400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім негізі - бастауышта қаланар, Білімменен әлемге жол салынар

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім негізі - бастауышта қаланар, Білімменен әлемге жол салынар
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Бидайық негізгі мектебі» КММ – сі







Shape1

атты топтық сайыс



Өткізген: Мұханбетқалиева Жаңагүл Ерсайынқызы



2018 – 2019 оқу жылы

Тақырыбы: « Білім негізі – бастауышта қаланар,

Білімменен әлемге жол салынар»

Мақсаты:

  • Оқушылардың білімдерін ортаға салу, пәндер бойынша алған білімдерін тексеру.

  • Оқушылардың сөздік қорларын молайту, дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын, ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту.

  • Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз, ойшыл, жауапкершілігі мол тұлға етіп тәрбиелеу. Туған тілімізді сүюге, басқа тілдерді қадір тұтуға, туған елін, жерін құрметтеуге, жан-жақты білімділікке баулу.

Көрнекілігі: топ аттары, әр топтың газеттері, төсбелгілері, тапсырмалар жазылған форматтар, слайдтар.

Түрі: топтық білім жарысы

Әдіс – тәсілдері: сұрақ-жауап, топтық жұмыс

Пәнаралық байланыс: дүниетану, жаратылыстану, орыс тілі, ағылшын тілі, көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру

Мұғалім:

  • Қайырлы күн, құрметті ұлағатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі бастауыш сыныптар арасында өткізгелі отырған « Білім негізі – бастауышта қаланар, Білімменен әлемге жол салынар» атты топтық білім сайысына қош келдіңіздер!

Алдымен сайысымыздың әділ бағасын беретін қазылар алқасын сайлап алайық:

1). ________________________________________

2). __________________________________________

3). __________________________________________

Сайысымыз 7 айналымнан тұрады:

1-айналым: «Таныстыру».

2-айналым: «Ұшқыр ой».

3-айналым: « Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!».

4- айналым: « Ұяшықты таңда!».

5-айналым: « Кім жылдам?»

6-айналым: « Мақал - сөздің мәйегі».

7-айналым: «Ойжұмбақ».

Сайысқа 1-3 сыныптар аралығынан 2 топ қатысады. Топтарға сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастаймыз.

1-айналым: «Таныстыру». Топ басшылары өз топтарын таныстырады.

1-топ: «Бес саусақ».

2- топ. «Жұлдыздар».

2-айналым: «Ұшқыр ой». Бұл айналымда 10 сұрақ қойылады. Сол сұраққа ең бірінші қол көтерген топ жауап береді, сіздердің ұшқырлықтарыңыз бен сұраққа тез әрі дәл жауап бергендеріңіз есептеледі. Дұрыс жауапқа – 10 ұпай беріледі.

Спортты да, білімді де меңгереді,

Сұрақтарды білгендер тез шешеді.

Тез ойлау да тамаша қасиет қой,

Ұшқыр ойың осыдан білінеді.

«Ұшқыр ой» айналымының сұрақтары:

1). ҚР-ның мемлекеттік тілі? (қазақ тілі)

2). Әр адамның шағын отаны? (отбасы)

3). Есту мүшесі? (құлақ)

4). Мемлекеттік рәміздер? ( Ту, Елтаңба, Әнұран)

5). ҚР тәуелсіздігін қашан жариялады? (1991 жылы, 16 желтоқсанда)

6). Тұңғыш қазақ ғарышкері? ( Тоқтар Әубәкіров)

7). Күйді орындайтын адам? (күйші)

8).ҚР-ның Президенті? ( Н. Ә. Назарбаев)

9). Тігуге де, бұзуға да ыңғайлы үй? (киіз үй)

10). Қазақстан халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады? (1991 жылы, 1 желтоқсанда)

3-айналым: « Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!».

Бұл айналымда «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!» деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, өз ана тілімізбен қоса, орыс және ағылшын тілдеріндегі білімдеріңіз сараланады. Сіздерге 10 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапты екі тілде, яғни орыс және ағылшын тіліндегі аудармаларын айтасыздар. Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан қосылады.

1). Әкеңнің анасы саған кім болады? (Жауабы: әже-бабушка-grandmother)

2). Сылдыр сұйық, су емес,

Ішсең шөлің қанады.

Ақ болса да, қар емес,

Шешуің кім табады? ( Жауабы: сүт – молоко - milk)

3). Жылы киім – тон,

«Т» - ны алып тастап,

Не деп айтқан жөн? ( Жауабы: он – десять – ten)

4). Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады? (Жауабы: кітап – книга – book)

5). Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы? (Жауабы: мектеп – школа – school)

6). Алуан түрлі із салғанмен,

Өзінен де пайдалысы – өзегі? (Жауабы:қарындаш–карандаш–pencil)

7). Тіл ұшында уы бар,

Ол не екенін біліп ал? (Жауабы: жылан– змея – snake)

8). Бұл кім?

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған,

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған? (Жауабы: ана–мама –mother)

9). Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады? (Жауабы: жуа–лук–onion)

10). Адамға серік,

Күзетке берік? (Жауабы: ит–собака –dog)

4- айналым: « Ұяшықты таңда!». Бұл айналым бойынша ұпай санын ( 10, 20, 30) таңдау арқылы 4 пәннен (дүниетану, жаратылыстану, орыс тілі, ағылшын тілі) сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа таңдаған ұпай саны беріледі.

  • Ал, келіңдер, келіңлер!

Дұрыс жауап беріңдер!

Білімдерді тексеріп,

Саралап бір көріңдер!



Сырлары көп білімнің

Шешілмеген әлі де,

Тереңдігі білімнің

Керек екен бәріңе!

Дүниетану.

10. ҚР-ның астанасы? (Астана)

20. Ұлттық мейрам? ( 22 наурыз)

30. Көкжиектің негізгі неше тұсы бар? (4)

Жаратылыстану

10. Өсімдіктің топырақ астындағы бөлігі қалай аталады? ( тамыр)

20. Адам денесінің тірегі? (қаңқа)

30. Өсімдіктер, құстар, аңдар, бунақденелілер, суқойма жануарлары, сондай-ақ адамзат тіршілік ететін Жер қабығы? ( биосфера)

Орыс тілі(Русский язык)

10. Сколько букв в русском языке? (33 букв)

20. Назови окончания женского рода? ( -а, -я (-ь))

30. Век это – ( 100 лет)

Ағылшын тілі (English)

10. How many letters in English? ( 26 letters)

20. To name the days of the week? (Monday, Tuesday, Wednesday, Thursday, Friday, Saturday, Sunday )

30. Count and say: 7+3= (10)

5-айналым: « Кім жылдам?». Бұл айналым 3 кезеңнен тұрады:

1-кезең: «Жекпе – жек». Топ басшылар сайысы. Мұнда кішкентай (шәй) қасықпен теннис добын алып, әділ-қазылар қасына барады. Сонда берілген тапсырманы орындай алса, үлкен (ас) қасық алады. Ал орындай алмаса кішкентай қасықпен теннис добын әкеледі.

2-кезең: «Тапқыр болсаң, тауып көр!». Аудиожазбадан дыбыстарды тыңдай отырып, жауабын айтады.

3-кезең: « Топтық сайыс». Әр түрлі тапсырмалар орындайды.

6-айналым: « Мақал - сөздің мәйегі». «Отбасы» туралы мақал-мәтелдер айтудан топтық жарыс.

1). Анаға қарап – қыз өсер,

Әкеге қарап – ұл өсер.

2). Балалы үй – базар,

Баласыз үй – қу мазар.

3) Інісі бардың – тынысы бар,

Ағасы бардың – жағасы бар.

4). Алып анадан туады.

5). Ана көрген – тон пішер,

Әке көрген - оқ жонар.

6). Ата – анаңның қадірін – балалы болсаң білерсің,

Ағайынның қадірін – жаралы болсаң білерсің.

7-айналым: «Ойжұмбақ».

  • Ол қолға ұсталынбайды.

  • Ол барлық жерде және оны сезуге болады.

  • Онсыз өмір сүру мүмкін емес. Ол не? (ауа)





  • Ол бар жерде бау-бақша, бітік шыққан егін, мыңғырған мал бар. Ол не? (су)

Ұлт тірегі – білімді ұрпақ қолында

Ізденіңдер, білім алу жолында!

Еліңді сүй, жеріңді сүй, құрметте,

Жас қырандар, алау оттай жалында!

  • Осымен « Білім негізі – бастауышта қаланар,

Білімменен әлемге жол салынар» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.





Қорытынды.

Марапаттау.































Сараланар сайыскерлер білімі,

Дүниетану, жаратылыстану, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері,

Білімділер озар бүгін ілгері.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 наурыз
1075
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі