Материалдар / Білім сайысы "Inteli mix "Төрт ғылым...""
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Білім сайысы "Inteli mix "Төрт ғылым...""

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материал ғылыми-жаратылыстану бірлестігінің апталығында жасалынған дүние. студенттердің,оқушылардың жан-жақты білімін сынау, зияткерлік, шығармашылық, танымдық қасиеттерін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. осындай қызықты, тартысты сайыстар ұйымдастыру арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруға болады. бұл сайыста математика, информатика, химия және биология пәндері қарастырылған. білім сайысының негізгі мақсаты оқушылардың білімін жетілдіру, оқулықтан тыс ақпараттармен қаруландыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қазан 2018
358
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Intell mix «Төрт ғылым...»Сайыстың мақсаты:Студенттердің функционалдық сауаттылығын  дамыту үшін танымдық, зияткерлік, шығармашылық,  тәжірибелік қабілеттерін арттыру.Сайыстың барысы:Құрметті студенттер, әріптестер бүгінгі Intell mix «Төрт ғылым...» атты білім сайысына қош келіпсіздер! Бұл білім сайысының мақсаты студенттеріміздің білім деңгейін жетілдіру, дамыту. Оқулықтан тыс ақпараттармен оқушыларды қаруландыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу. Сайысымызға I курс студенттерінен әр топтан бір студент қатысады. Ендеше бүгінгі сайысымызға қатысып, өздерінің жан – жақты, білімді екендерін көрсетуге келген сайыскерлерімізді ортаға шақырайық:

  • 1-16 тобы Ахметбек Ұлдана
  • 3-16 тобы Есендемир Әбдісалам
  • 4-16 тобы Қадыхан Балайым
  • 6-16 тобы Жұмабеков Өмірзақ
  • 8-16 тобы Каналхан Бекзат
Сайыскерлеріміздің әділ бағасын беретін әділ – қазы алқаларымен таныса отырайық:
  • _____________________________________________
  • _____________________________________________
  • _____________________________________________
  • _____________________________________________
Сайыскерлерімізді рухтандыру үшін Жасұланның «Қазақстаным» атты әнін тыңдайық.Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:
  • Таныстыру (слайд- презентация көмегімен)
  • Ең ақылды
  • Ең алғыр
  • Ең тапқыр
  • Сыйлықтар аукционы
Әр кезеңнің шарттарын кезең басында түсіндіріп өтетін боламын. Ендеше алғашқы кезеңіміз «Таныстыру» кезеңін бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл кезеңде әр сайыскер слайд – презентация көмегімен өз –өзін таныстырады. 2-кезең. «Ең ақылды» кезеңінде математика, информатика, химия және биология пәндерінен 1,2,4,5 ұпайлық сұрақтар беріледі.









Математика:2-Алғашқы қазақша алгебра оқулығын жазған кім? (Қ. Сатпаев)3-Екі қатынастың теңдігі қалай аталады? (пропорция)4-Ең кіші жай сан? (2)5-Бұрыштың өлшемі? (градус)Информатика:2-1 байт неше бит бар? (8 бит)3- Ақпараттың өлшем бірлігі (бит, байт )4- Мәліметтер енгізу пернесі (Enter)5- Қағазға басып шығару құрылғысы ( Принтер )Химия:2- Реттік нөмірі, салыстырмалы атомдық массасы және өзіндік химиялық формуласы бар, ол не? (химиялық элементі)3- Тұрмыста «Марганцов» деп аталатын, лабораторияда оттек алатын күрделі зат, бұл не? (Калий перманганаты)4- Тұздың суда еруі қандай реакция? (қайтымды реакция)5- Ұн тағамдарына нан илеу үшін не болмаса торт, тәтті тағамдар пісіру үшін қопсытқыш ретінде қолданылатын тұрмыстық зат? (ас содасы)Биология:2-Ихтиология нені зерттейді? (балықтарды)3-Жасушаның құрамындағы ядроның қызметі? (көбею)4-Адам денесіндегі буындар саны? (230)5-Фауна дегеніміз не? (жануарлар дүниесі)3-кезең. «Ең алғыр». Бұл кезеңде біз сіздердің білімдеріңізді әрі мергендіктеріңізді сынайтын боламыз. Алдарыңызда өздеріңіз көріп тұрғандай шарлар рет – ретімен орналасқан. Сіздер сол шарларды дәлдеп жаруға тиіссіздер, қай жарған шарларыңыздың реттік номерімен сәйкес сұрақ интерактивті тақтадан қойылады. Егер шарды жара алмасаңыздар кезек келесі ойыншымызға беріледі.











1-Ең алғашқы әйел математик кім? (Софья Ковалевская)2-Уақытша кермекті қалай кетіруге болады? (суды қайнатса кетеді)3-Ақпараттық процестер? (сақтау, алмасу, өңдеу) 4-Компьютердің ең негізгі құрылғылары? (жүйелік блок, пернетақта, монитор)5-Айқасқан екі таяқ, тұрады жоқты сұрап? (х)6-Натрий металын қайда сақтайды? (керосинде)7-жасуша қабықшасы арқылы қатты заттарды сіңіру қалай аталады? (фагоцитоз)8-Вирусты емдейтін программа (антивирус)9-Адам терісіндегі пигмент қалай аталады? ( мелонин)10-Мені  көрде  - жерді  көр, Қозғалыстың  көкесі. Айналыстан  туады, Планеталар  бір-бірін, Шыр  айнала  қуады.  (шеңбер)11-Қанның құрамындағы темірі бар ақуыз қалай аталады? (гемоглобин)12-Сұйық метал? (сынап)4-кезең. «Ең тапқыр» кезеңі. Бұл кезеңде әр қатысушымызға пазлдар беріледі. Пазлды құрастырып, пазлдардағы бейнелерге анықтама берулері керек.5- кезең. «Сыйлықтар аукционы» кезеңі. Бұл кезеңде қорапша ішінде жұмбақтар жасырылған. Сайыскерлеріміз жұмбақтың шешімін тапса, сыйлыққа ие болады.
  • Тазалап ақ қағаз жүзін,Жоқ етер қарындаш ізін.(өшіргіш)
  • Ұшымен қазық
Тор көздi жазық.Үстiне өттiм,Асыл сөз жазып.   (Дәптер)
  • Бөлiнгендi табыстырып,
Бiрiктiрсе қабыстырып.Жымдастырған жiгiт де,Байқамайсың түгiн де.   (Желiм)
  • Жұқа тақтай бөлшегi,
Ұзындықтың өлшемi.   (Сызғыш)
  • Ойларынды аңсаған,
Асыл сөздi ақ алаңға,Түсiруден шаршаған,Мен емеспiн әмәнда.   (Қаламсап)
  • Тілі жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде. (қаламсап)

Құрметті әділқазылар алқасы, сөз сіздерде жұлдыздарымыздың ІІІ-турдың қорытындысы бойынша жиған балдарын хабарласаңыздар. Сайысымыздың жеңімпазын хабарлаңыздар.Оқимыз біз, үйренеміз талпынып,Қиналсақ та, қысылсақ та алқыныпАсу бермес болсаң дағы сен алып,Меңгереміз, үйренеміз сені анық. Құрметті ұстаздар, студенттер жарысқа қатысқан сайыскерлер осымен «Intell mix «Төрт ғылым..» » атты интеллектуалды сайысымыз аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп-көп рахмет.













































Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа,Табылғандай таным да, жат дауыс та.Біреу озып келеді қатарынан, Біреу мініп жатқанда аптығыста.Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,Біреу мығым, біреулер шалыс басып.Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.Ендігі кезек өзінің білімін сынауға, алғырлығымен, тапқырлығымен шыңдауға келген білімалушыларды өзін-өзі таныстыру үшін І бөлім «Қане танысайық».Әр топ өздерінің топ аттарын, ұранын, эмблемаларын көрсетеді!Бір мінсіз жұмырланған қабырғасы,П менен есептелген үш шамасы.Шаманың өлшемдерін анықтауғаҚажет - ақ Пифагордың теоремасы. (конус)
  • Шекер жейтін ақ құтанБір қазыққа байландыАузына тістеп шекерін,Ол қазықты айналды (циркуль)
  • Жоқ өзінде баста, қаста, мойындаҰзындығы жазулы бір бойында (сызғыш)
Тазалап ақ қағаз жүзін,Жоқ етер қарындаш ізін.(өшіргіш)Бiлiмнен мол сый-асы,Балғындардың ұясы.    (Мектеп)

Ақыл-ойдың шырағы,Зәулiм көктей шынары.Биiгiне бойлаған,Қанбайды адам құмары.  (Бiлiм)

Бiлiмнiң жол басшысы,Шәкiрттiң қолбасшысы.  (Мұғалiм)

Шәкiртке жанашыр,Мейiрман кiм, жаны асыл?   (Ұстаз)

Бiлiмнiң дәнiн тередi,Балаға тәлiм бередi.   (Ұстаз)

Ұшымен қазықТор көздi жазық.Үстiне өттiм,Асыл сөз жазып.   (Дәптер)

Кiшкене құдықтан,Найза ұшты шыбығым,Су iшiп құныққан.    (Сиясауыт)

Қабы сояу,Дiнi – бояу.    (Қарындаш)

Қысқа таяқ дiңi бар,Шиырлаған iзiндеСайрап тұрар тiлi бар.   (Қарындаш)

Ойларынды аңсаған,Асыл сөздi ақ алаңға,Түсiруден шаршаған,Мен емеспiн әмәнда.   (Қалам)

Тiл жоқ өзiнде,Сөзi бар iзiнде.   (Қаламсап)

Бар ойынды жиямын,Ақ қағазға құямын.   (Сия)

Сағат сайын қағылады,Тек мектептен табылады.   (Қоңырау)

Күмiс алмұрт тiлi бар,Сыңғырлаған үнi бар.Шақыратын бiлiмге,Сағаты бар, күнi бар.   (Қоңырау)

Денесi бар шыбықтан,Темiр тұмсық құдықтан,Сусын алып iшедi,Ойы iз боп түседi.   (Қаламсап)

Бөлiнгендi табыстырып,Бiрiктiрсе қабыстырып.Жымдастырған жiгiт де,Байқамайсың
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!