400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Білім сабағы 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні

01.09.2022

Класы

5 Ә

Тақырыбы

«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»

Мақсаты

білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін

талқылау.

Қолданылатын ресурстар

Интернет ресурстары, бейнежазбалар,слайд,

Көрнекі құрал-жабдықтар

Филипчарт қағаздары, стикерлер, түрлі-түсті маркерлер,қаламдар, суреттер, интербелсенді тақта

Сабақтың кезеңдері

Сабақтың өту барысы


Ой шақыру

І. Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу, оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, класс оқушыларымен танысу

Тренинг “Танысу”

Әр оқушы өз есімін және бойындағы ең жақсы көретін қасиетін айтады.

Мұғалім:

- Оқушылар адам өміріндегі маңызды болып табылатын қандай құндылықтарды білесіздер?



- Ол неге сіз үшін құндылық болып табылады?


Мағынаны тану


Ең алдымен Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың жастарға үндеуіне назар аударайық.

Бейнеролик

https://www.youtube.com/watch?v=uslJ9U0Y1Rg

Мұғалім: Білім- бүгінгі қоғамда адам деңгейін, тұлға биіктігін айқындауға көмектесетін құндылық. Өз деңгейіңізді арттырғыңыз келсе, білім алуға ұмтылыңыз. Бұл сіздің ең дұрыс шешіміңіз.

Бүгінгі дәуірде еліміздің атағын аспандатып, құндылығын қорғау үшін біз қолдана алатын тек бір ғана қару бар. Ол - сапалы білім. Сіз мектеп пен жоғарғы оқу орныныда өзіңіздің қолыңызда болатын қарудың сұлбасын жасайсыз. Ал қорғану үшін немесе деңгейіңді өсіру үшін ол қарудан оқ атып, білім деңгейіңді көрсету қажет болады. Сіз ататын оқ - біліміңіз.

Адам өз-өзін әрдайым дамытып отыруға тиіс. Егер сіз бір орында тұрып қалсаңыз заман талабынан кейіндеп қаласыз.

Сондықтан, білім ал, қаныңда бар қасиетіңді көрсет! Білім қаруыңды күн сайын “оқта”!

Патриот - ол Отанын шын сүйетін, ұлттық құндылықтарды қастерлейтін, бойында адалдық, ар-намыс, ізгілік қасиеттері бар, халқының дәстүрі мен Отанына деген сүйіспеншілігі мол адам.

Оқушы: “Оңай сөз ғой Отанды сүйем деген” М.Мақатаев

Мұғалім: Адамды адам еткен - еңбек. Жалпы адам баласы өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады.

Еңбек дегеніміз бойымыздағы энергия яғни күшіміз, осы күшті пайдаланудың өзі еңбек.

Еңбексіз адам өзінің бар адамдық қасиетінен және барлық құнынан айырылады. Адам өзінің жеке еңбегінсіз бір адым да алға жылжи алмайды, бір жерде тұрақтап тұрып та қалмайды, ол адам қайта кері кетеді” - дейді К.Д.Ушинский.

Демек, еңбек адамгершілік тәрбиесінің әрекетті қүралы болып табылады, өйткені еңбек іс-әрекеті процесінде жастардың бойында жалпы адамзаттық маңызы бар еңбексүйгіштік қалыптасады.

Топпен жұмыс

- Оқушылар, енді осы үш құндылықты дамытуға керекті басты күш-құралдар не деп ойлайсыз? (мысалы, кітап, тәрбие, ...)

Білімге ұмтылу

Еңбексүйгіштік

Отаншылдық



Биылғы жаңа оқу жылы біз үшін ерекше болмақ!

-Не үшін деп ойлайсыздар?

(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)

-Биылғы оқу жылындағы атаулы күндерге тоқталып өтейін. Ең маңыздысы, биыл алтын ұя мектебімізге 10 жыл болмақ.

  • ҚР-ның Мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл (1992 ж, 15 қараша)

  • М.Мәметованың 100 жылдығы

  • Р.Бағланова 100 жыл

  • Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы (2023)

  • Қазақстанның БҰҰ-на қосылғанына 30 жыл (1992ж, 23 қаңтар)

  • Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығы

  • А.Байтұрсыновтың 150 жылдығы

  • Талғат Бигелдиновтің 100 жылдығы

  • Бала жылы”

  • Қазыбек бидің 355 жылдығы

  • Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы

  • Дінмұхаммед Қонаевтың 110 жылдығы

Ой толғаныс (5мин)

  1. Кері байланыс( Аудиториямен жұмыс)

Жаңа оқу жылының алғашқы сабағынан алған әсеріңіз

Жаңа оқу жылынан не күтесіз







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10.03.2023
388
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі