400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Білім негізі – бастауышта

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалағау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім негізі – бастауышта


Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас Үйретуден балаға», «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады», - деп айтқан ұлы Абай. Ал чехтің педагогы Я.А.Коменский:«Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі», - деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған. Педагогикалық мамандықтардың ішінде бастауыш сынып мұғалімі мамандығы – ерекше мамандық. Өйткені кез – келген мамандық иегері бастауыш сынып мұғалімінен тәлім-тәрбие алады. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. «Білім негізі – бастауышта» демекші, білім берудің алғашқы атасы – бастауыш білім. Баланы бастауыш сыныптан бастап шығармашылық ойлауға, өз бетінше шешім қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.«Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ» десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілеттерін қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Мектепте, ғылым саласының қай-қайсысынан болмасын, берілетін білімнің негізі бастауышта қаланады. Сондықтан да болар, А.Байтұрсыновтың: «... бастауыш мектепте үйренетін білім жұрттың бәріне тегіс керек білім ғой. Адамға тіл, құлақ, қол қандай керек болса, бастауыш мектептерде үйренетін білімдер де сондай керек»,- деуі. Бастауышта берілетін білімге ерекше көңіл бөлінеді. Яғни ғылыми білімдердің негізі осы бастауыштан басталады. Баланың оқу әрекетінің танымдық белсенділігі де осында қалыптасып, олар білімдерін өз беттерімен толықтыра алатындай деңгейге көтеріледі. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мектепте білім беруді жетілдірудің нақты жолдары мен тәсілдері қазіргі кезде сан алуан әдіспен іске асырылуда. Әр мұғалім: ««Менің бүгінгі сабағымнан оқушым не үйренді?», « Мен өз білімімді толықтыру үшін не істедім?» деген сұрақтар төңірегінде істеген ісіне есеп беріп отыру керек. Әрбір сабақ мұғалімнен үлкен қажырлы еңбекті, ізденісті, шеберлікті, шығармашылықты қажет етеді.

«Оқу-білім – жаңған шырақ ойласаң. Үйренерсің, іздеп көрсең – қалмасаң. Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал, Пайда аларсың, қаз жанарсың, тоймасаң», - деп жырға қосқан қазақтың ұлы қоғам қайраткері, көсемсөзші Жүсіпбек Аймауытов. Білім қашан да адамның өмірлік азығы, өміріне мән берер түпсіз терең байлығы.Сондықтан адамды білімге үйрететін ұстаздың орны ерекше.


К.Г.Нугманова



















 

 




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
962
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі