400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Білім мазмұнын жаңғырту-бүгінгі күннің басты мақсаты»

Материал туралы қысқаша түсінік
Іскерлік пен ізденімпаздықта табысты болуға, студенттерге үйретіп, XXI ғасыр-бәсеке ғасыры,олай болса,ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді қастерлейтін, ертеңгі Қазақстанның тізгінін ұстайтын, өмірдің әр түрлі мәселелерінен хабардар, кез келген тапсырманы орындауға қабілетті, қолынан іс келетін құзырлы азаматтарды осы бастан тәрбиелеуіміз керек!
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Білім мазмұнын жаңғырту-бүгінгі күннің басты мақсаты»

Кереева Альбина Тулегеновна

Атырау көлік және коммуникация колледжі .Экономикалық пәндер оқытушысы.

«Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби:Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген,көрген,естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын,олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі,өте шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек»-деген еді. Осы бір қасиетті мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны ерекше. Демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі-ұстаз, сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі. Жаңа қоғам кеңістігінде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. XXI ғасыр ғылым мен білімнің иқарыштап дамыған ғасыры деп аталатыны мәлім. Сондықтан қазіргі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, жаңа дәуір жаңалықтарымен суарылып отыруға тиісті. Бұл істе нәтижеге қол жеткізу үшін, мұғалім-қоғамдағы болып жатқан тез өзгеріп тұратын әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш, жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, жан-жақты білімдарлығы, тұтас дүниетанымы болуы қажет. Өз пәнінің шеңберінде қалып қойған мұғалім балаға білім, тәрбие берудегі биік мақсаттарға жете алмайтыны анық. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық жетелеу. Бұл жағдайда мұғалімнің терең қаруланған, педагогика мен психологияны жетік меңгерген шебер мұғалім қажет. Елбасы тұңғыш президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге, экономикалық және қоғамдық жаңарту қажеттілігіне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесін құруды» міндеттеген болатын. Заманымыз алға жылжыған сайын уақыт талабы күшейіп, білім нәрімен сусындатып отырған шәкірттеріміз білімді, талапты, ойшыл, дарынды тұлға болып қалыптасуы үшін, оқыту үрдісінде жаңа әдіс-тәсілдерді, идеяларды қолдана отырып, үздіксіз ізденіспен студенттердің білімін, таным-талғамын, ой-өрісі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту ұстаздар қауымының басты мақсаты болып отыр. Осыған орай Қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне енуі аясында педагогтің жеке тұлға ретіндегі бейнесі, оның кәсіби біліктілігі айрықша мәнге ие болуда. Білім- адамның сапаларының өзгеруін басқаратын үрдіс болғандықтан, біздің жағдайымызда, ол-педагогикалық мамандықтың кәсіби біліктілік қабілеттерін дамытуға бағытталады. Сол себепті біз «адамды»-маман тұрғысынан қарау «біліктілік» ұғымына шығарады. Біліктілік- бұл білімді меңгерудегі, тәжірибедегі білімділікті, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, біліктілігі жоғары, құзіретті бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Сол себепті білікті ұстаз, білімді маман болу үшін-әрбір ұстаз өз білімін үсдіксіз көтеріп отыруы тиіс. Білімін тұрақты көтеріп отыру-мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, Мемлекеттік дамуының құралы болып табылады. Осыған орай, қазіргі кезде білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформалар барлық деңгейлердегі білім мазмұнын жаңартуға және өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған. Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру - Елбасымыздың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы, «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары – «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары», және басқа да білім саласындағы стратегиялық бағдарламалық құжаттар негізінде жүзеге асырылып келеді. ҚР-ның тұңғыш Президенті Н.Назарбаев жыл сайынғы жолдауында білім саласына ерекше басымдылық беріп, жастардың білім-біліктілігін жетілдіру үшін барлық жағдай жасауда. «Қазақстан - 2050» Стратегиясында: ― «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек» деген болатын. Еліміздің ертеңі - бүгінгі жастар. Ол үшін қоғамда білімді де құзыретті мамандар болуы шарт. 
Аталған бағыттардың табысты іске асырылуы ең алдымен, тек білімнің сапасымен анықталатыны белгілі. Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез-келген азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі болып табылады. Елбасымыздың бұл мақсатты бағдары біздің білім беру мазмұнын жаңартудағы басты бағытымызды айқындап берді. Міне, заманымыздың тілек-талабы білім мазмұнын жаңартумен бірге, оны өмір мұқтажына орай дамытып, оқытудың жаңаша әдіс–тәсілдерін қолданудың мүмкіндіктерін арттыруды күн тәртібіне қойып отыр. Елбасының сындарлы саясатының арқасында білім саласы жылдан жылға жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Алайда, талғам өзгергенімен талап жалғыз. Алған білімі мен біліктілігі негізінде бүгінгі өзгермелі өмірді еркін бағдарлай алатын, өзін-өзі дамытып, өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдай білетін тұлғаны тәрбиелеу – қоғамдық маңызы зор мәселе. Қазіргі таңда білім мен ғылымды инновациялау мен модернизациялау экономикалық дамудың басты бағытына айналды. Еліміздің дербес даму бағыты айқындалып, халықтың тарихқа деген көзқарасы жаңа қырынан жаңғыра бастаған бүгінгі таңдағы негізгі міндеттердің бірі – білім беруді жаңа инновациялық жолмен дамыту болып отыр. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие  үрдісінің  барлық  деңгейлерінің  тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. 
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр-ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Біздің мемлекетіміз де ғылыми – техникалық   үрдістің  негізгі белгісі – қоғамды  ақпараттандырудың  жаңа кезеңіне енді.
 Ақпараттық қоғамның негізгі талабы — студенттерге ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық — құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Ал қазіргі заман талабы - өзін-өзі басқара алатын, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Осы талапқа сай, өз тәжірибеме оқытуды жаңаша ұйымдастыру, студенттердің пәнге қызығушылығын артыру мақсатымен сабақ барысында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын студенттер аудиториясына байланысты таңдап, ақпараттық-комуникациялық технология құралдарымен бірге сабақтастыра қолданудамын. Осы тұрғыда жаңа технологияның тиімді әдіс – тәсілдерін, яғни оза отырып оқыту, ұжымдық оқыту, ақпараттық–коммуникациялық технологиялар, СТО стратегияларының элементтерін пайдаланып, студенттің ізденушілік, зерттеушілік әрекетін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып, студенттердің танымдық  белсенділіктерін дамыту ұстаздардың басты міндеті болмақ. Себебі, аталмыш технология әдістері студенттерді өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, өзін-өзі және өзгені де бағалай білуге үйретеді. Мен үшін әрбір сабаққа жаңалықтарды, озық тәжірибелерді пайдалану үлкен жетістіктерге жетелейді. Өзімнің әрбір сабағымда озық технологияларды пайдалану жақсы нәтижелер бергенін көрудемін. Мақсатым: пән мұғалімі ретінде менің алдыма қойған мақсатым- студенттердің экономика пәніне деген сүйіспеншілікті ояту, терең білім беру, өз елін сүйер патриоты болуға тәрбиелеу. Әр студенттің бойына жаңа, тың серпіліс туғызатындай әдістер арқылы олардың ақыл-ойын ұштау, жетілдіру, көзқарасын, сенімділігін, жауакершілігін дамыту жолдарын іздестіру. Міндетім: жаңа технологияларды игеру және оны шығармашылықпен дамыту, инновациялық технологиялармен білім беруде қабілетті мамандарды даярлау. Кез-келген сабағымда тақырып бойынша жаңалықтармен таныстыру арқылы бастау дәстүрге айналды. Экономика негіздері пәнін оқытуда жаңа технологиялардың озық элементтерін қолдануда, әсіресе сыни тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдеріне ерекше көңіл бөлемін. «Сыни тұрғысынан ойлау»  технологиясының әдіс-тәсілдері: кластер (топтастыру), ойтолғаныс, қиял жетелеу, миға шабуыл, бүү, іnsert (түртіп алу) жүйесі, венн диаграммасы, болжам, әңгіме, ирек, сабақты қорытындылауда «5 минуттық эссе», рефлекция т.б элементтерін кеңінен қолдана отырып, студенттің ішкі мүмкіндігін танып, оның сыртқа шығарылуына түрткі жасап, қабілеттерінің дамуына жағдай туғызуға болады. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасымыз атап өткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне қолдану мен оның тиімділігін арттырудың маңызы аса зор. Себебі ақпараттық технология ғана жаңа педагогикалық технологиялардың мүмкіндіктерін іске асыра алады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бірі – интерактивті тақта, мультимедиалық және онлайн сабақтары. Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың маңыздылығы, яғни оның көмегімен оқыту үрдісіндегі өзекті мәселелерді шешуге болатындығы анықталған. Осыған байланысты күнделікті сабақта:

мультимедиа (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);

компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);

анықтамалық мәліметтер (сөздік, карта, деректер қоры);

интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы студенттің пәнге қызығушылығы артып, зейін қойып тыңдауына және алған мәліметтерді нақтылауына мүмкіндік беріледі, алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы студенттердің білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтаған кезде немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта тестілеу әдісін қолдануға болады. Бұл әдіс студенттерден бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді және тестілеген кезде мұғалім студенттердің білім деңгейін анықтай алады. Қазіргі жаңа технологиялы сабақтардың барлығында дерлік ең қажетті басшылыққа алынатын сабақ элементі болып табылатын электронды оқу құралдары. Электронды оқу құралдары - жаңа сабақты түсіндіру, тірек-сызбалары, тақырыптық тапсырмалар, тақырыптық тест жұмыстары, логикалық тапсырмалар, жаттығу тапсырмалары секілді бірнеше сабақ элементтерін қамтитын кешенді электронды жинақ. Студенттер экономика негіздері сабағында арнайы компьютерлік бағдарламалар мен электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы кез-келген тақырыпты тез меңгереді. Бұл студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыруға, олардың ой-танымын кеңейтуге, өз бетінше шығармашылықпен, ізденімпаздықпен жұмыс жасауына көп көмегін тигізеді. Барлық пәндер бойынша электронды оқулықтар жасалып, кеңінен таралуда. Ақпараттық технология және жүйелік бірігу түрлі мүмкіндіктерге жол ашты. Экономика негіздері пәнін жаңаша оқыту барысында сабақта жан-жақты технологияларды ұтымды қолданып, студенттердің шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасай білетін жан - жақты қалыптасқан тұлғаны қалыптастыру басты мақсат екені анық. Ең бастысы, студенттердің өзіндік білім алуын қамтамасыз етіп, әр түрлі білім көздерінен негізгісін бөліп алу, тауып алу дағдыларын дамытады. Жаңа педагогикалық технологияның тиімділігі – студенттердің білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізу. Әрбір студенттің білім деңгейін талапқа сай көтеру үшін озық әдістемелік технологиялар қажет. Сол жаңа озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды. Бүгінгі білім мазмұны, оқытушы мен студенттің арасындағы негізгі бастамалардың барлығы оқытушы арқылы жүзеге асырылады. Жалпы кәсіби тәжірибемде оқытудың жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерін пайдалануда күтілетін нәтиже: өз елінің тілін, тарихын, ұлттық мәдениетін жетік білетін, білімді де, сауатты жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын, осы пәнді басқа пәндермен байланыстыра алатын, өмірде өз қажеттілігіне пайдалана алатын, елінің ұлттық құндылықтарын жоғары бағалайтын жеке тұлғаны қалыптастыру. Әр сабаққа дайындық-мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. Сабақты ыңғайына қарай түрлендіре түссе, әр сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді қолданса, сабақтың мазмұны ашылады. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек»,- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі, сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді деп есептеймін. Қорыта айтқанда XXI ғасыр-бәсеке ғасыры,олай болса,ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді қастерлейтін, ертеңгі Қазақстанның тізгінін ұстайтын, өмірдің әр түрлі мәселелерінен хабардар, кез келген тапсырманы орындауға қабілетті, қолынан іс келетін құзырлы азаматтарды осы бастан тәрбиелеуіміз керек. Мұғалім- бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Яғни, балаларды тәрбиелеуде тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Олай болса, іскерлік пен ізденімпаздықта табысты болайық!







Қолданылған әдебиеттер:

1.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»/ Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.

2.Коуч мұғалімнің жұмыс кітабы, Орақова А.Ш.Корнилова Т.Б.,Жартынова Ж.А.,2014

3.Тиімді оқыту мен оқу»Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2016ж

5. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың « Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қараша
505
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі