400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

«Білім патшалығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға жыл бойы өтілген оқу қызметтеріне байланысты тапсырмаларды бере отырып, білім-білік дағдыларын сараптау. Ойындар арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«КЕЛІСІЛДІ»

№87 «Қадыр» балабақшасының

әдіскері ___________ А.Алимова

«____» _____________2021 жыл













«Балбөбек» мектепалды даярлық тобы

«Білім патшалығы» атты

ашық ұйымдастырылған қорытынды оқу қызметі











Тәрбиеші: Абдыхадирова Б.Н.















Нұр-Сұлтан, 2021ж.

Білім облысы: Таным, қатынас, әлеуметтік,

Білім бөлімі: Сауат ашу, математика негіздері, қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: «Білім патшалығы»

Мақсаты: Балаларға жыл бойы өтілген оқу қызметтеріне байланысты тапсырмаларды бере отырып, білім-білік  дағдыларын сараптау. Ойындар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.Ұқыптылыққа өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.

ҰОҚ-нің барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері.

Қайырлы таң аспан ата!

Қайырлы таң жер ана!

Қайырлы таң алтын күн!

Қайырлы таң достарым!

2. Негізгі кезең.

-Балалар, бүгін ерекше күн. Біз бүгін «Білім патшалығына» келдік.

Бұл жерде көптеген сұрақтар, тапсырмалар, логикалық ойындар болады.Осылардың барлығын орындауларыңыз керек. Қане ендеше тапсырмаларды орындап көрейік.

 3. Ғажайып сәт: «Білім патшалығынан» қолдорба тауып алады. Қолдорбаны ашу үшін тапсырмалар орындау керек.
            1-тапсырма (қолдорба)

Сұрақ-жауап:

 -Балалар, бір жылда неше жыл мезгілі бар? Бір жылда төрт мезгіл бар Қыс,Көктем,Жаз,Күз мезгілдері

-Қазір жылдың қай мезгілі? Қазір жылдың көктем мезгілі

-Бір аптада неше күн бар? Бір аптада 7 күн бар. Апта күндерін атайды.Жақсы.

-Ал айтыңдаршы бүгін аптаның қай күні? Бүгін аптаның екінші күні Сейсенбі.

-Ал кеше аптаның қай күні болды? Кеше аптаның 1-ші күні Дүйсенбі.

-Ал ертең аптаның кай күні болады? Ертең аптаның үшінші күні Сәрсенбі.

 -Жарайсыңдар,балалар.

             2- тапсырма (кітап)

 1-10 ға дейінгі сандарды тура және кері сана.

3-тапсырма: (дәптер)

Дидактикалық ойын: «Көршісін тап»

Балаларға карточкалар таратылып беріледі. Онда сандар қатары беріледі. Кейбір сандары жазылмаған. Балалар жоқ сандарды жазу керек.

              4-тапсырма: (қалам)

«Салыстыру»
Оң және сол жақтағы заттарды санап, есептік санау арқылы салыстырады. Мысалы, көк шарлар мен қызыл шарларды салыстырып теңестіреді немесе теңсіздік орнатады.

5-тапсырма: (қарындаш)

Логикалық ойын

Логикалық есеп шығар.Келесі логикалық есептерді шығаруын ұсынады:

1.Табақта – үш алма,

Қолымда –екі алма.

Қосқанда барлығын,

Болады неше алма?   Барлығы 5 алма

2. Аспанда неше күн бар? 1 күн бар

3.Бағдаршамның қанша көзі бар?  3 көзі бар

4. Сиырдың қанша аяғы болады? 4 аяғы

5. 2 аюдың неше құйрығы бар? 2

6. Бір қолда неше саусақ бар?5

             Сергіту сәті (музыка)

  6- тапсырма (сызғыш)

Балаларды ортаға жинап, доп лақтыру арқылы кез келген әріпті айтамын, балалар сол әріптен басталатын сөз ойлап, буынға бөлуі керек.

7- тапсырма (өшіргіш)

«Жоғалған әріптер» А...А (Н) Ә...Е (К) БА...А (Л)

Шыққан сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Рефлексивті түзетушілік

Балалар біз қайда келдік.

Қандай тапсырмалар орындадыңыздар

Сіздерге ұнады ма?

Күтілетін нәтижесі:

Орындайды: берілген тапсырмаларды орындайды

Түсінеді: ойын шарттарын түсінеді

Қолданады: жыл бойы алған білімдерін көрсете алады


 

 

 
































Мектепалды даярлық тобына сабақтар топтамасы

Топтамадағы сабақтар тізімі:
1. Ғажайып аспан жұмбақтары
2. Құпия сандар әлемі
3. Адасқан кейіпкерлерге көмектес (слайд)
4. Оқылмаған сабақтар еліне саяхат
5. Ғажайып қалаға саяхат


Тақырыбы «Адасқан кейіпкерлерге көмектес»
Мектепалды даярлық тобы
Мақсаты: Балаларды қарапайым математикалық ұғымдармен яғни қарама - қарсы ұғымдарды, өзіне қатысты кеңістікті бағдарлауды үйрету. Заттарды санына қарай салыстыра білу әрі ертегіні тәрбие құралы ретінде пайдаланып, бір - біріне көмектесу, ұнамсыз істерді болдырмау. Шалқан ертегісінің кейіпкерлерін пайдаланып заттарды ретімен айтуға, санауға үйрету. Математикаға деген қызығушылығын арттыра отырып ойын, тілін, танымдық әрекетін дамытып, бір - біріне, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Суреттер, кейіпкерлердің ойылған макеті, мультимедия, текшелер, логикалық тапсырмалар, биік, аласа үйлер, теректер, гүлдер, мультимедия арқылы бейнебаян көрсету.

Әдіс тәсілдері: Сұрақ - жауап, ойындар, топтық жұмыс, жеке жұмыс.

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс.

Сабақтың жүру барысы: Ұйымдастыру кезеңі, шаттық шеңберіне тұру.
Міне балалар, сендердің бойларың да, ойларың да өсіп қалыпты. Сендер мектепке дайындалып жүрсіңдер. Болашақта таңғажайып оқиғаларға толы «білім әлемінде» өмір сүресіңдер. Балалар, мен байқап тұрмын, бүгін сіздердің көңіл күйлеріңіз өте жоғары, жүздерің шаттық пен мейірімге, жылылыққа толы.

Мұғалім: Жыл мезгілдері, апта күндері туралы сұрайды.
Балалар, сіздер кішкентай кездеріңізден бастап көптеген ертегілерді ата-аналарыңнан, апайларыңнан естіп келесіңдер. Ал сендер қандай ертегі білесіңдер?
Балалардың жауабы.
Енді сіздер бір ертегіден көрініс көргілерің келе ме? Ендеше ертегілер еліндегі әжейді тыңдайық.
Сахна ашылып, «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлерінің дұрыс ретімен орналаспаған көрінісін көреді.

Кейіпкерлердің орнын реттеу үшін көптеген тапсырмаларды орындау керектігін айтып, түсіндіреді. Балалар тапсырманы орындауға кіріседі.

2. Текшелерді орналастыр.
Ортасына қызыл текше, астына көк текше, үстіне жасыл текшені орналастыр деп тағы да түстерді өзгертетін тапсырмалар беріледі.
Балалар айтқан бағыт бойынша текшелерді өзіне қатысты орындарына орналастырады.

3. Дидактикалық ойын «Пішіндердің орнын тап?»
Таратпа құралдар арқылы орындалады.
Кеңістікті бағдарлауға арналған тапсырманы мұғалімнің айтуы бойынша барлық балалар жеке орындайды.

4. Келісемін – келіспеймін.
1. Үйдің шатыры төрт бұрышқа ұқсайды.
2. Қарбыздар талдың басында өседі.
3. Жазда шанамен сырғанаймыз
4. Жұлдыздар аспанда түнде көрінеді.
5. Лимон тәтті болады.
6. Шыршаның түсі қызыл.
7. Алма шаршыға ұқсайды.
8. Балықтар талда өседі.
9. Сиырдың 4 аяғы болады.
10. Керіктің бойы аласа.
11. Балмұздақ ыстық болады.
12. Дөңгелек пішіннің екі бұрышы болады.
13. Қоян балды жақсы көреді.
14. Пілдің тұмсығы қысқа.
15. Кітап – білім береді.
Айтылған пікірге келіспесе, балалар неге екенін дәлелдеп айтады.

5. Кәне салыстырайық.
Оң және сол жақтағы заттарды санап, есептік санау арқылы салыстырады. Мысалы, көк шарлар мен қызыл шарларды салыстырып теңестіреді немесе теңсіздік орнатады.

8. Қорытынды.
Мұғалім тапсырмалардың бәрін орындағандарын айтып, енді кейіпкерлерді өз орнына орналастырамыз деп «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлерін ретімен орналастыруды балаларға тапсырады. Орналастырып болған соң балалар кейіпкерлерді ретімен санайды, өз ойларын айтып береді.

























Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сауат ашу. Қорытынды оқу іс-әрекеті.

Мақсаты: Балалардың жыл бойғы алған білімдерін тиянақтау. Дидактикалық ойындар барысында есте сақтау, көру, ой-қиялын, сезіну қабылдау жүйелі сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу. Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыра отырып, алған білімдерін тиянақтау.

Әдісі: Дидактикалық ойындар «Кім тапқыр», «Кім тапқыр», «Кім білгіш», «Жоғалған әріптер», «Буынға буын қос», сергіту сәті, әліппе әні,көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Слайд, ребус, карточкалар. Түрі: Сайыс сабақ. Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Балалардың іс-әрекеті:

Мотивациялық

Қозғаушы

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің оқу іс-әрекетімізге қонақтар келді. Бүгін қандай керемет күн! Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл күймен өткізу үшін сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын.

Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын

Бүгінгі күн бізге

Сәттілікке толсын .

Ізденуші ұйымдастырушы;

3.Ғажайып сәт. Білім ханшайым кіреді. Қолында көптеген тапырмалары бар. Ханшайымның бірінші тапсырмасы сұраққа жауап береді.

І-бөлім. «Кім тапқыр» Сұрақ-жауап бөлімі.Шарды жару арқылы ишінен сұрақтар шығады. 1)Жыл мезгілдерін білеміз бе? Қандай? 2)Бір жылда неше ай бар? 3)Қазір жылдың қай мезгілі? 4)Көктем мезгілінің айларын білеміз бе? 5)Бір аптада неше күн бар? Бүгін аптаның қай күні? 6)Қазақ альфавитінде қанша әріп бар? 7)Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай-қандай? 8)Дыбыстарды не істейміз? 9)Әріптерді ше? 10)Әріптерден не құраймыз? 11)Буындардан не құраймыз? 12)Сөзден не құраймыз?

ІІ-бөлім. «Кім білгіш ойыны?» Тақтадан әріптер көрсетіледі, балалар текшені көтеру арқылы дауысты немесе дауыссыз дыбыс екенін ажыратады. -Дауысты дыбыстарға қызыл текше. -Дауыссыз дыбыстарға көк текше көтеру арқылы ажыратады. ІІІ-бөлім. «Жоғалған әріптер» І-ші топқа: ЖА...ҒАҚ Л Р С М Ң ІІ-ші тоқа: СА...АТ Ш Ғ Р С Т Шыққан сөздерді буынға бөліп айтады.

2.Сергіту сәті. Әріптерге байланысты (музыка әуенімен)барлығы ортада шеңбер болып ән айтады.

3.Кубизм әдісі арқылы балаларды ортаға жинап, кубикті лақтыру арқылы кез келген әріпті айтамын, балалар сол әріптен басталатын сөз айтып кері лақтырады.

V-бөлім. «Буынға буын қос» ойыны. Суреттерде берілген буындарды қосып сөзді оқиды.

Рефлексивті Коррекциялаушы Қорытынды. ‒Балалар, бүгінгі сабағымызда сауат ашудан өткен тақырыптарымызбен, өтілген тапсырмаларымызды қайталадық. Балалар бүгінгі оқу іс‒әрекетінен алған әсерлерімен бөлісіп жатады. Күтілетін нәтижелер: Білуі: Балалар өтілген тақырыптарды естеріне түсіріп,қайталайды. Меңгеруі: Балалар әріптер, дыбыстар, туралы білгендерін естеріне түсіреді. Жасай алуы: Үйренгендерін одан әрі жалғасырады.









Тақырыбы: Математика әлемі

Сабақтың мақсаты: оқушылардың математикалық қабілеттерін, жылдамдық, ойшылдық, сауаттылық қасиеттерін өмірде қолдана білуді үйретеді.

Көрнекілігі: 0-ден 10-ға дейін кеспе цифрлары. Мақта қыз бен мысық ертегісінің суреттері.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Психологиялық дайындық.

Бір-біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуы арқылы бір-бірімізге жылы лебіз айтайық, жақсы тілек тілейік.

3. Негізгі бөлім.

- Балалар, бүгін біз ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз.

1. Кіріспе әңгіме.

«Мақта қыз бен мысық» ертегісін әңгімелейді.

Мысық қатықты төгеді, Мақта қыз құйрығын кесіп алады.

Мысық: Апа, құйрығымды берші?- деп жалынады.

Қыз: Сен берілген тапсырмаларды орындасаң мен сенің құйрығыңды қайтарып беремін, - дейді.

1. Сиырдың тапсырмасы:

1-ден 10-ға дейін өсу ретімен және кері санау.

2. Ағаштың тапсырмасы: «Логикалық есептер»

а)Табақта үш алма,

Қолымда екі алма,

Біреуін әжеме беремін,

Біреуін атама беремін,

Екеуін беремін анама,

Әкеме нешеуі қалады? (1)

Ә)Ағаштың басында,

10 жапырақ тұр еді.

Жел тұрды да үзіліп,

Ұшып кетті біреуі.

Ізінше оның жұлынып,

Түсті тағы екеуі.

Тұр әлі де ілініп,

Жапырақтың нешеуі? (7)

3. Қыздардың тапсырмасы: Ойын: «Төртінші артық»

Балаларға суреттер көрсетіледі. Онда төрт сурет бейнеленген. Олар артық суретті тауып, неге артық екенін айтып түсіндіру керек.

Сергіту сәті.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ,

Беске бесті қосайық,

Алақанды соғайық.

5. Тауықтың тапсырмасы: Дидактикалық ойын: «Көршісін тап»

Балаларға карточкалар таратылып беріледі. Онда сандар қатары беріледі. Кейбір сандары жазылмаған. Балалар жоқ сандарды жазу керек.

3 5 7 9

Мақта қыз мысыққа ризашылығын білдіріп, мысықтың құйрығын қайтарып береді.

Қорытынды.

Педагог :

- Балалар сендерге мысыққа көмектескен ұнады ма?

Барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар. Жарайсыңдар!


Сауат ашу пәнінен ашық сабақ.

Тақырыбы: Қайталау.

Мақсаты: өткен сабақтардан алған білімдерін бекіту.

Міндеттері: Білімділік: өткен сабақтарды пысықтай отырып, баланың өз бетінше жұмыс істеп, шығармашылық ойын өсіруге, өз бетінше қорытынды жасай білуге машықтандыру:

Дамытушылық: сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс жасау барысында сөздік қорын молайту, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын ірікпей еркін айтуға дағдыландыру;

Тәрбиелік: ойлану және ойлану арқылы нәтижеге жетіп , іздену арқылы еңбектенуге тәрбиелеп, оқуға деген ынтасын оята отырып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың әдістері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ой бөлісу, іздену , талдау, өзара жұмыс.

Көрнекіліктері : сабаққа тиісті сюжетті суреттер, кескінді әріптер, буындық кесте.

Сабақтың барысы:

І.Сабаққа келген қонақтармен амандасу:

Үлкенге де Сіз, кішілерге Сіз.

Үлкендерді құрметтеп бас иеміз біз

ІІ.Психодайындық:

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
1154
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі