БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БІРЛІГІ САҚТАЛСЫН

Тақырып бойынша 11 материал табылды

БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БІРЛІГІ САҚТАЛСЫН

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада білім берумен қатар тәрбие мәселесіне де ерекше назар аударудың қажеттілігі сөз болады. Жаһандану мен ақпараттық қоғам жағдайында жас ұрпақтың бойына ұлттық рухани құндылықтарды, адамгершілік пен жауапкершілікті сіңірудің маңызы айқындалады. Сонымен бірге әлеуметтік желілердің ықпалы талданып, жастардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру тәрбиенің өзекті бағыты ретінде көрсетіледі. Қорытындысында мектеп, отбасы және қоғамның бірлескен жұмысы білім мен тәрбиенің үйлесімін қамтамасыз ететіні тұжырымдалады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Боранбаева Асия Нурлыбаевна,

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Yessenov University,

"Жаратылыстану ғылымдары" кафедрасының

қауымдастырылған профессор м.а., PhD


БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БІРЛІГІ САҚТАЛСЫН


Еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны айқын. Қабылданған білім стандарттарының, реформалардың мақсаты да аян: әлемнің білім кеңістігіне ену. Ал мұғалімнің басты мақсаты да, қасиетті міндеті де рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлға қалыптастыру. Адамзат тарихындағы Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі, дегенін біз, ұстаздар қашанда жадымызда ұстауымыз керек. Өйткені «Білім мен Тәрбие»- егіз үғым.

Сапалы білім мен саналы тәрбие шынайы астасқанда ғана ұлт тілегі, мемлекет, халық мүддесі орындалмақ, қоғам өзінің рухани дамуына сай асыл қасиеттерге қол жеткізбек. Сондай-ақ, тағы бір айта кететін мәселе қазіргі заман – ғылым мен технологияның қарқынды дамыған, ақпарат ағыны толассыз, білімге деген сұраныс күн сайын артып отырған кезең. Осындай жағдайда жас ұрпаққа тек сапалы білім беру жеткіліксіз, сонымен бірге олардың бойына ұлттық рухани құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді сіңіру – басты міндет. Сондықтан да білім мен тәрбиенің бірлігі – әрбір оқу орнының негізгі ұстанымы болуы тиіс.

Адамзат дамуының тарихына көз жүгіртсек, білім әрқашан өркениет пен мәдениеттің іргетасы болған. Бүгінгі білім – тек оқулық пен пәндік білім шеңберімен шектелмейді. Ол адамның ойлау қабілетін, шығармашылық мүмкіндігін дамытып, қоғамға пайда әкелетін азамат қалыптастырудың алғышарты. Білімді ұрпақ – елдің экономикалық қуатының, ғылыми-техникалық жетістігінің кепілі. «Білімдіге дүние жарық» деп халық тегін айтпаған. Алайда, терең білім алғанымен, егер ол тәрбиемен ұштаспаса, оның құндылығы кемиді. Тәрбиесіз білім – қоғамға пайдасынан зияны көп тұлға қалыптастыруы мүмкін. Міне, осыдан келіп білім мен тәрбиенің ажырамас байланысы анықталады.

Тәрбие – адамды адам етіп қалыптастыратын негізгі құндылық. Ол – ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті сақтау, адамгершілікке, имандылыққа, еңбекқорлыққа баулу. Жас буын үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді, адалдық пен жауапкершілікті тәрбиеден үйренеді. Ұрпақ тәрбиесін назардан тыс қалдырған елдің болашағы баянды болмайтыны да анық. Бүгінгі мектеп тек білім ордасы ғана емес, сонымен қатар тәрбиенің ұйытқысы. Әрбір мұғалім өз пәнін оқыта жүріп, шәкіртін азаматтыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке тәрбиелеуге тиіс. Өйткені тәрбие арқылы ғана білімнің шынайы құны артады.

Соңғы кездерде тәжірибе көрсеткендей, қазіргі таңдағы жастардың бойында осы құндылықтар азайып бара жатқан секілді! Сондықтан осы мәселе өзектен өткен мәселелердің бірі болғандықтан мақала жазуға түрткі болды.

Білім мен тәрбие – қос қанат іспетті. Бір қанатсыз құс көкке самғай алмайды. Сол сияқты тәрбиеге сүйенбеген білім де, білімге негізделмеген тәрбие де тұлғаны толық қалыптастырмайды. Жаһандану дәуірінде жастардың бойына ұлттық болмысты сақтап, заманауи біліммен қаруландыру – ұстаздың, ата-ананың және тұтас қоғамның ортақ міндеті. Мектеп пен отбасының ынтымақтаса әрекет етуі – осы бірліктің басты кепілі. Егер ата-ана бала тәрбиесіне көңіл бөлмей, бар жауапкершілікті мектепке артып қойса, білім мен тәрбие арасындағы үйлесім бұзылады. Ал керісінше, ата-ана мен мектеп бірлесе отырып жұмыс істесе, бала тұлғасының жан-жақты дамуына жол ашылады.

Осы орайда Ұлы ойшылдар мен ғалымдардың еңбектерінде тәрбие мәселесі әрқашан басты назарда болған. Абай Құнанбайұлының «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген сөзі де тәрбиенің адам өміріндегі орнын айқындайды. Ғылым-білім адамды алға жетелесе, ар мен мінез – оның қоғам алдындағы жауапкершілігін айқындайтын негізгі қасиеттер.

Ыбырай Алтынсарин да «Балаға ең әуелі тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – зиян» деп, педагогикалық тәжірибенің басты қағидатын көрсетеді.

Осы тұрғыда әлемдік педагогикалық ой өкілдері де тәрбиенің маңыздылығын атап өтеді. Мысалы, Платон «Балаларға берілетін ең жақсы сый – дұрыс тәрбие» десе, Л.Н.Толстой «Тәрбие дегеніміз – адамның жүрегін ояту» деп, тәрбие үдерісінің рухани сипатына ерекше мән береді. Ал А.С.Макаренко: «Тәрбие – тұлғаны қалыптастырудың ең басты құралы» деп, педагогикалық тәжірибеде тәрбиелік ықпалдың шешуші орнын айқындайды.

Қазіргі білім беру жүйесінде «білім беру» ұғымы тек қана ғылыми мәліметтерді меңгерту емес, сонымен қатар тәрбиелік ықпалды жүзеге асыруды да қамтиды. Білім мен тәрбиенің бірлігін сақтау – заманауи педагогиканың негізгі ұстанымы. Бұл бірлік орындалмаған жағдайда, білім беру үдерісі өзінің басты мақсатын – адамды тұлға ретінде қалыптастыру міндетін толық атқара алмайды.

Тәрбиенің басты міндеті – жас ұрпақтың бойына ізгілік, ар-ұят, жауапкершілік, имандылық, еңбексүйгіштік қасиеттерді дарыту. Ал білім осы құндылықтарды іске асырудың құралына айналады. Демек, тәрбиесіз білім тұлғаны жарымжан етсе, білімсіз тәрбие тұлғаның мүмкіндіктерін шектейді.

Осы мақалада айтылатын тағы бір мәселе қазіргі заманда жастардың ақпаратты қабылдау кеңістігі айтарлықтай өзгерді. Әлеуметтік желілер білім мен тәрбие үдерісінде маңызды құралға айналғанымен, олардың кері әсері де жоқ емес. Әсіресе, тәрбиелік мазмұннан жұрдай, зорлық-зомбылықты, жеңіл-желпі өмірді насихаттайтын, ұлттық құндылықтарға қайшы ақпараттардың таралуы жасөспірімдердің санасына кері ықпал етуде. Бүгінгі қоғамда ата-ана мен мұғалім ғана емес, интернеттегі кез келген ақпарат көзі бала үшін «тәрбиеші» рөлін атқарып отырғанын жоққа шығаруға болмайды. Егер жастарды пайдалы мазмұнға бағыттай алмасақ, оларды зиянды ақпарат өз ықпалына баурап әкетуі әбден мүмкін.

Осы тұрғыда Әл-Фарабидің «тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген сөзі ерекше өзекті болып отыр. Өйткені әлеуметтік желідегі шектен тыс еркіндік тәрбиелік сүзгісіз білімді қабылдауға әкеліп соғады. Мұндай жағдайда білімнің өзі қоғамға пайда емес, зиян тигізуі мүмкін. Сондықтан қазіргі педагогикада жастардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру – тәрбиенің басты міндеттерінің біріне айналуы тиіс. Ақпаратты іріктей алу, жалған мен шындықты ажырату, ұлттық-рухани құндылықтарға сәйкес келмейтін мәліметтерден бойын аулақ ұстау – бүгінгі заманның тәрбие талабы.

Қорыта келгенде: білім мен тәрбие бірлігін сақтау – қоғамның дамуы үшін аса маңызды мәселе. Бұл ұстаным сақталған жерде ғылымы өркендеген, рухани құндылығы биік, мәдениеті озық ел қалыптасады. Бүгінгі бала – ертеңгі ел иесі. Сондықтан оған берілетін білім де, тәрбие де қатар жүріп, бір-бірін толықтырып отыруы тиіс. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген ұлы ғұламалардың өсиетін естен шығармай, әрбір оқу орнында білім мен тәрбие бірлігіне басымдық берсек, жарқын болашақтың негізі қаланары сөзсіз.


Пайдаланған әдебиеттер:


1. Қоянбаев Ж.К. Педагогика. – Алматы, 2001.

2. Әбілова З. Ә. Этнопедагогика. – Алматы, 1997.

3. Ғалия Аманова. Халықтық педагогика – даналық мектебі. – Алматы, 2012.

4. Табылдиев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы, 2000.

5. Б.А. Тұрғынбаева. Дамыта оқыту технологиялары. – Алматы, 2000.

6. Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. – Алматы, 2006.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі