400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Білім сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірлеріңді тұжырымдап айтуға, еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға үйрену.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Білімді оқушы – ел ертеңі
Мақсаты:Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірлеріңді тұжырымдап айтуға, еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға үйрету
Сабақтың түрі: интеллектуалды ойыны.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: слайд - шоу
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика, дүниетану
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Кіріспе сөз.
3. Интеллектуалды ойыны:
Ойынға қатысатын сыныптағы 4 оқу озаттары.

1.Жолдаскалиев Асыланбек

2.Арнурқызы Гульнара

3.Жуматай Альфия

4.Қайыржан Аяулым

Ойынның шарты

1.Әрбір 4 ойыншы өзінің қасына 1 оқушы таңдап алып, ойынға бірге қатысады

2.Ойын барысында әр ойыншыға 12 сұрақтан қойылады.

3.Барлық сұраққа жауап берген оқушы жеңіске жетеді.

4.Ойын барысында 2 жеңілдік бар.1-достарыңнан көмек сұрау, 2-50\50 яғни екі жауаптың бірін таңдау.
1. Кіріспе сөз.
Оқысаң — озарсың, Оқымасаң — тозарсың.
Білімдіні бала болса да, аға деп біл.
Адамның көркі киімі емес, білімі.
Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірін тұжырымдап айтуға еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға, өзгенің пікірін тыңдап, бір - бірін құрметтеуге үйренуіміз керек. Топтағы оқушылар түсінбегенін бір - бірінен сұрап, сөйлемеген оқушыны сабаққа қатыстыру, жұмыс істеу нәтижесінде өзінің және топтағылардың намысын қорғау, бірлесіп еңбек ету, шешім қабылдау сияқты кұндылықтармен бірге, күнделікті сабақтан хабардар болып отыруға тиіссіздер.
Сендер саналы, білімді азамат болып өсуі үшін өздеріңнің бірінші парыздарыңыз не деп ойлайсыңдар?
1. Білім алу.
2. Отанды сүю.
3. Ана тілін сүю, құрметтеу,
4. Ұлт жанды азамат болу.
5. Атамекенді, туған жерді сүю.
6. Денсаулығы мықты азамат болу.

1-оқушыға

1.Сөздерден жуан айтылған сөзді тап 
А) озат.  Ә) өмір.  Б) төсек. В)егін


2. Дүкенге 280литр сүт әкелінді.Оның 30литрі балабақшаға жіберілді. Және 3 литрлік 18 құмыраға сүт сатылды.Дүкенде неше литр сүт қалды?
А) 89л Б) 196л С) 186л Д) 189л


3.Адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарма.

А.Өтірік өлең В.Мысал С.Монолог Д.Диалог


4. Табиғатта су неше күйде кездеседі?

А. 4 В. 2 С. 3 Д.1

5.Сөйлем мүшесі болмайтын сөздерді атаңыз. 
А) Бастауыш  Ә) Қыстырма сөз Б) Біріккен сөздер В)Баяндауыш


6.  Цифрмен жаз: жетінші разрядтың жеті бірлігі, екінші разрядтың бес бірлігі бар сан.
А) 70050 Б) 7050 С) 70005 Д) 7000050

7.Қобыланды батырдың тұлпары.

А. Ақтабан В.Қарақасқа С. Байшұбар Д.Тайбурыл

8.Жанғыш пайдалы қазбалар.

А.газ, жез В. Мұнай, тас көмір С. Тас көмір, боксит Д.Мұнай, мырыш


9.Жіктеу есімдігін тап.

А. гүлден В. Менің С. досының Д.есіктен


10. Шаршының барлық қабырғаларының қосындысы 20дм. Шаршының ауданын тап?

     а) 100 дм2                    с) 400 дм2

     в) 25 дм2                      д) 40 дм2


11. «Патшаға қарсы халықты үгіттеді» деген кінә тағылып, екі рет тұтқындалып, түрмеге жабылған кім?

А. Бердібек В. Абай С. Құрманғазы Д.Тұрар

12. Шалғын өсімдіктері мен жануарларын көрсет.

А.күреңот, жұпаргүл, сарғалдақ В.Қазжуа, жусан, сарыбас жоңышқа

С.селеубояу, кермек, құм қияғы Д.Балшытыр, айдаршөп, мойыл


2-оқушыға

1.  - дар, - дер, - тар, - тер, - лар, - лер жалғаудың қай түріне жататынын көрсетіңіз.
А) Септік. В) Жіктік. D) Көптік C) Тәуелдік.
2.
 Жақша қай амалда дұрыс қойылғанын анықта.

А) (28-8)*(4+1)=25 В) (28-8):(4+1)=5 С) (28-8):4+1=6 D)28-(8:4)+1=4

3.А.Дулатов « Аяулы Жақаң» әңгімесін кімге арнап жазған?

А.Ыбырай В.Абайға С.Шоқанға Д.Міржақыпқа

4. Жануарларын аулауға мүлдем тыйым салынған жер

А)   Дала                     Ә) Орман Б)   Шалғын                 В) Қорық



5.  Мәтіннің түрін белгіле.
А) Ертегі В) Пайымдау.*
С) Диалог D) Монолог


6. Екі қарлығаш секундына 23м жылдамдықпен бір-біріне қарама-қарсы ұшып келеді. Егер олардың ара қашықтығы 920 м болса, олар қанша секундтан кейін кездесті?
А) 39сек Б)40сек* С) 36сек Д)42сек

7.Қазына көтерген бала» мәтінінің авторы кім?

А. Ә.Нұрпейісов В. Ә.Жапаров С. А.Байтұрсынов Д.Ы.Алтынсарин

8. Үгілу деп нені айтамыз?

А)  дауылдың соғылуы   Ә) судың тасуынан     

Б)  найзағайдың ойнауынан В)тау жыныстарының бөлшектенуінен



9. Тек үнді дауыссыздары бар сөзді табыңыз.
А) Сапар. В) * Айман. С) Алпыс. Б) Азат.

10. Текшенің көлемі 125м3 Биіктігін тап.
A) 7см B) 4см C) 5см D) 6см

11.Шығармадағы кейіпкерлердің кезектесіп сөйлесуі.

А.өтірік өлең В.Мысал С.Монолог Д.Диалог


12. Жыра неден пайда болады?

А)  тастардан   Ә) желден   Б)   судан*    В) өсімдіктерден



3-оқушыға

1.  Баяндауышты табыңыз.
Күзде жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді.
А) Күзде. В) Жыл құстары. С) Жылы. D) Ұшып кетеді.

2. «Түлік туралы сабақ» өлеңін жазған кім?

А. Ф.Оңғарсынова В.Ғ.Қайырбеков С. Ж.Аймауытов Д.А.Тоқмағанбетов*



3.  15 санының квадраты.
А) 252 Б) 225 С) 255* Д) 245

4. Мұнайды арнаулы пеште қыздыру  нәтижесінде не алады?

А)   фосфорит, мәрмәр                   Ә) полиметалл, мыс     

Б)   бензин, газ, жермай                 В) жанғыш газ, әктас



5. 10.Бірыңғай мүшелері бар сөйлемдерді тап.

А.Әсем демалыс кезінде тауда, бақшада болды.

Біз табиғатты қорғаймыз

С.Ол үйіне барды.

Д.Түйенің сүті шипалы



6. 6 бірдей жейдеге 36 м мата жұмсалды. Осындай 9 жейдеге неше м мата жұмсалды?
А) 48м Б) 28м С) 65м Д) 54м+

7. «Мен әуелі қазағымды жақсы көремін.Одан кейін Сібірді, одан кейін Россияны, одан кейін бүкіл адамзатты жақсы көремін»кімнің сөзі?

А. М.Әуезов В.Ш.Уәлиханов С.Ы.Алтынсарин Д.М.Дулатов



8. Су бетінде сырғанап  жүретін қай жәндік?

А)   қоңыз    Ә)  инелік       Б)   суаршын     В)ұлу


9.Сөйлем айтылу мақсатына қарай қандай түрге бөлінеді?

А.Жай және құрмалас В.Хабарлы, сұраулы, лепті

С.Сөйлем мүшелері Д.Қыстырма сөздер



10. «Басыңды көтер, балам» деп,

Түсінде аян береді.қай өлең шумағынан алынған?

А.Жолбарыспен айқас

В.Тайбурылдың шабысы

С.Батыр бала Бөген мен Шұбар ат

Д.Тортайдың мұңы

11. Есептеңіз: (230000 + 510000) + 140000 
А) 67000  В) 890000  С) 790000  D)880000 

12.Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.

А. Мұнай В. Тұз С. Көмір Д.Жермай

4-оқушыға

1. Буынға бөлінбейтін сөзді белгілеңіз.
A) * Серт. В) Уәде. С) Болжам. Б) Қағида.

2.Тұңғыш өлеңдер жинағы «Оян, қазақ» деген атпен жарық көрген ақын кім?

А.Алтынсарин В.Байтұрсынұлы С.Жұмабаев М.Дулатов+

3. 15-тен 90 неше есе артық екенін көрсет.
А) 8 В) 5 С) 3  D)6* 

4. Биік құзды мекендейтін қай құс?

А) жапалақ     Ә) құр      Б)   қырғауыл     В) ұлар


5. Жатыс септігіндегі жіктеу есімдігін белгіле.
A) Саған В) Сенде* С) Сенің Б) Сені

6. Қазақ халқын жоңғарлардан қорғаған батырды табыңыз.
А) Тоқтар. В) Мәншүк. С) Бауыржан. D) Райымбек.


7. 109899 саннан кейінгі санды белгіле

а)109900*                  с)109898

в)110000                  д)110900



8. Еліміздегі ең терең көлді тап

А)   Алакөл    Ә) Балқаш      Б)   Байкал    В) Зайсан



9.Табиғат құбылысын жандандырып, адам сияқты күлдіріп, билетіп, қуантып, жылатып суреттеу.

А.Сатира В.Кейіптеу С.Портрет Д.Қайталау



10.Кімде? неде? Қай септіктің сұрақтары?

А.Табыс септік В.Жатыс септік С.Шығыс септік Д.Көмектес септік

11. Дүкенде 3 күнде 1 т жарма сатты. Бірінші күні 200 кг, екінші күні одан 3 есе артық сатылды. Үшінші күні неше килограмм жарма сатылған?

А) 200 кг* В) 100 кг С) 601 кг D) 1кг

12. Хирургтың операция бөлмесінде қолданылатын қазба түрі.

А)   ұлутас   Ә) мәрмәр*      Б)   гранит    В)асбест






Қорытынды:
Білім арқылы өткен тарихын таниды, одан тағылым алады, болашағын болжап, келешегін белгілейді "Ақыл жастан, асыл тастан" деген сөзді халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткендіктен айтқан болар. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Қоғам талабына сай өз тілінсүйетін, көп тілде еркін сөйлей білетін білімді, өнерлі, ақыл - парасаты
мол азамат болып өсейік.


Оқушыларды марапаттау




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
650
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі