400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім сайысы "Әдебиет майталманы" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың сөздікң қорын молайтып, ойлау деңгейін дамыту мақсатында ұйымдастырылған білім сайысы әріптестерім үшін әдістемелік көмек болады деп есептеймін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Әдебиет майталманы

Мақсаты: Оқушылардың сөйлеу тілін, мәнерлеп оқу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

Күтілетін нәтиже:Сөйлеу тілі жаттығады. Өзіндік сенім пайда болады.Көшбасшылық қасиеттері дамиды

Көрнекілігі: Тақырып жазылған плакат, слайд, шарлар

Барысы:

1.Мұғалім сөзі:

Құрметті ұстаздар және оқушылар мен ата-аналар ! Бүгінгі 4 «б» сыныбының бастауыш сыныптар апталығы аясында ұйымдастырылып отырған «Әдебиет майталманы » атты сайысына қош келдіңіздер!

Әр дүние есігін ашқан пенде біліп тумайды.Оқу-білімнің, өмірден түйгенінің, көріп,білгенінің нәтижесінде ғана азамат болып қалыптасады.Мектеп қабырғасында оқып жүргеннен-ақ әр баланың неге қабілетті екенін анық аңғарып, баулу ұстаз міндеті.Бәлкім бұл оқушы болашақ музыка майталманы, сурет майталманы, математика майталманы, тарих майталманы бәлкім әдебиет майталманы шығар.Міне бүгінгі сайысымызда болашақ әдебиет майталманын табуға арналмақ. Оқушыларымыз әдебиет сабағынан оқып білгендерін бүгін сіздердің алдарыңызда паш етпекші.Ендеше іске сәт болашақ әдебиет майталмандары!

2.Мотивациялық кезең

«Мен қазақпын!»биі

3.Әділқазы алқаларын сайлау

Оқушылардың білім деңгейлерін бақылау үшін ортаға әділ қазылар алқасын шақырсақ

1.Жоғарғы санатты бастауыш сынып мұғалімі,бірлестік жетекшісі: Д.Жолдыбаева

2.Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

Ж.Есқұлова

Сайыскерлерді ортаға шақырайық

1.Өтеген Елдос

2. Амандық Мерей

3.Тасмағанбетова Гүлназ

4.Сұлтансиық Әлішер

5.Қуанышқызы Амангүл

6.Досқали Расул

Сайыскерлерге сәттілік тілеу үшін ортаға сыныптас достарды шақырайық



1.Эльдар

Кітап білім жаныңда

Оқып біліп арында.

Елдос досым, озатым

Сайыста тек бол алда!

2.Артур

Болатұғын маған дос.

Біліміңе білім қос

Сайыста тек алда бол

Мерей деген дарабоз

3.Жадыра

Білгіштерді көрермендер санап қал.

Шәкірттердің алдында әлі талай сабақ бар.

Үміткерлермен бір тұрған қыздардан

Амангүл дейін алдарыңда озат бар.

4.Рамазан

Білімменен атқызымыз таңымды

Сыныбымнан көп білімді табылды.

Өзі нәзік, өзі сондай әдемі

Жеңе алмайды ешкім біздің Гүлназымды.

5.Азат

Қалмаңыздар бұл досымды танымай,

Білімімен жарқыраған жаны бай

Сыныптағы үздік жазу иесі

Ортада тұр Әлішер білім шамындай

6.Арайлым

Доспен сырды ұғысты.

Бітіретін мың істі.

Сыныптағы жанашыр

Расулдың үлгі әр ісі

Мұғалім:

Тіл – әрбір ұлттың заңы -сезімнің, ойдың жанды бейнесі.

Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл. Ендеше ана тіліміз қазақ тілінің мерейін көтеру болашақ ұрпақ сіздердің еншілеріңізде.Олай болса бүгінгі сайыстың бөлімдерімен таныс болыңыздар

1. «Отанының бесігінде тербелгендер» (кез-келген өлең жолы ұсынылады соны мәнерлеп оқып беру)

2. «Талап-қанат, білім-сұңқар» (минутқа оқу)

3. Абай ізбасарлары». (Өлеңнің жалғасын ойдан құрастыру)

4. «Талапты ұл-қыз – тарихи жұлдыз» (Рөлге ену)

5. Ақылмен қанат қаққандар (берілген мәтінді жалғастыру)

Сайысымызды бастамас бұрын біз әдебиет сөзін ауызға алғанда көз алдымызға АБАЙ атамыз келері сөзсіз.Олай болса әдебиет майталманы ұлы Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін хормен айтып көрелік

Мұғалім:

Ана тілім, дана тілім бақытым

Қазақ тілін білу менің парызым.

Тілім менің ұмытылмас тірлігім,

Кім біледі тіліміздің тағдырын.


Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде.

Сен болмасаң болар ертең күнім не?

Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен.

Қазақ болып қалу үшін түбінде.


Қазақ тілім бас иемін мен саған

Тілге деген болу керек кең талғам.

Мемлекеттік тілімізді сыйласақ,

Қазақ тілі біздер үшін жаралған.

Тіліміздің тарихы бар қол жетпес,

Айтсаң оның тарихына сөз жетпес,– демекші Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі өте бай әрі көркем. Ана тілін құрметтеген адам Отанын да сүйеді.Ендеше оқушыларымыз ана тілін қаншалықты сүйетіндерін өлең жолдарын мәнерлеп оқу арқылы білдіріп көрсін.

1 бөлім. «Отанының бесігінде тербелгендер» (кез-келген өлең жолы ұсынылады соны мәнерлеп оқып беру.Отан тақырыбында)

2 бөлім. «Талап-қанат, білім-сұңқар» (минутқа оқу)

3 бөлім. «Абай ізбасарлары»(Өлең шумағының алғашқы екі жолы беріледі. Екі топ өлеңді аяқтайды.)

1. Мен ұйықтарда айтады

Ертегісін, әндерін

.................................

2. Жауды жаңбыр топ-топ

Шелек - шелек көп-көп!

......................................

3. Ана тілді сүйіп өтем,

Барлық тілден биік екен.

..................................

4.Менің анам, жан анам

Саған ғана табынам

...........................................

5. Мысығым менің мысығым

Пеш түбінде пысығым

........................................

4 бөлім. «Талапты ұл-қыз – тарихи жұлдыз» (Рөлге ену)

«Қазір біз мынандай тапсырманы шешуіміз тиіс: көңіл- күйі болмай тұрған Серіктің жағдайын өзгертуіміз керек. Ол мұңлы және бізбен сөйлескісі келмейді.Біз Серікке әртүрлі оқиғаларды, жағымды әңгімелер, көңіліне ұнайтын жылы сөздер және т.с.с айта аламыз».

5-бөлім. Ақылмен қанат қаққандар (берілген мәтінді жалғастыру)

Үлкен қаланың кішкентай ауруханасында Қара шашты және Ақ шашты екі ана жатты. Олар бір күнде ұлдары дүниеге келіп, өте бақытты еді. Олар балаларының болашағы туралы армандады. Ақ шашты ана өз баласының әйгілі сазгер немесе жазушы, мүсінші немесе инженер болғанын армандады. Қара шашты ана өз баласының қайырымды адам болғанын, ешқашан анасын, өз үйін ұмытпағанын, Отанын, табиғатты, адамдарды сүйгенін қалайтынын айтты. Отыз жыл өтті.......


Қаланың шетіндегі кішкентай емханада Қара шашты және Ақ шашты ана тағы кездесті. Олардың шаштарына ақ түсіп, беттерін әжім басқан еді. Олар бір – бірін таныды. Олар бір палатаға түсіп, өз өмірлері туралы, қуанышы мен қайғысы туралы айтты. Қайғылары – екеуінің де күйеуі Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, қуаныштары – ұлдары қастарында. Қара шашты ана сұрады:-Сенің ұлың кім болды?

-Атақты сазгер, - деп мақтанышпен айтты. Ақ шашты ана:

-Ол қазір оркестрді басқарады, дирижер, қаладағы ең үлкен театрда, шынымен менің ұлымды білмейсің бе? – деді.

Әрине, Қара шашты ана белгілі сазгерді жақсы білетін еді, үлкен табыстары жөнінде жақында ғана оқыған-ды.

-Ал, сенің ұлың қайда, кім болды? - деп сұрады Ақ шашты ана.

-Егінші. Колхозда тракторист, комбайнер, фирмада да жұмыс істейді дейді, - Қара шашты ана. Көктемнен күзге дейін, қар түскенше менің ұлым егін салады, егін жинайды, жер жыртады сөйтіп отбасын асырайды. Біз ауылда тұрамыз. Оның екі баласы бар, қызы және ұлы.

Сонда да сені бақыт айналып өткен екен, сенің ұлың ешкімге белгісіз, қарапайым адам болыпты,- дейді Ақ шашты ана.

Қара шашты ана жауап қайтармады. Бір күн өтпей жатып Қара шашты ананың баласы алыстағы ауылдан келді. Анасымен сыбырласып ұзақ сөйлесті. Қара шашты ананың көзі қуаныштан нұр шашты. Ұлы кетіп бара жатып, үстелге жүзім, бал, алма қойып, «тез жазылыңыз», - деп анасының бетінен сүйіп қоштасты. Ал Ақ шашты анаға ешкім келген жоқ.

­Менің балам қазір концерт қойып жүр. Әйтпесе, келер еді, - деді ол. Қара шашты ананың баласы күн сайын бал, алма, қарбыз, өз қолымен өсірген бидайдан пісірілген хош иісті нан әкеліп, келіп тұрды.

Қара шашты ана баласы келген сайын қуаныштан жазылып келе жатқандай еді. Ақ шашты анаға ақыры ешкім келген жоқ. Бір ай өтті. Дәрігерлер Қарашашты анаға: «Сіз толықтай сап – сау адамсыз, жүрегіңізде шу жоқ, соғысы таза», - деді. Ақ шашты анаға ....«Сізге әлі де жату керек. Сіз де жазыласыз», - деді. Осыны айтып, дәрігер терезеге қарады (неге екені белгісіз).Қара шашты ананы алып кетуге ұлы келді. Бірнеше қызыл раушан гүлдерін барлық дәрігерлерге үлестірді. Бәрінің жүзінде күлкі пайда болды.Қара шашты анамен қоштасарда Ақ шашты ана:

-Қымбаттым, сен өз ұлыңды қалай тәрбиелегеніңді айтшы? Сен бақытты екенсің, ал мен...деп көз жасын төгіп жіберді.

-Мен саған шындықты айтайын, - деді Қара шашты ана.

-Сенің ұлыңмен бір күнде туған ұлым қайтыс болған, ал мына балам - асырап алған ұлым! Мен оны үш жасынан асырап алдым. Осы күндері менің қалай қиналғанымды білсең ғой, сен үшін тіпті ауруханадан кеткім келген еді, менің ұлымның әр келгені саған уайым, қобалжу әкелді ғой.

-Мен адамды жүрегіммен сеземін, ұлыма осыны үйреттім.\

«Көңілді күн» топтық биі

Қорытынды: Осымен бүгінгі әдебиет майталманы сайысы аяқталды.Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
630
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі