400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Білім сайысы "Тапқыр достар"

Материал туралы қысқаша түсінік
пән мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы



Білім сайысы


Мақсаты:

Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша алған білімдерін тексеру, мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, сөйлеу барысында қолдана білу дағдыларын,білім-білік дағдыларын арттыру.


Құрметті оқушылар мен ұстаздар 6,9,11 сынып оқушыларынан құралған

« Ұлан» және «Қыран» топтары алдарыңызда.


«Ұлан» тобының топ басшысы Әкімхан Нұрсәт.

Топ мүшелері: Нұрахметова Ұлжан, Дәулеткелді Әділ.

«Қыран» тобының топ басшысы Далабай Арайлым .

Топ мүшелері: Алтан Досқан, Дәуітәлі Абылай.

Бүгінгі сайыстың төрешілері:

1.

2.


I.кезең

Таныстыру

Екі топ өздерін таныстырады,қалай таныстырса да ерікті.

Бұл кезең бойынша 10 ұпайды екі топқа бөліп бересіз.(5-5 әлде 7-3)

Енді екі топтың топ басшылары төрешінің алдынан жеребе алып, тобының кезегін анықтайды.


II кезең

Сөз тапқанға

Бұл кезең топ басшыларына арналады.Қойылған сұраққа шар үрлей тұрып жауап беру. Топ басшылары ортаға шығып қойылған сұраққа жауап берсін. Бұл кезеңде әр жауогп 1 ұпаймен бағаланады.

1.Бүгінгі сайысқа қатысушыларға тілегің.

2.Алдыңа қойған мақсаттарың қандай?

III кезең

Ойлан тап

Экраннан көрсетілген сөзге қатысты мақал-мәтел айту. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

1-топқа арналған тапсырма.

Сөздер: кітап,ақымақ,жігіт,бидай,талап,жол,батыр,ұстаз.

Мысал үшін:

1. Кітап –білім бұлағы.

2. Ақымаққа айтқан сөз ағып өткен сумен тең.

3. Ер жігіт-елінің ұлы,

Намысының құлы.

4. Бидайдың басын көтергені- дақылының жоқтығы.

5. Талабы жоқ жас- қанаты жоқ құс.

6. Жол мұраты- жету.

7. Батыр туса ел ырысы.

8. Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.

2- топқа арналған тапсырма.

Сөздер: ту ,ақылды,қыз,тары,жылқы,өмір, қорқақ,шәкірт.

Мысал үшін:

1. Туы бірдің-түбі бір,жолы бірдің-жүгі бір.

2. .Ақылдыойлап,түйгенін айтады,

Ақылсыз шала-пұла білгенін айтады

3. Қыз өссе елдің көркі.

4. Тауықтың түсіне тары кіреді.

5. Адам сөйлескенше,

Жылқы кісінескенше.

6. Өмірін өткізсе үйреніп сабақ,

Ұстазы да,шәкірті де қуанбақ.

7. Қорқақ мың рет өледі,

Батыр бір рет өледі.

8 .Шәкіртсіз ұстаз тұл


IV кезең

Сен білесің бе?


Экранда көрсетілген сұрақтарға жауап беру.

Әр дұрыс жауап 5-ұпаймен бағаланады.

1- топқа арналған тапсырма.


1. Ертегінің неше түрі бар?

2. Көзіңді аш,оян, қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты!

Үзінді кімнің өлеңінен алынған?(М. Дулатов).

3. Дисфемизм мен эфэмизмнің айымашылығы неде?

4. Ұлы Отан соғысына қатысқан, сол жылдар жайлы қалам тербеген қандай жазушыларды білесің?


2- топқа арналған тапсырма.

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін авторларымен атап бер.

2. Табу сөз дегеніміз не?

3. «Ананың анасы», « Ашынған ана», «Ананың арашасы» атты шығармалардың авторы кім?

4. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды ертегіні термек үшін.

Үзінді кімнің өлеңінен алынған?(Абай ).



V кезең

Кім жылдам?

Бұл кезеңде әр топ өздеріне берілген сөздерді көрермендерге ыммен немесе басқа сөзбен түсіндіруі шарт.

Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

Сөздер:

1. Су, бақа, журнал, арба, көлеңке, екілік , парта, елес, жүген, күрке, аққу, оқушы, келін,суық,жақын.

2 .Ауа, ақбөкен, дүкен, домбыра,үңгір,балмұздақ, кеден, мектеп, арман, садақ,мақтаншақ ,жезде,көрімдік,бор, парта.


Төрешілер ұпай санын есептеп,орындарды тағайындағанша екі топтың өнерін тамашалайық.

Сонымен бүгінгі білім сайысының жеңімпазы: ұпай жинаған

« » тобы.






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
781
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі