400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Білім сайысы Рухани жаңғыру-жарқын болашақ 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың интеллектуалдық білім деңгейін байқау .Тапқыр, жылдам, епті болуға дағдыландыру. Алғырлыққа, зеректікке, шығармашылыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Мектеп директорының

әдістемелік орынбасары

________ Н.С.Уахитова

« » _____ 2019 жыл



«Рухани жаңғыру – жарқын болашақ»


Мақсаты:

1) Оқушылардың интеллектуалдық білім деңгейін байқау .

2)Тапқыр, жылдам, епті болуға дағдыландыру.

3) Алғырлыққа, зеректікке, шығармашылыққа тәрбиелеу

Барысы :

Шаттық шеңбері. Сәлемдесу.
Оқушыларды екі топқа орналастыру.
Үлкенгк де – сіз,

Кішіге де – сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Ізетпенен біз.

Мұғалім сөзі:

Бүгінгі бастауыш сыныптар онкүндігінің ашылу салтанатын Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмын “Біз “Ұлы Дала елі” деп аталуымыз керек деп есептеймін. Кейбіреуі өздерін “аспан асты елі, ал кейбірі “Күншығыс елі” деп атайды. Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы біздің ата-бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. “Қазақстан” деген атаумен қатар, “Ұлы Дала елі” атауы да қолданылса дұрыс болады деп ойлаймын”.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басым идеялары оқушылар арасында кеңінен насихатталуда.

«Рухани жаңғыру – жарқын болашақ» атты интелектуалдық сайысымызды бастайық.

Сайыстың кезеңдерін әділ бағасын беруші қазылар алқасын сайлап алайық.

1. Мектеп директорының әдістемелік орынбасары Н.Уахитова

2. Бастауыш бірлестігінің жетекшісі: Ж.Ғилманова

Сайыстың бағдарламасында



Топтың аты




Ұшқыр

ой

Сөз құра,

тез құра

Білгенге маржан

Жас математик

Сөз тапқанға...

Жалпы ұпайы

«Қайсар»

тобы








«Барыс»

тобы










Сайыс кезеңдері:

І «Ұшқыр ой» айналымы .

Бұл айналымда әр топ 8 сұраққа жауап берулерің керек. Мұнда сайыскерлеріміздің ой ұшқырлықтары мен сұраққа тез, дәл жауап бергеніңіз есептеледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі, яғни неше дұрыс жауап болса, сонша ұпай жиналады. Әр топқа кезекпен сұрақ беріледі.

1 топқа

  1. Табиғатта көп таралған металл. (темір)

  2. Күй атасы кім? (Құрманғазы)

  3. Тамыз жылдың қай мезгіліне жатады? (жаз)

  4. Сиыр иесі (Зеңгі баба)

  5. Ауданымызда шығатын газет (Алакөл)

  6. ҚР Елтаңбасының авторы (Шотаман Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков)

  7. Бір тәуліктің неше сағат бар (24 сағат)

  8. Тұрлаулы мүшелер (бастауыш, баяндауыш)

2 топқа

  1. Қызғылт түсті жұмсақ металл ( Мыс)

  2. «Қара сөздердің» авторы (Абай)

  3. Маусым жылдың қай мезгіліне жатады? (жаз)

  4. Жылқы иесі кім? (Қамбар ата)

  5. Ауылымыздың өзені (Шарон)

  6. ҚР мемлекеттік туының авторы (Ш.Ниязбеков)

  7. Қалдықпен бөлу 10:3= (3/1қалдық)

  8. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша (жалғау)

ІІ айналым. « Сөз құра, тез құра »

«Бейбітшілік» сөзі екі топқа да ортақ беріледі. Берілген уақыт ішінде бірнеше сөз табулары тиіс.

ІІІ айналым. «Білгенге маржан »

Әр пән бойынша тапсырмаларды топ болып орындайды.


Заттың сынын білдіретін сөз табы?


Есімдік Үстеу


Шылау Етістік


Сын есім



А.Құнанбаев туралы жазған кім?


С.Бегалин


Ы. Алтынсарин


А.Құнанбаев


М.Әуезов


Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар?


Мұнай, газ, көмір

Фосфорит, асбест, әктас, бор, мәрмәр, ұлутас


Темір, мыс, қорғасын, жез, қола, алюминий, қорғасын, мырыш.


Тас, құм, су, топырақ


Сыйымдылықты өлшеу бірлігі.


тонна литр


градус килограмм



Тары өнімін жинаудан рекорд жасаған кім?



Ы. Жақаев А. Байжанов


Қ. Сатпаев Ш.Берсиев


Қазақстанның ең алғашқы астанасы?


Орынбор Алматы


Астана Қызылорда



ІҮ айналым. «Жас математик»

Берілген есептерді топтпсып шығарады.

І топ:

  1. Қосу мен азайту амалына байланысты есептер

10+20 30-15 100+230

2.теңдеу шешкізу

Х*9=81 х+16=20

ІІ топ:

  1. Қосу мен азайту амалына байланысты есептер

500+500 1000-200 12+8

2.теңдеу шешкізу

х: 3=30 х-50=60

V. «Сөз тапқанға ....»

Әріптердің орнын ауыстыру арқылы Қазақстан қалаларының атын табулары керек.

  1. МАТЫАЛ (Алматы)

  2. АНАТСА (Астана)

  3. ЫДНАҒАРАҚ (Қарағанды)

  4. ЕКТНМЫШ (Шымкент)

  5. НЕСӨМЕК (Өскемен)


Рефлексия.

Қорытынды:

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе білім, ал білім берудің басты құралы ойын » деген М.Әуезов сөзімен сайыс сабағымызды түйіндейміз.

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену,жалықпау

демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап,марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.




































«Нұржау жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі









«Рухани жаңғыру – жарқын болашақ».
интеллектуалдық сайыс

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
886
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі