Аскарова Жанар Багидулаевна – Шығыс Қазақстан облысы,
Жарма ауданы, «Георгиевка орта мектебі» КММ-нің бастауыш сынып
мұғалімі.
Педагогикалық еңбек өтілі 22 жыл,бірінші санатты
ұстаз.
Эссе
Тақырыбы : «Білім негізі –
бастауышта ! »
Ұстаз болу-жай ғана мамандық
емес.Ол-адам бағдарын жасаушы.Адам өмірге келген соң
үлкен мақсаттар қойып, талапшылдықпен,
мақсаткерлікпен алға аттасам – бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі
ғажайып мәні. Өйткені мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін.
Мен мұны мақтаныш сезіммен айта
аламын. Менің ұстаз болуыма жол салып,
арман ғана болып қалмауына негіз болған менің білім нәрін
сусындаған Жаңғыз – Төбе кентінің № 234 мектеп ұстаздары мен
алғашқы ұстазым. Өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен ұстаз
болуым. Бұл сөзді мен жай ғана айта салмаймын. Өйткені, бұлай
айтуым – маған үлкен жауапкершілік
жүктейді. Менің шәкірттерім егемен елдің, Тәуелсіз
Қазақстанның толыққанды азаматы болып шықса, одан артық менде
қандай арман болсын. Міне,осындайда «Ұстаз - ұлық емес ұлы қызмет»
деген Бауыржан Момышұлының керемет дана сөзін әрқашан есіме
аламын.
Әрине, ұстаз болу жоғарғы педагогикалық оқу
орнын бітіру аздық етеді. Ұстаздық атты ұлы шыңға көтерілу үшін
өмір бойы оқисың. Өзің шын мәніндегі үлкен оқушы болғанда ғана
кемел ұстаздыққа қол жеткізе аласың деп
білемін. Өз мамандығым жайлы ойлана
отырып, мен өзімнің педагогикалық жұмысымның мәнін аша алатын
сөздер іздедім: бастауыш сынып мұғалімі тәуліктің 24 сағатында
педагог болуы тиіс, себебі ол – білімніің негізін қалаушы
адам.
Өзімнің алдағы 5-жылғы іс
-тәжірибелік жұмысымның нәтижесінде оқушыларымның білім сапасының
артуына, тәрбиелік жұмыс жобамның негізінде оқушыларымның
шығармашылық қабілеттеріне көп көңіл бөліп, азын-аулақ
жетістіктерге қол жеткіздім деп
санаймын.
Өзім жетекшілік ететін 4«Б»
сыныбының оқушылары Самархан А.(қазақ тілі), Хасенова Г.(ана тілі)
мектепішілік 2013-2014 оқу жылының олимпиадасында І орын алып,
аудандық олимпиадаға ұсынылып отыр. Аталған оқушылары 2 сыныптан
«Өнер мектебінің» ақындар сыныбының кіші тобына таңдалып, өлең
шумақтары «Тұрақталды тұғырым» атты жинаққа
кірді.
2010-2011оқу жылы оқушысы
Қайырбекова Н. мектепішілік олимпиадада математика пәні бойынша І
орынға ие болып, 2010 жылы Халықаралық 51 математикалық
олимпиаданың фестиваліне қатысқаны үшін Жарма аудандық білім
бөлімінің «Сертификатын» алды. «Ізденіс сәті - білімде» тақырыбына
өткізілген ғылыми – практикалық конференцияда І орын алғаны үшін ,
математика пәні бойынша облыстық олимпиадасының аудандық кезеңінде
ІІ орын алғаны үшін Қайырбекова Н. аудандық білім бөлімінің
грамоталарымен марапатталды.
2014-2015оқу жылы бастауыш
сынып мұғалімдер арасында аудандық «АКТ қолдану арқылы үздік сабақ»
атты сайыста ІІ орынға, облыстық сайыста алғыс хатқа ие болдым.
2010 жылы қараша айында ШҚО БАИ ұйымдастырған облыстық
ғылыми-практикалық интернет-конференциясына қатысып, «Бастауыш
сынып пен мектепалды даярлық тобындағы сабақтастық баланың
әлеуметтенуіндегі орны» атты баяндамасы тақырып мәселесіне сай деп
танылды.
2017 жылы «Мектептегі
мерекелер» Республикалық ғылыми-әдістемелік,педагогикалық журналда
мектепішілік өткізген «Наурыз мейрамы» атты тәрбие сағатым,2011
жылдың «Бастауыш сыныпта оқыту» Республикалық ғылыми-әдістемелік
журналында қазақ тілінен «Шылау» тақырыбына аудандық семинарда
өткізген ашық сабағым баспаға жарияланды.Ғылыми-әдістемелік жобадан
«Ешкі сүтінің емдік қасиеті» тақырыбы бойыншы оқушым Амангелді
Аружан ауңдандық сайысында І орынға, облыстық кезеніңде ІІ орынға
ие болды.
Ал, «осы мамандықты
таңдағандағы жетістікті қалай өлшеуге болады?» деген сұрақ қойылса,
былай деп жауап берер едім: «Жетістік деп мен өзімнің оқушыларымды
оқытудағы және тәрбие берудегі табыстарымды айтар едім. Оның
нәтижесі – оқушыларымның өмірдегі жеңістері, дарындылық
қасиеттерінің, қабілеттерінің ашылып, кеңейе түсуі, өзін-өзі
бағалауды күшейтуі, өз бақытын
іздеуі».
«Ақша жоғалтсаң – ештеңеңді
жоғалтпайсың, уақытыңды жоғалтсаң – көп нәрсеңді жоғалтасың,
досыңды жоғалтсаң – көп нәрсеңді жоғалтасың, өзіңді жоғалтсаң
- бәрін жоғалтасың» деп неміс мақалы дұрыс айтылған. Осыған орай,
менің өмірлік
қағидам – ешқашан өз
қадір-қасиетімді жоғалтпау, әрқашан тек шыншыл, адал, өз ісіне
берілген тұлға болып қалу».