкін. Ал «фонологиялық» оқушылар әріптердің орны ауыстырылған немесе ұқсас сөздерді оқуда қиналатындығын көрсеткен. Сондықтан да кішкентай оқырмандарға фонетика қажет болды. Сонымен, еркін оқу үшін әріптер тез және оңай танып, оларды дыбыстармен сәйкестендіру қажет. Фонетиканы жаттап алу өзге де айла амалдар мен әдіс-тәсілдерден әлдеқайда тиімдірек екен. Бірқызығы, әліпбиді білмей тұра оқып үйренуге болады екен. «Тұтас сөз» әдісін жақтаушылар балаға әріпті үйретпеуге шақырады. Ал соңғы қорытындылар бойынша тек әріптерді білген жағдайда ғана оқуға үйрету үрдісі барынша табысты болады. Мынадай эксперимент жүргізілген. Оқушылар сөздер жазылған карточкалар көрсетіледі. Бір топта суреттердің астында сөздер жазулы, ал екінші топта осы сөздердің иллюстрациясы беріледі. Әр топқа бірдей төрт сөз беріледі. Содан кейін оқушыларды біріктіріп, карточкаларды араластырып, қайта көрсетіледі. Оқушылар тек өздері өткен үш сөзді ғана тапқан. Яғни, «таза түрінде» жазылуын есте сақтайтын балаға қарағанда иллюстрацияланған сөздерді есте сақтайтын бала сөздердің графикалық бейнесін әлдеқайда аз ықтималдықпен таниды. Бұл-әліпбидің қажет екенінің жанама дәлелі. Ең алдымен әріптің қалай аталуы емес, олардың нені білдіретіндігі. Балалар әріптердің атаулары мен ретін біліп қана қоймай, әріптерге баса назар аударып, тұтастың бір бөлігі ретінде қабылдай алуы қажет. Сонымен, оқушыға фонетиканы білу қажет екені анықталды. Бірақ бұл баланы зеріктіретіндей ережелерді жаттауы тиіс деген емес. Ең бастысы оқушының оқуға деген қызығушылығын сақтау керек. Оқушының қолынан келетіндей, оған қолжетімді болатындай, өз жетістіктерін көретіндей жағдай жасап отыру қажет. Мысалы, бірнеше ондаған сөздер игеру үшін сол сөздерді білдіретін үйдегі заттарды алу. Егер осы заттарға оның атауы жазылған қағаздар іліп қойса, бала көп ұзамай, таныс жазуларды біле бастайды. Содан кейін сол сөздермен «Тауып көр», «Лото» ойындарын ойнауға болады. Сонда бала өз күшіне сенімділігін сезінеді. Тек жағымды сезімдерді сезінсе ғана оқыту табысты болады.
Оқуға үйретудің –фонетикалық әдісі әліпбилік қағидаға негізделген. Оның негізінде әріптер мен дыбыстардың (фонетика) айтылуын үйрету, сосын бала жеткілікті білім жинақтаған соң ол буындарға, содан кейін тұтас сөздерге көшеді. Фонетикалық тәсілдеменің екі бағыты бар: Жүйелілік фонетика әдісі. Тұтас сөздерді оқымай тұра, балаларға жүйелі түрде біртіндеп дыбыстарды соған сәйкес әріптерді үйретеді, осыдан кейін дыбыстарды қосуға жаттықтырады. Ішкі фонетика әдісі көзбен шолуға және мағыналық оқуға баса назар аударады. Яғни, балаларға сөздерді әріптің көмегімен емес, суреттер немесе мәнмәтін арқылы тануды және сәйкестендіруді үйретеді. Оқушылардың оқу машығын жетілдіруде тәжірибеде тұтас сөз, тұтас мәтін, Зайцев, Монтесории әдістері қолданылады. Сонымен қатар лингвистикалық әдіс-тілдің табиғаты мен құрылымы туралы ғылым. Бұл әдіс оқуда жиі қолданылады. Оқылуы да, жазылуы да бір сөздерді үйрене отырып, бала әріптермен дыбыстар арасындағы сәйкестікті меңгереді.
Мур әдісі. Мур балаға әріптер мен дыбыстарды үйретуден бастайды. Ол баланы арнайы баспа машинкасы қойылған зертханаға кіргізеді. Ол тиісті пернесін басқанда, сол дыбыстарды, сондай-ақ, тыныс белгілердің атауларын және сандарды айтады. Келесі кезеңде балаға әріптердің тіркестерін, мысалы, қарапайым сөздерді көрсетіп, оларды компьютерде теруді өтінеді.
Монтессори әдісінде балаларға әліпбидің әріптерін беріп, оларды тануға, жазуға, айтуға үйретті. Кейінірек, балалар дыбыстардан сөз құрауды үйренген соң ол сөздерден сөйлем құрастыруды ұсынылады.
Көбінесе тежелу буындардан сөз құрау мен сөздердің мағынасын түсіну кезеңінде болады екен. Оқушыны нысаналы және дұрыс оқуға қалай үйретуге болады. Мәтіндер түрлерімен жұмыс істеу дағдысын қалай қалыптастыруға болады. Бірінші кезеңде оқытуды тыныс алу гимнастикасынан бастау керек. Л.Н.Корневтің әдістемесін зерделеп, оны тәжірибеге енгізуге болады. Тыныс алу гимнастикасы мен дауысты дайындау. Көптеген оқушылар мәтін оқу кезінде өздерінің тыныс алу жүйесін реттей алмайды. Олар дем шығару кезінде емес, дем алу кезінде оқиды. Оқу қарқыны бұзылады, сондықтан әріптерді өту кезінде, әдебиеттік оқу сабақтары кезінде тыныс алу гимнастикасын жасап тұру керек. Бұл кемшілікті түзету үшін тыныс алу және дауысты даярлау жаттығуларын әр сабақтың басында жасату қажет.
Мысалы, мұрынмен демді ішке тартып – ауыздан сыртқа шығару. Ішке дем тарту – демді ұстап тұру – шығару. Ішке дем тарту – оны бөліп-бөліп шығару. Қызықты жаттығулар. «Гудок жақындайды және алыстайды»: ішке дем тартып – оны сыртқа шығарғанда: «М-М-М-М-М; Н-Н-Н-Н-Н» дейміз. «Иттің ырылдауы»: ішке дем тартып – оны сыртқа шығарғанда: « Р-Р-Р-Р-Р» дейміз. Велосипедтің тесілген шинасынан шыққан дыбыс: «С-С-С-С-С». «Балауыз шырақ»: демді ақырын ғана сыртқа шығарып, сосын ішке терең дем аламыз, сәл кідіріп, жаймен балауыз шырақ ретінде таныған нәрсенің «жалынына» қарай үрлейміз. «Балауызды өшіру»: жиі-жиі үздік-үздік дем шығару, артынша ішке дем тарту, сәл ғана кідіріп барып, қысқа-қысқа үзіліспен үш рет үрлеу: «ФУ! ФУ! ФУ!» «Киімге су бүрку»: (бір жолы үш, бес рет бүрку) терең дем алу және киімге су бүріккендей әрекеттер жасау. Құлағымның түбінен шыбын ұшты: «Ж-Ж-Ж», Мұрынымның ұшына ара қонды: «С-С-С». Инесі бар бір маса ызыңдайды ауада: «З-З-З».
Қорыта айтқанда тіл дамыту жұмысына қойылатын талаптар да оқушыға білім беру, іскерлікке үйрету және олардың білімін дамыту мақсаттарына бағынуы тиіс. Тіл дамыту жұмысы- күрделі де шығармашылық процесс.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Әбиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М., Педагогика.-Алматы: Дарын, 2004
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012
3. Зайцев В.Н. Резервы обучения к чтению. М., Просвещение, 1991г
4. Садықов «Методология 12 летнего образования».-Алматы, 2001
5. «Егеменді Қазақстан», 2004 жыл 24 ақпан.
6. «Бастауыш мектеп», 2015 ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген