15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Білім мазмұнын жаңарту жағдайында сабақта белсенді әдістерді қолдану тиімділігі
Білім мазмұнын жаңарту жағдайында сабақта белсенді әдістерді қолдану тиімділігі
Бiлiм беру - қoғaм мүшелеpiнiң aдaмгepшілiк, интеллектуалдық мәдeни жәнe дeне дaмyы мен кәciби білiктiлiгiнiң жoғapы дeңгейiнe қoл жeткiзyдi мaқcaт eтeтiн үздiкciз тәpбиeлey мeн oқытy пpoцeci. Білім беру ұғымын ең алғаш рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Песталоцци.
Бүгінде біз ақпараттық қоғамда өмір сүрудеміз. Мұндай жағдайда үйрене білу, үйренуге ұмтылу дамның ең басты қабілеттеріне айналуда, бүгінде үйренуге үйрену керек. Мәселе «өмір бойы азық боларлықтай білім беру» идеясының енді «өмір бойы өздігімен үйрену» ұстанымына өзгеруінде болып отыр.
Елбасы Н.Назарбаев 2011 жылы Қазақстан халқына «Болашақтың іргетасын бірге қалаймыз!» Жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс деп бекер айтпаған да болар.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес.
Жаңашыл – мұғалімдер – жаңа педагогикалық жүйелердің авторы, жаңартуды және жаңалықтарды жасаушы, жүзеге асырушы.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасына мұғалімдердің өзіне ыңғайлы нұсқаны қолдануына мүмкіндік береді. Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу тәрбиесі үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда.
Жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Жаңашылдық (инновация) – бұл шығармашылық ғылыми – зерттеу немесе өндірістік қызметтің өнімі, кез – келген құбылыс, оны пайдалану адам өмірінің нақты өмір сүру сферасында белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді. Жаңашылдық – бұл ерекше сипаты болып қоғамға бұрынырақта белгісіз болған өнімдерді тұрақты іздеу мен жасап шығару болып табылатын, шығармашылық қасиеті бар тұлғалар қызметінің қорытындысы.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Сонымен қатар білім сапасының алдында шығармашылық бағытта жұмыс істейтін тың жаңалықтар ашатын ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибелерге еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе, технологиялық бірліктердің арнайы жүйесі, олар педагогикалық нәтижеге бағытталған және оқытудың жаңа технологияларын мемлекеттік стандартқа және білімдік өзгерістерге қарай топтастыруға болады.
Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңарту идеясы алынған. Оның мазмұнына:
1)оқытудың жалпы мақсатын қою;
2)жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
3)оқушылардың білім деңгейін алдын ала (диагностикалық) бағалау;
4)оқу
әрекеттерінің жиынтығы (бұл кезде жедел
кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі
тиіс);
5)нәтижені бағалау енеді.
Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас (жаңа базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жетілдіру, оқу әдістемелік кешендерге көшу, т.б.), жаңаша ойлау қалыптасуда.Қазір дәстүрлі білім беруде оқушыларға тек пәндік білім, білік, дағдылардың белгілі жиынтығын меңгеруге ғана бағытталып, олардың жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөліп отыр.
Жеке адам (тұлға) /личность/ - қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық роль атқаратын, саналы индивид. Ол өзінің өмір жолын таңдай алады. Тұлға -қоғамдық-тарихи категория. Оның қоғамдық мәні мен әлеуметтік функциясы жеке адам сипаттамасының ең басты көрсеткіштері болып табылады. Жеке адам тарихы, философия, социология, этика, эстетика, психология, педагогика т.б. зерттеу объектісі.
Жаңа оқыту технологиясы, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үрдістерді: яғни, жадының (ес) алуан түрлерін – есту, көру, қимыл және т.б. ойлауды, ынтаны,қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша тілінде) дамытуға бағытталады.
Белсенді оқытудың басты мақсаты – білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап таба білуге үйрету. Еліміз дамудың демократикалық жолын таңдап алған қазіргі заманда оқушыларды өз бетінше шешім таба білуге үйрету заңды құбылыс. Бұл күнделікті сыныптағы жұмыстарға да қатысты: бала сабақ кезінде мейлінше белсенділік танытуы тиіс. Осындай, білім алушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын әдістемелік амалды интерактивті деп атайды. Сондықтан оқыту әрекетінде мұғалім мен оқушының тығыз байланысы болуы, мұғалім бар күш – жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы, оқушының өз тарапынан белсендік, дербестік көрсетуі өзіне деген сенімділігі арқылы ғана шығармашылық әрекетті қалыптастыруға болады. Шығармашылық әрекет – оқушының өз жеке шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет.
Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады:
Интербелсенді оқыту моделін пайдалану — өмірлік ситуацияларды моделдеуді, ролдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу процесінің қандайда бір қатысушысын немесе идеяны (яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты) ерекшелеуді шектейді. Бұл моделге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді. Интербелсенді оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.
Интербелсенді оқыту технологиясының (ИОТ) тиімділігін оқытушының оны жүзеге асыру сапасына да көп байланысты болды.
Интербелсенді оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады. «Интербелсенді» негізгі сипаттамалары қандай?
Интербелсенді оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту түрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интелектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы (компортный) шарттарын жасау. Интербелсенді оқытудың мәніс:
-сыныптағы барлық оқушы таным процесімен қамтылады,
- олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге (рефлектироват) мүмкіндік алады.
Таным процесінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл процес өзара қолдау және қайырмыдылық атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық процестің өзін дамытады, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.
Сабақта белсенді әдістерді қолдану сын пайдалану әр оқушының іс-әрекетін сабақтастыруға (өзара әсерлесудің бүтіндей жүйесі пайда болады: мұғалім – оқушы, мұғалім – сынып, оқушылар – сынып, оқушылар-оқушылар, топ – топ, топ- оқушы), оның оқу әрекетін және тұлғалар арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік береді. Әдіс –оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері.
Белсендiлiк - әлеуметтiк және психикалық белсендiлігiнiң турi: жеке адамның белгiлi бiр iс-әрекетке бағытталғандығының қарқыны. Тiршiлiк және iс-әрекеттерi барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзiн-өзi тәрбиелеу белсендiлiгi дамиды .
Оқыту әдiстерi - бұл мұғалiм мен оқушылардың оқу тәрбие жұмысының мiндеттерiн шешуге бағытталған өзара бiрлескен iс-әрекетiнiң тәсiлдерi.
Интербелсенді оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі. Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады. «Білім беруде ғылымның және ақпараттық технологияның заманауи жетістіктерін қолданатын және бұрын білім беру үрдісінде қолданылмаған әдістер инновациялық әдіс болып саналады.
Мақсаты–оқыту сапасын жоғарылату нәтижесінде оқушылардың өз қабілетін және дербестігін жетілдіру.
Интербелсенді оқытудың негізгі қағидалары:
Орта қалыптастыру
Әрекет арқылы үйрету
Өмірмен байланыстыру
Өзінділікпен дербестікке баулу
Бұл
технологияның өзін мұғалім түрліше
(орташа дәрежеде, ұқыпты, дәл нұсқау
бойынша немесе шығармашылықпен) іске
асыру мүмкін. Бұл жерде технологияны
жүзеге асырушының тұлғалық компоненті,
белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде
әсер етеді, сонымен бірге студенттің
әрекеті – оның
қабылдауы,
ынтасы, құштарлығы негізгі рөл
атқарады.
Сабақта
белсенді әдістерді қолдану
тиімділігі:
-сабақ үстінде білім алушылар мен мұғалімдер арасында тығыз қарым-қатынас орнайды;
-ондай қарым-қатынас білім алушылар әлдебір мәселені талқылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде қалыптасады;
-онда білім алушылардың жауабынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды болады.
Себебі оқытудың басты мақсатының өзі сол - білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету. Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. Мұнда балалардың бұған дейін алған өмірлік тәжірибелері білім берудің негізгі көзі болып табылады.
Бұл
әдісте білім алушы мыналармен
қарым-қатынасқа түседі:
1) мұғаліммен
(сұраққа жауап берген кезде);
2) өзге балалармен (қосақталып жұмыс істеген кезде);
3) шағын топтармен ( топпен жұмыс істеген кезде);
4) белгілі бір топпен,аудиториямен (сауалнама алғанда)
5) кейбір техника түрлерімен (компьютермен интернетке шыққанда т.б.).
Интерактивті әдістің ерекшелігі – бала өзгелермен араласу барысында ашыла түседі, көбірек оқып, тәжірибе жинай білуі керек. Тәжірибе интеллектуалдық тәуелсіздіктің негізі болып табылады және барлық өркениетті азаматтың қажетті құралы десек те болады.
Интерактивті әдістеме білім алушылардың мынадай мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді:
1)олар
мол мағлұмат алып, өздері айт-қан пікірге
логикалық түсініктеме беруге жол
ашады;
2)өз пікірлерін терең ойланып
айта алатын болады;
3) мәселені талқылаған кезде бұған дейін алған, тәжірибеде жинақтаған білім қорын пайдалана алады;
4 )бір-бірінен жаңа мағұлматтар ала отырып, білімін толықтыра алады;
5) шындыққа көз жетуі үшін дәлел іздеп, ойын анықтап көрсете алады;
Интерактивті
әдісте таным қабілеттерінің мынадай
түрлері қолданылады:
1)фактілерді
еске алу;
2) ойлану;
3) алған білімін жаңа жағдайға пайдалану;
4) талдап, синтездеп үйрену (бір ортақ шешімге жету үшін, барлық идеяларды біріктіру);
5) баға беру (сапасын анықтау).
Сөзімде қорытындылай келе:
Бұл әдіс осылай жастарды жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына жол ашады. Бұл ретте ең алдымен оқытудың формалары мен түрлерін, әдістерін түрлендіріп, жаңартып отыру, білім беру ісін технологияландыру (озық техникаларды мысалы: ғаламторды, интерактивті тақтаны, электронды оқулықтарды т.б. пайдалану) керек.
Ең бастысы білім алушыларды оқу әрекетінің субьектісі ретінде дамуын қаматамасыз ету керек.
Оқу әрекеттерін ынталандыруда
-барлығының көзқарастарына көңіл бөлу керек,
-пікірлеріне шынайы қызығушылық танытып,
-келісуі оларды белгілі бір шешім қабылдауға мәжбүрлемеу,
-пікірлерін сынауға, жоққа шығаруға, кемсітуге жол бермеу керек.
Сонда ғана алдымызда отырған оқушы -қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық роль атқаратын, саналы индивид бола алады.
.
Әдебиеттер:
Әбілов А.Қ «Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану»
Веккер Л.М «Психика и реальность»
«Мұғалімге арналған нұсқаулық» Үшінші деңгей
Загашев И.О «Учим детей мыслить критически»
№ 43 жалпы орта білім беретін мектеп
Баяндама тақырыбы:
«Білім мазмұнын жаңарту жағдайында сабақта белсенді әдістерді қолдану тиімділігі»
Баяндамашы: Бастауыш сынып мұғалімі
А. Е. Ержанова

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген