400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Білім негізі бастауыш сыныпта"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ тақырыбы,"Білім негізі бастауыш сыныпта"Ең алдымен оқушылырға бағыт бағдар беретін алғашқы ұстазы,сонымен қатар бастауыш сыныбынан бастау алады.Үлкен өмірге қанат байлап қағуы үшін алар орны ерекше.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Білім негізі бастауыш сыныпта»

Мұғаліммін, білім беру міндетім,

Болсам деймін жерге-жауын, гүлге- күн.

Бойымдағы бәрін берем барымның.

Алсам болды шәкіртімнің құрметін.

Ұстаз –ұрпақ тәрбиелеп өсіруші,қоғамның болашағына жауапты арқа сүйген тірегі.

Мектеп ең бірінші болып алдында әлеуметтік –қоғамдық өмірдің әлемін ашады. Жанұясымен қатар өзіне бала тәрбиесіндегі басты рөлді алады. «Білім негізі бастауыш сыныпта» деп бекер айтылмаған болар,ең бірінші балаға дұрыс білім бағдар беріліп,нәр алып сусындауы осы бастауыш сыныптың негізі болар.Мектеп қабырғасына келіп білім алып,шыңдала түсіп,үлкен өмірге қадам басуының негізгі кілті бастауыш сыныптан басталады.

Бұл жерде әрине, мектепке алғаш келгендегі баланың алғашқы ұстазына тоқталмауға болмас. Мен бүгін осы оқушы мен мұғалім арасындағы кейбір қарым-қатынастардың бала психологиясына кері әсеріне тоқталып өтпекпін.

Бастауыш сынып оқушыларының мінез құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерін психологтар біріншіден отбасы тәрбиесі десе, екіншіден мектептегі мұғалімнің, ондағы жүргізіліп отырған оқу-тәрбие жұмысының әсері дейді.

Белгілі психолог Д.Б.Элькониннің айтуынша, мектепке келген кезден бастап оқушы мен мұғалім арасында қарым-қатынас қалыптаса бастайды. Бұл оқушыға бастапқыда қиынға соғады. Мектептегі талап бәріне ортақ. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты оқушылар өте байқампаз. Егер мұғалім басқа балаларға қарағанда бір оқушыны жақын тартып, бөлектесе онда ол оқушы алдында беделін жоғалтады. Баланың мұғалімге деген оң пікірі іштей бұзыла бастайды. Мұғалімге деген сенімсіздік, өзін-өзі төмен бағалау, қырсықтық мінез пайда бола бастайды.

Ал мұғалімнің өзіне жақын тартатын оқушысы басқалардан өзін жоғары ұстайды. Соның нәтижесінде «сөз тасығыш» балалар пайда болады.

Бастауыш сынып оқушыларының жағымсыз қасиеттері: бір беттілігі, ашушаңдығы, ұяңдығы, әдепсіздігі, тынышсыздығы, тәртіпсіздігі, өтірік айтуы, дөрекі сөйлеуі және т.б. жақтарымен ерекшеленеді. Бұл сапалардың көбісі әлі берік орнықпаған, тек психикалық ерекшеліктері болып табылады. Бұл сапалар келешекте олардың мінез-құлқына сіңіп кетпеуі тиіс.

Мұғалім бұлармен күрес жүргізуі қажет. Ал кей жағдайларда керісінше, осылардың дамуына себеп болып жатамыз.

Ұялу- баланы жағымсыз іс-әрекетпен тоқтатып отыратын күшті моральдық сезім.

Баланы орынсыз ұялта беруде дұрыс емес. Бұл баланың өз күшімен қабілетіне сенімін жоғалтып, онда ұялшақтық пен тұйықтықтың дамуына жағдай жасайды.

Мәселен, салақтық, епсіздік немесе күйгелектіктен болған жағымсыз істерді әдейі жасаған тәртіпсіздік қылықпен бір дәрежеде қарап ұялту қате.

Бала өзінің жағымсыз іс-әрекетінің мәні неде екенін, қандай тәртіпті бұзғанын айқын білгенде ғана ұялтудың тәрбиелік әсері болады. Сондай-ақ баланың өзі түзете алмайтын қатесі үшін де ұялту дұрыс емес.

Сондай-ақ А.С.Макаренко өз еңбектерінде, жасаған қателігі үшін ұжым алдында жазалау, қатты сөздер айтып, намысына тию баланың мінез-құлқына кері әсер ететініне тоқталып өткен.

Мұғалімнің өзіне деген қатал қарым-қатынасын сезінген эмоционалды сезімтал, әсершіл балада мектепке бару, мұғалім алдына келу қорқынышы туады. Оларда қателік, ақымақтық жасау, ұятқа қалу, күлкіге қалу сияқты қорқыныш сұрақтары туады. Сұраққа үрейшіл балалар жауап беруге қорқады, әсіресе тақта алдында. Тақта олар үшін-өзіндік, жазалайтын орын.

Ата-ана көбіне баланың мектептегі сәтсіздіктерін жете ұғынып, т.сінбей жатып баланы кінәлайды. Бұл баланың өзін-өзі төмен бағалауға әкеледі.

Балалардың мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу табысты болу үшін әрбір мұғалім, мұғалімге қойылатын талаптың бірі- кәсіптік мәдениетке көбірек көңіл бөлуді ұмытпау керек.

Оқушылардың мінез-құлқына айналасындағылардың ықпалы күшті. Бала мінез-құлқының ерекшеліктерінің бірі- еліктегіштік. Егер бала жақсы өнеге көрсететін адамдармен араласса, бұл жақсы нәтиже береді.

Демек, мұғалімнің мінез-құлқы оқушы ұқсауға тырысарлық үлгі болуға тиіс.

Н.Т.Крупская, С.Т.Щацкий, А.С.Макаренко, Қ.Жарықбаев, М.Жұмабаев еңбектерінде мұғалімнің әдебі, сөйлеу шеберлігі, дауыс дикциясы, сыртқы бейнесі жөнінде келелі әңгіме қозғады. Мұғалімге қарапайымдылық, ұқыптылық, жинақтылық, сабырлылық, мейрімділік, кіші пейілділік тән болуы тиіс.

«Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қиял әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын танымсыз, лаулаған жалын иесі», - дейді Я.А.Коменский.

Балаларды сүйетін, өз пәнін жетік меңгерген, психология, педагогиканы терең меңгерген – нағыз мұғалімнің алдында білім алған бастауыш сынып оқушысының бейнесі мынандай болуы тиіс.





Shape1

жүрегіне жылылық қалыптасқан



Shape2 Shape3

еркін ойын айта алатын

ұстаздарға сеніммен қарайтын





Shape16 Shape17 Shape13 Shape14 Shape11 Shape12 Shape15 Shape10 Shape9 Shape8 Shape7 Shape6 Shape5 Shape4

танымдық күші қалыптасқан

Білімге деген қажеттілікті ұғынған



білім стандартына сай міндетті, мүмкіндік біліммен қаруланған

өз бетімен үйренуді мақсат еткен

өзіне-өзі сенетін

Бастауыш сынып бітірген оқушы бейнесі



















«Ұлылықтың мықтылығы – ағашынан,

Қымыздың күштілігі – сабасынан.

Шәкірттің самғау шыңға көтерілуі –

Үйреткен, тәлім берген – ұстазынан».





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23.11.2021
611
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі