жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Білім мониторингі арқылы мұғалім құзіретттілігін айқындау және арттыру
Білім мониторингі арқылы мұғалім құзіретттілігін айқындау және арттыру
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімімен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. «Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық-белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді.
«Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті»- деп түйіндейді белгілі оқымысты Т. Г. Браже. Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педогогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқытудың жаңаша технологиясын меңгерудің өзі ұстаздан шығармашылықты талап етеді. Ал шығармашылықпен жұмыс жасау үшін мұғалім өзінің кәсіби біліктілігін арттырып отыруы қажет.Мұғалімнің өз кәсіби қызметтерін шығармашылықпен атқаруына әр деңгейдегі әдістемелік жұмыстарды инновациялық бағытта ұйымдастырып өткізудің ықпалы мол. Біліктілігін арттырушы мұғалім өзінің білімін, жалпы дүниетанымын, кәсіби деңгейін жоғарлатады, психологиялық – педогогикалық сонымен қатар әдістемелік сауаттылығын жетілдіреді. Ең бастысы бұл білімдер мен білік дағдыларды құзырлылық ұстанымдарының талаптарына сәйкес өздерінің меңгеруі және сол жолдар арқылы өздерінің ойлау жүйесін, шығармашылығын өнертапқыштығын, рефлексиялық машығының дамуына жол ашады.Сол кезде ғана мұғалімнің өзіне-өзі баға беру деңгейі артып, өзін-өзі анықтап, үздіксіз өзін-өзі дамытуға деген қажеттілік туады.
Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» жолдауында: «оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет... ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» дегені мәлім. Елбасының осы алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар - әрине, жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы білім мен салауатты тәрбие беру қажет. Ол, Мағжан айтқандай, мектеп пен ұстаздарға байланысты. Еліміздің дамуының алғы шарты білім дедік, яғни «Үшінші мыңжылдықтың жастары қандай болмақ?» деген сұрақ туындайды. Жауапкершіліктің биігінен көрінуі де жас ұрпаққа берілетін білім сапасын мейілінше арттыруды қажет етеді. Ал, білім сапасын арттыру, оның деңгейін әлемдік білім кеңістігіндегі стандарттарға сай келтіру түптеп келгенде, мұғалімге, оның кәсіби құзырлығына, әдістемелік біліктілігі мен шеберлігіне тікелей байланысты. Жас ұрпаққа жоғары сапалы білім беру ісін тек қана көп мәдениетті, шығармашыл, жаңашыл, инновациялық тұрғыда ойлап, қызмет жасай білетін ұстаз ғана мүлтіксіз атқара алады. Мұғалім жұмысы алдындағы оқушысының білімінен көрінеді. Оқушылардың білім, білік, дағдыларының қаншалықты қалыптасқандығы ол мұғалім жұмысының сапасы деген сөз.Осы талап тұрғысынан алғанда мектебімізде білім сапасының артқанын көреміз.
|
|
Оқушы лардың жалпы саны |
1-сынып |
Үйден оқитын оқушы |
Оқушы саны |
1-4 сынып |
5-9 сынып |
10-сынып |
Жалпы сапа |
5-9 сынып |
10-сынып |
Жалпы сапа |
|
|
2020-2021 (I тоқсан) |
84 |
13 |
3 |
68 |
14 |
18 |
2 |
50% |
18 |
2 |
50% |
|
|
2020-2021 (IІ тоқсан) |
84 |
13 |
3 |
68 |
16 |
22 |
2 |
59% |
22 |
2 |
59% |
|
|
2020-2021 (IІІ тоқсан) |
84 |
13 |
3 |
68 |
16 |
23 |
2 |
60% |
23 |
2 |
60% |
|
Мектепте 84 оқушы бар. 1-сыныпта 13 оқушы бар. Биылғы оқу жылында 1-сынып бағаланбайды. Сонда барлығы 68 оқушының 41-і озат және екпінділер, ол 60% білім сапасын көрсетіп отыр. Орташа оқитындар саны 27, ол 40% құрайды. Оқу жылының басымен салыстырғанда білім сапасы артқанын байқаймыз. Оқушылардың жалпы білім беретін пәндер олимпиада нәтижесі 2019-2020 жылы 11 оқушы қатысып,6 оқушы жүлделі орынға ие болған, ол 54% құрайды. 2020-2021 оқу жылында 10 оқушы қатысып ,6 оқушы жүлделі орындар алды, ол 60% құрайды. Сондай –ақ мектеп оқушылары облыстық интеллектуалды олимпиадалар мен республикалық қашықтық олимпиадаларға қатысып жүлделі орындар алып жүр.
Даму да, білім де ешбір адамға қолдан беріле салмайды. Кімде кім оған қол жеткізгісі келсе әрекет етуі, күш салуы қажет. Бұл тұрғыдан алғанда кез келген білім-ол өз бетінше білім алу. Шығармашылық әлеуеттің дамуы өз білімін көтеруге негіз болады. Мұғалім шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, өзінің құзіреттілік аясын кеңітеді.Мұғалімдердің сапалық құрамына келетін болсақ : жоғары санатты -3, педагог-зерттеуші-1, І санатты-6, педагог-сарапшы -3, ІІ санатты-6, педагог-модератор-4 . Барлығы 33 педагогтың 23 –і санатты,ол 70% құрайды.Педагогтардың сапалық құрамының жылдан жылға өсіп келе жатқанын көреміз. Кәсіби құзіретті еңбек деп мұғалімнің педагогикалық әрекетті өте жоғары деңгейде атқара алуы, педогогикалық қарым-қатынасқа түсе алуы нәтижесінде оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейінің жоғары болуы деп санаймыз. Білім сапасы мұғалім жұмысының , сабақтың сапасына, мұғалімдердің шеберлігіне байланысты. Білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының бірі - белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру.Осы мақсатқа орай, жылда мектепте мектепішілік семинарлар ұйымдастырылуда.
2020 жылдың 15 желтоқсаны күні бастауыш сынып мұғалімдері және шағын орталық тәрбиешілерімен «Рухани-адамгершілік білім тұрғысынан педагогтардың атқаратын рөлі»» тақырыбында мектепішілік семинар өтті.Семинарлардың мақсаты: Рухани адамгершіліктің маңыздылығы туралы терең мәліметтер бере отырып, ұстаздардың бойында ізгілік қасиеттерді бала тәрбиесімен ұштастыра білуге бағыт беру. Оқытудың жаңа стратегиясы мен бағалаудың жаңа жүйесінің оқушылардың білім сапасын арттырудағы рөлі.Ұстаздардың өзара тәжірибе алмасуын ұйымдастыру. Семинар шағын орталық тәрбиеленушілері «Ботақан тобының» «Біз бақытты балдырған» атты әдеби-музыкалық қойылымымен басталды. Мұғалімдерді психологиялық жағынан дайындау, көңіл күйлерін көтеру, бүгінгі жұмысқа ынталарын арттыру мақсатында әдеби-музыкалық қойылым маңызды болды. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқып жатқан 4-сыныпта Ерсолтанқызы Ақмаралдың әдебиеттік оқу пәнінен «Ата –баба мұрасын құрметтейміз», 2-сыныпта Қасенова Жансаяның әдебиеттік оқу пәнінен Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан.Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбында ашық сабақтары өткізілді. Әрбір сабақ оқыту мақсаттары мен оларға жету критерийлерін айту,көрсетуден басталды.Сабақтарда мұғалімдер білім алушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру және оқу нәтижелерін бақылауды жүзеге асырды. Ақпараттық –коммуникациялық технолгияларды пайдаланып, критериалды бағалауды енгізіп, тәжірибеде көрсетті. Сабақтарда сыныпты топқа бөлу, топтық және жұптық жұмыстар орындату, білім алушының өздігінен білім алуына , ізденуіне, қорытынды жасауына ықпал ету жұмыстарына басымдық берілді.Кері байланыс жақсы жасалды, білім алушыны үнемі мадақтап, көтермелеп отыру болды. «Тиімді әдіс-тәсілдер сапалы сабақ кепілі» тақырыбында Данабаева Арайдың шеберлік сыныбында мұғалімдер шеберлігін шыңдап,өзара әрекетке түсіп, тәжірибе алмасты.
2021 жылы 23 ақпан күні «Педагогикалық рефлексия- мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін жетілдірудің қуаттты көзі» тақырыбындағы мектепішілік семинар өтті. Бұл семинардың мақсаты «Педагогикалық рефлексия жасай білу. Педагогикалық рефлексияның сабақ сапасы мен білім сапасын арттырудағы рөлі. Мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуына ықпал жасау болды. Мұғалімге критериалды бағалауды оқу процесін барынша тиімді ұйымдастыруға болатындай түрде пайдалану, білім алушыларға дер кезінде қолдау көрсету және олардың оқудағы алға жылжуын қамтамасыз ету, мүдделі тараптарға оқу нәтижелері туралы ақпаратты беріп отыру ұсынылады. Мұндай бағалау жүйесі алдымен білім алушыларды табысты оқуға ынталандыруға, білімдегі олқылықтарын анықтауға және олардың өсуін көрнекі түрде көрсетіп отыруға бағытталған.Осы талап тұрғысынан екі ашық сабақ өтті. 7 сыныпта физика пәнінен Отарбаева Айманның Практикалық жұмыс. «Қысым тарауына сандық және сапалық есептерді шығару» және 8-сыныпта Хамитжанова Баянның қазақ әдебиеті пәнінен М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда поэмасы тақырыбында өтті.Сабақтар талданып, әріптестерінің жақсы бағасын алды.
Мектептегі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ахметов Серік « Оқушылар арасында пайдаланылатын ағылшын тілінен енген кірме сөздер» тақырыбындағы ғылыми жобасын ортаға салды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Еңсебаева Жұлдыз «Қазақ тілі пәні бойынша оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар жинағы » тақырыбындағы авторлық бағдарламасымен бөлісті. Ғылыми жоба мен авторлық бағдарлама ұстаздарға ой салып, жан-жақты талданып, жетістіктері ерекшеленіп, ұсыныстар айтылды. Болашақта жазылатын жобаларға үлкен әдістемелік көмек болды.
«Педагогикалық рефлексия- мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін жетілдірудің қуаттты көзі» тақырыбында коучинг ұйымдастырылды. Коучинг мұғалімдерге әдістемелік көмек, педагогтердің кәсіби қарым-қатынасқа түсуіне, өзін-өзі жетілдіруге, шығармашылық әлеуетінің өсуіне жағдай жасау және ынталандыру мақсатында болып, семинардың сапасын арттырды. Сонымен қатар педагогикалық рефлексия туралы тәжірибелері қалыптастасып, өз жұмысына рефлексия жасауға үйренді. Семинардың мұғалімдер үшін пайдасы зор болды. Жаңартылған бағдарламаның мақсаты мен міндеті тереңінен ашылып, мұғалімдер бір-бірімен іс-тәжірибе алмасып, кәсіби шеберлігі артты.
Мектепішілік семинар соңында өткізілген жұмыстарға кері байланыс болып, « Екі жұлдыз, бір ұсыныс» жасалды. Үздік жұмыс көрсеткен мұғалімдер мектеп директорының Мадақтамасымен марапатталды.
Кез келген білім ордасының білім сапасын арттырудағы туындайтын кейбір проблемалардан шығу үшін: нәтижеге бағытталған жалпы орта білім беруде мұғалімнің кәсіби құзырлылығын дамытуды талап етеді. Әрбір мұғалімнің кәсіби дайындық сапасына қойылатын талап немесе кәсіби теориялық білімі мен практикалық біліктілігі –құзыреттілік пен кәсіби шеберлігінің сапасы ретінде қаралады. Құзыреттілікті нәтижеге бағытталған білім беру жүйесінің сапалық критериі ретінде қарау, зерттеу, бүгінгі күн талабы.
Мұғалім жауапкершілігін арттырып, кәсіптік мәдениетін көтеруде әрбір ұстаз өз пәнінің аясында қалып қоймай қандай да бір дәрежеде шығармашылық пен еңбек ете білуі керек.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Ахметкалиева Нурзия Саркытбековна

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген