Күні:18.01.2019ж
Сайыстың
мақсаты:
Оқушылардың меңгерген білім деңгейін
анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту,сөйлеу
мәдениетін жетілдіру, білімді, жан-жақты
болуға үйрету.
Қайырлы
күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және
көрермендер!
Ғылымның
сырын ұғына
Шығыңдар
білім шыңына,
Ұқыптылық
пен зеректік
Жеткізер
сіздердей өренді,
Білімнің
мынау шыңына- деп бүгінгі «Білім
жұлдызы» деп аталатын білім сайысына
қош келдіңіздер!
Сайысымыздың
мақсаты бастауыш сынып оқушыларының
білім деңгейін анықтау.Оқушыларды
алғырлыққа тәрбиелеу.
Ән
....................................................
Орындайтын:
Білім
жұлдызы сайысының турларымен таныстырып
өтсек.
1-ші
тур- «Білімді мыңды жығар»
2-ші тур-
«Ғажайып алаң»
3-ші тур- «Адасқан
әріптер»
4-ші тур- «Тіл әлемі»
5-ші
тур-«Суреттер сөйлейді».
Жиналған
ылғи дарындар,
Жүректе
от, көздерінде жалын бар.
Білімді
топты халайық,
Қол
соғып қарсы алайық.
Бүгін
сайысқа түсетін 3 б және 3 ә сыныптарын
қарсы алайық.
Сайыстың
әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен
таныс болыңыздар.
Әділқазылар
мүшелері:
............................................
Сайыскерлер
екі топқа бөлінген.
1. «
Болашақ» тобы.
2. «Тұлпар»
тобы.
«Сәлем-сөздің
анасы» деген нақыл.
Сәлемдесу
парызы әрбір жастың
Білімдірін
паш етер өнегелі,
Сәт
те келіп қалғандай танысатын-дей отырып,
өздерін таныстыру үшін сайыскерлерімізге
сөз береміз.
1-ші
тур «Білімді
мыңды жығар»
Әр топқа 10 сұрақ беріледі. Барлық 10
сұраққа 5 минут, әрбір дұрыс жауапқа 1
ұпай)
1-топ
сұрақтары:
1.
Бастауыш
дегеніміз не?
2.
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата?
3.Абайдың
шын аты?
4. Тікбұрыш дегеніміз не?
5.
Астрономия ғылымы нені зерттейді?
6.
Бунақденелілерді ата?
7. Білім туралы
бір мақал айт
8.456-137
сандарының айырмасы (319)
9. Асқорыту
мүшелерін ата?
10.
Мемлекеттік тудың авторы?
2-топ
сұрақтары:
1.
Баяндауыш дегеніміз не?
2. Тұрлаулы
мүшелер дегеніміз не?
3.Абайдың
әжесінің аты?
4. Көпбұрышқа қандай
бұрыштар жатады?
5. Атмосфере дегеніміз
не?
6. Бауырмен жорғалаушыларды ата?
7.Кітап
туралы бір мақал айт
8.
615-128
сандарының айырмасын тап? (487)
9.
Тыныс алу мүшелерін ата?
10.
Мемлекеттік елтаңбаның авторы?
Көрермен
жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай
отыру жараса ма?
Туыс, досқа,сыныптас,танысқа
емес,
Соқ қолыңды білгірлер мен
талаптыға.
2
-ші тур
«Ғажайып алаң»
Әрбір пәннен 3 сұрақтан. (Әрбір дұрыс
жауапқа 10 ұпайдан беріледі )
Математика
1) 615+128
сандарының қосындысы;
(410).
2) Уақыт
өлшем бірліктерін ата?
3)
Ауданды қалай табамыз?
Қазақ
тілі
1)Синоним
дегеніміз не?
2)Пайымдау
мәтіні дегеніміз не?
3)Сөйлемнің
неше түрі бар? Қандай?
Дүниетану
1)
Астраномия
нені зерттейді?
2)Тәжірибе
дегеніміз не? (шындыққа сынақ жүргізу
арқылы көз жеткізу танып білу)
3)Күн
жүйесіндегі планеталады ата?
3-ші
тур Адасқан әріптер
Алдарыңыздарға
шатастырыпберілген әріптер солардан
1 минут ішінде сөз құрап шығу.
1-топ
Қайырымды сөзін құрастырады
2-топ
Сыйластық сөзін құрастырады
Келді
кезек «Тіл әлемі» сайсына,
Жауаптарын
беруге үш тілдерде.
Қазақ, орыс,
ағылшынды білсеңіз,
Жақсы баға шәкірт
саған несібе.
4-ші
тур
«Тіл әлемі »
2 топқа 5 сұрақтан. (Әрбір дұрыс жауапқа
2 ұпай, 5 минут уақыт беріледі.) Әр жауапты
үш тілде айту керек.
1.
Білімнің дәнін тереді,
Балаға
тәлім береді. (ұстаз, учитель,teacher )
2.
Білімнен
мол сый –асы,
Балғындардың
ұясы. (мектеп, школа, school )
3.
Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың
өлшемі. (сызғыш, линейка, ruler)
4.
Үш
тілі бар,
Тықылдаған
үні бар. (сағат-часы-clock)
5.
Таңмен
көзін ашады,
Әлемге
нұрын шашады. (күн-солнце-sun)
6.Тұмсығымен
қозғалар,
Соңында
аппақ із қалар
(бор-мел-chalk)
7.Асық
ойнаған азады,
----ойнаған
тозады
Доп-мяч-ball
8.Көп
жазсаң, қолың талады,
Қағазға
бәрін салады
(қалам-ручка-pen)
5-ші
тур «Суреттер сөйлейді»
Бұл
соңғы кезеңде сіздерге суреттер
көрсетіледі сол сурет бойынша
біліп-түйгендеріңізді ортаға
саласыздар.Яғни сурет бойынша әңгіме
құрайсыздар.
Көрермендерге
жұмбақ:
Білім
деген биік шың,
Бақытқа
сені жеткізер.
Білім
деген ақылшың
Қиындықтан
өткізер! –деп, бүгінгі «Білім жұлдызы»
атты білім сайысымызды қорыта келе,
қорытындысын шығаруға әділ қазыларға
сөз береміз.