400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Білім нәрі - ізденісте"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Көшбасшы-2018»


Сайыстың тақырыбы: «Білім нәрі-ізденісте»

Сайыстың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың білімдерін тиянақтау. Білімге, ғылымға деген қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау жылдамдығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелілік: Сөйлеу мәдениетін сақтауға, әдептілік пен ұжымдыққа тәрбиелеу, бір-бірін сыйлауға баулу.

Сайыстың көрнекілігі: Мультимедия кабинеті, дидактикалық материалдар, электронды оқулық, интерактивті тақта.

Сайыстың әдісі: Сұрақ-жауап, қайталау, шешендік өнер, логикалық тапсырмаларды орындау.

Сайыстың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. «Бәйге» кезеңі

ІІІ. «Жорға» кезеңі

IV. Көкпар

V. Шешендік өнер

VI. Қорытынды

І. Оқушыларды психологиялық дайындау. Әр оқушы өздерін таныстыру.

І. «Бәйге» кезеңі

Бұл кезеңде сайысқа қатысушы оқушыларға сұрақтар беріледі.

Сұрақтар:

  1. Білім күні қай күн? (1-қыркүйек)

  2. Заттың атын білдіретін сөз? (Зат есім)

  3. 1 сағатта неше минут бар? (60 минут)

  4. Жылдың 4 мезгіліне өлең жазған ақын кім? (Абай)

  5. Асан Қайғының Жерұйықты іздеуі мәтіні шығарманың қай түріне жатады?(Аңыз)

  6. Алпамыстың қарындасының аты кім? (Қарлығаш)

  7. 1 ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)

  8. Абылайдың шын аты кім? (Әбілмансұр)

  9. ҚР-ның тұңғыш президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)

  10. Ұлы Отан соғысының батыр қыздары кімдер ? (Әлия, Мәншүк)

  11. «Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай» ертегісіндегі нан илейтін кім? (Бәйбіше)

  12. «Сәулелі жұлдыз» іздеген адам әңгімесі кім туралы жазылған? (Ыбырай)

  13. Құрманғазының анасының аты кім?(Алқа)

ІІ. Жорға кезеңі

Әр оқушыға 5 сұрақ беріледі (10 балл). Төмен балл жинаған оқушылар сайыстан шығады.

Сұрақтар

№1

1.Бір жылда неше мезгіл бар? (4)

2.Аптаның соңғы күні қалай аталады? (Жексенбі)

3.Алғашқы Әліппені жазған жазушы кім? (А.Байтұрсынов)

4.Зат есім дегеніміз не? (Заттың атын білдіреді)

5. Абайдың неше қара сөзі бар? (45 қара сөз)

6.Қазақ қызының сұлулығын суреттелген шығарманың ата?(Қыз Жібек)

7. «Қазақтың хан сайлауы» шығармасындағы жоңғар қоңтайшысының атын ата? (Қалдан-Серен)

8.ҚР қазіргі Констуциясы қашан қабылданды? (

9.Мұрын қандай мүше? (иіс сезу)

10.Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды? (1986ж16-желтоқан)

№2

1.Сан есім дегеніміз не? (Заттың санын, ретін білдіретін)

2.Бір тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)

3.Кітапханада кім жұмыс істейді? (Кітапханашы)

4. «Әже» кімнің өлеңі? (Ф.Оңғарсынова)

5. «Бұл кім?» өлеңінің авторы кім? (Ы.Алтынсарин)

6.Судың үш күйін ата? (қатты,сұйық,бу)

7Арал теңізіне қандай өзендер құяды?(Сырдария мен Амудария)

8.Онның кубы неше тең? (мыңға)

9.Алмұрт сөзінде неше дауысты дыбыс бар? (екі)

10.Биік сөзіне мәндес сөз? (аласа)

№3

1.Сын есім дегеніміз не? (Заттың сынын, сапасын, түрін, түсін білдіреді)

2.Астана қай өзеннің бойында орналасқан? (Нұра)

3.»Ғылым таппай мақтанба» өлеңін кім жазған? (Абай)

4.Адамға ең қажетті затты аты? (Ауа)

5. Бір дм неше см болады? (10см)

6.Оттегі ауаның неше бөлігін құрайды?(үштен бір бөлігін)

7.Ауа ненің қоспасы? (газдардың қоспасы)

8. «Тасбақаның шөбі» әңгімесінің авторы кім?(Әбіш Кекілбаев)

9.Құманғазының Динаға үйреткен күйін ата? (қайран шешем)

10.Мұстафа Өзтүрік қай спортты жетік меңгерген? (таэквондо)

№4

1.Етістік дегеніміз не? (Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді)

2.7 ондық 0 бірліктен тұратын сан? (70)

3.Біздің туымыздың түсі қандай? (Көгілдір)

4. «Ұр,тоқпақ» ертегісіндегі Қазыбайдың жақсы үш затын ата? (піс қазан, құс есек, ұр, тоқпақ)

5. Қосуды немен тексереді?(Азайтумен)

6. «Шықшы тауға, қарашы кең далаға» деген үзінді кімнің шығармасынан алынды?(Қ.Аманжолов «Туған жер»

7.Қарлығаш қай батырдың қарындасы? (Алпамыс)

8.Көксерек әңгімесінің авторы кім? (М.Әуезов)

9.Шабындық деп нені атайды?(Пішен дайындалатын шалғынды)

10.Шалғында кездесетін мал жемейтін улы өсімдіктердің атын ата? (уқорғасын,сарғалдақ)

№5

1.Жалқы есім дегеніміз не? (Кісінің аты-жөні, жер-су аттарын, жануарларға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады)

2.1кг-да неше грамм бар? (1000г)

3.Елтаңбаның авторын ата? (Шот Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәліков)

4.Мал қашан төлдейді? (көктем)

5. Қанқыздікі қандай рең? (сақтандырғыш рең)

6.Қымбат сөзінің қарсы мәндес сыңарын ата? (Арзан)

7.Мәтінің түрлерін ата? (әңгімелеу,сипаттау, пайымдау)

8. Әміре Қашаубаев кім? (әнші)

9.Мақалдың жалғасын айт «Оқу білім –бұлағы? (Білім-өмір шырағы)

10. Көкшетау өлеңінің авторы кім?(І.Жансүгіров!)

№6

1.1км-де неше метр бар? 1000м.

2.Етістіктер неше түрі бар? (2 түрі бар. Дара және күрделі)

3.Шахта жұмыс істейтін адамды кім дейді? (Шахтер)

4. Жалпы есім дегеніміз не? (Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есім дейміз)

5. Қара шыбындыкі қандай рең? (қорғаныш рең)

6.Биенің сүтінен не даярлайды? (қымыз)

7.Су қоймасының өсімдіктері? (Құрақ,қоға,қамыс)

8.Таулы жерлерде мекендендейтін жыртқыш аң?(Барыс)

9.Мұнай қандай зат? (майлы, қоймалжың зат)

10. Қазақстандағы қорықтарды ата?( Алматы,Ақсу,Жабағылы, Марқакөл)

№7

1.Мұнайдан не алынады? (жер май, бензин, жағармай)

2.Дара етістік неше сөзден тұрады? (бір)

3.Ұлттық ойындарды ата? (көкпар)

4.1м-де неше см бар?(100см)

5.Өсімдіктердің қайсы мүшесі топырақ астында жатады? (тамыр)

6Жердің серігі не? (Ай)

7.Салмағы 70 кг адамның денесінде неше кг су бар? (50)

8. Адам баласы тарихында ғарышқа 1961жылы кім ұшты? (Ю.Гагарин)

9Жердің пішіні қандай? (шар тәрізді)

10 Нағашы жұрт дегеніміз кімдер? (Шешесінің туысқандары)

№8

1.ҚР.-өз тәуелсіздігін қашан алды? (1991 жылы 16 желтоқсан)

2.Жіңішке дауыстыларды ата? ( ү,і, е,и,ө)

3.1 аптада неше күн бар? (7күн)

4.Абайдың анасы кім? (Ұлжан)

5. Қызыл кітапқа кірген жануарларды ата? (Құлан)

6.Кітап қай тілден енген сөз? (араб тілінен енген)

7.Республика күні қай күн? (25 қазан)

8. « Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің жетешісі кім?(Олжас Сүлейменов)

9.Түйе қандай жануар? (шөлге төзімді)

10. Планета сөзі грек тілінен аударғанда қандай сөз? (жұлдыз)

№9

    1. жылда неше ай бар? (12 ай)

2.Оңтүстік Қазақстанда не өсіріледі? (Мақта)

3.1мүшелде неше жыл бар? (12 жыл)

4.Бота сөзінде неше дыбыс бар? (4)

5. Каспии теңізінде не өндіріледі? (мұнай)

6. Күн неше ірі планетадан тұрады? (тоғыз)

7. Тұздан қандай заттар алынады? (Сода мен хлор)

8.Өсімдіктің жақсы өсуіне қандай топырақ қолайлы? (саздақ)

9.Сарыағаш демалыс орны қай облыста орналасқан?(Оңтүстік Қазақстан)

10.Тоқтар Әубәкіров ғарышқа қай жылы ұшты? (1991жыл)

№10

1.Жуан дауыстыларды ата? (а,о,ұ,ы)

2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл? (қазақ тілі)

3.1м-де неше дм бар? (10дм)

4. Балалар сөзінде неше буын бар? (3)

5. Үш бұрышы бар фигура қалай аталады? (үшбұрыш)

6.30-тамыз қандай күн? (Конституция күні)

7.Тау биіктеген сайын климаты қандай болады? (салқындайды)

8. Адам денесінің тірегі не? (қаңқа)

9.Күнді не айналады? (Жер)

10. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар? (тұз,фосфорит, әктас,мәрмәр)

IІІ. «Көкпар» кезеңі

Бұл кезде оқушылар ұяшықта жасырылған сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтардың тақырыптары мыналар:

Ана тілі

10

20

30

40

50

Математика

10

20

30

40

50

Дүниетану

10

20

30

40

50

Салт дәстүр

10

20

30

40

50


1.Ана тілі

10.Шөмене сөзінің мағынасын тап?(үйілген шөп)

20.Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар –деген өлең кімдікі? (Ноғайбайұлы Қайрат)

30.Сабалақ кім? (Абылай хан)

40. «Көбелек пен Ебелек» мысалдың авторы? (Шона Смаханұлы)

50. «Әбілмансұр» әңгімесінің авторы кім? (М.Әуезов)

2.Математика

10. Диас дәптер алу үшін 10 теңге төлегенде сатушы 3 теңге қайтарып берген. 1 дәптер неше теңге тұрады? (7т)

20. Кеше Айгүлдің туған күні болды. Ертең бейсенбі болады. Айгүлдің туған күні аптаның қай күні? (2 күні)

30. 3 қойдың аяғы нешеу? (12)

40. 2 қыз бала сүт алуға келе жатып жолдан қолында сүті бар қызды кездестірді. Барлығы неше қыз сүтке барған? (3)

50. Үстелдің беті төртбұрыш оның бір бұрышын арамен кесіп алмсақ , неше бұрыш қалады? (5)

3. Дүниетану

10.Жылдан құр қалған жануар (түйе)

20.Көру мүшесі не? (көз)

30.Адамның жануарлардан қандай айырмашылығы бар? (сөйлей алуымен)

40.Қара алтын? (мұнай)

50.Пайдалы қазбаларға не жатады? (Әк, тас, көмір, газ, мұнай)

4.Салт-дәстүр

10.Қандай салт-дәстүрді білесің? (Құда түсу, бесік той, беташар т.б)

20. «Бас табақ» деп қай табақты айтады? (Бас салынған табақ)

30.Сәукелені кім киеді? (Жас келін)

40. Күйді орындаушы кім? (күйші)

50. Әкеңнің анасы саған кім болады (әже)

ІV. Шешендік өнер

Оқушыларға белгілі бір тақырып беріледі.

1.Маған ұнаған мезгіл

2.Кім болам?

Сабақты қорыту

Жеңімпазды мадақтау, оқушыларды бағалау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қазан
835
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі