400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқытудың жаңа үрдісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі Джарылгапова Нурсулу Матаевнаның "Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқытудың жаңа үрдісі" тақырыбындағы баяндамасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жарылғапова Н.М.

Жаңаөзен қаласы

«Каспий зияткерлік мектеп-бақша» жекеменшік мекемесі

Бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі

Баяндама

Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқытудың жаңа үрдісі

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп, атап өткеніндей, егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы- білім жүйесі. Орта мектепте қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады.

Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың даму кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша, 2016-2017 оқу жылындағы әдістемелік нұсқау хатына сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында жаңа оқу жылы 1-сынып мұғалімдері мен оқушылары үшін ерекше оқу жылы болып табылады. Елімізде мектеп табалдырығын аттаған барлық 1-сынып оқушылары жаңартылған білім мазмұны оқу жоспарлары және оқу бағдарламаларымен, 5 күндік оқу жүйесіне көшуде.

Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы мектептің ерекшелігі – оқудағы жетістіктер нәтижелі сипатқа ие, ал оқу процесі оқушылардың әрбір сабақта білімді «табудағы» белсенді қызметімен сипатталады. Бұл жағдайларда оқушы- таным субъектісі, ал мұғалім оқушылардың танымдық әрекетінің ұйымдастырушысы қызметін атқарады.

Ал, бастауыш сыныпқа арналған білім беру бағдарламасы оқушыларға ХХІ ғасырдағы қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада табысты болу үшін, қажетті дағдыларды меңгертуге бағытталған. Олар оқушыларды сын тұрғысынан ойлау, бірлесіп жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, проблемаларды шешу сияқты анағұрлым жоғары деңгейдегі көптеген дағдыларды өз бетінше меңгеруге,зерделеуге дайындайды және ынталандырады. Осы дағдыларды жоғары дәрежеде меңгеру математика бойынша білім беру бағдарламасында проблемаларды шешу, жаратылыстану бойынша бірлескен зерттеу және ғылыми зерттеу жүргізу дағдыларына баса назар аударса, ал дүниетану пәні аясында ойлау дағдыларын дамытуды көздейді.

Жаңартылған білім мазмұнын меңгеру мақсатында, « Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының ұйымдастыруымен өткен бастауыш сынып мұғалімдерінің курсынан қаламызда бірнеше мұғалімдер дәріс алды және жаңа оқу жылында да жалғасын таппақ.

Бұл курстан біз : 

1.Білім беру бағдарламаларының аспектілері

2.Ықшамсабақтар
3.Бағалау түрлері.т.б көкейтесті мәселелердің жауабын алып,өз іс-тәжірибемізде қолдану үшін мол тәжірибе жинақтадық.

Жаңаша оқытуда оқушы мұғалімнің түсіндіргенін меңгеріп қана қоймай,мұғаліммен тікелей пікірталасқа көшеді,оқушы рөл атқарушы ғана емес, жетекші бағытты ұстайды. Белгісізді анықтауға өзі жауап іздейді, шешімдері де әр түрлі болады. Бұл арқылы біз мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс қалыптасатынын, бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерінің жақсы дамитындығына көзіміз жетті.

Құрметті ұстаздар, қорыта келе айтарым, Елбасы Қазақстан халқына арнаған жолдауында атап көрсеткеніндей, шығармашылықпен жұмыс істеп, бар күш-жігерімізді «Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры, ұрпақтың Мәңгілік Болашағын» баянды етуге арнайық.


П А Й Д А Л А Н Ғ А Н Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты


2. 2016-2017 оқу жылында ҚР-ның жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырдың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты


3. МАН, Үлестірме материалдар.


4. Біліктілікті арттыру курсынан кіріспе.


5. Жаңартылған білім дағдысы.


6. Оқу бағдарламасы мен жоспарының мазмұны.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 мамыр
420
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі