Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Білім сапасы – мұғалім ізденісінде»

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушы, мұғалім, білім, сапа
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Білім сапасы – мұғалім ізденісінде»


Құлмырзаева Гаухар Серікқызы

109 орта мектебі., Ақтөбе ауылы


Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов


Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

* Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін,
сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әр түрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері, материалдық техникалық базалары, т.б. бойынша анықталады.

Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген: …

* « Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетігі- ұстаз, сондай-ақ, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.

* Шығармашылық дегеніміз-адамның өмір шындығына, өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол таба білу үшін адам дұрыс ой түйіп,өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.

Оқушылардың  сапалы  білім алуға  деген  қызығушылығын  арттыру,  сауаттылығын  дамыту  үшін  мұғалім  жаңа әдіс-тәсілдерді   қолданып,  бір  сөзбен  айтқанда  өз біліктілігі  мен  шеберлігін  жетілдіруге  атсалысуы  керек.  Бастауыш  сынып  оқушыларына бастапқыда  техникалық  талаптарды  орындау  қойылса  кейін  әріпті,  буынды,  сөзді,  сөз  тіркесті және  сөйлемдерді  дұрыс  жазу  дағдылары  жетілдіреді.

*Жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс – тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Біліктілік – бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.

* Біліктілік:

1. Білімнің негізінде қалыптасатын үлкен еңбек, яғни:
– жауапкершілікті сезіну;
– белгілі бір мәселені шешуге қатысу;
– білім беру технологияларын түсіну, меңгеру, қолдануда қабілеттілік таныту;
– еңбекке дұрыс қарым – қатынас;
– кәсібінде үнемі ізденіс таныту.

2. Ақпараттық қажеттілікті сезіну.
3. Көздеген мақсатқа жетуде әдіс- тәсілдердің бір-бірімен сай келуі.


  • Мұғалім шығармашылығы мынадан

б а й қ а л а д ы :
1. Алынған көрсеткіштерге талдау жасау;
2. Кезіккен проблемаларды, ситуацияларды сезіну;
3. Нәтижеге жету жолында педагогикалық өзара әрекет жүйесін құру;
4. Өз қызметінде бағдарланған міндеттерді шешуді тұрақты түрде кері байланыс арқылы жүзеге асыру.

ХХІ ғасыр ақпараттық қоғам табалдырығына аяқ басқан кезде республикалық білім берудің жаңа жүйесі, білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алына бастады. Заманымыздың талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізуді, оны кеңінен қолдануды қажет етеді. Электронды оқыту интерактивті жүйе болып табылады. Электрондық оқулық «оқушы – компьютер – мұғалім» жүйесін қалыптастырады, яғни оқушы жаңа тақырыпты ақпарат көзі – компьютерден оқып қажетті мәліметтерді алып, мұғалімге түсіндіріп бере алатындай болуы керек. Білім беруді ақпараттандыру – жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады.

Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын  жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады.  Соның бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды  дамыту» техногиясын басшылыққа алдым.Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны сол баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі.Ол бұрын тыңдаушы болса,енді ізденуші,ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші,ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.

Сын тұрғысынан ойлау – өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесу, талдау жасап отыру,яғни оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту,ой шақыру, ойын жеткізу оны дәлелдей алу.Сонымен қатар қасындағы оқушының пікірін тыңдау,сол пікірлерді салыстыру.


*Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы –өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Қазіргі білім сапасы – мұғалімдер қызметінің сапасы. Оқушыларға нені үйрету керек екенін мемлекеттік стандарттар, мемлекеттік бағдарламалар белгілейді. Ал, «қалай оқыту керек?» деген сұраққа жауапты тек мұғалімнің кәсіби даярлығынан, өз ісін жоспарлай алатын, өзінің нақты мақсаттарын болжап, көре алуынан, баланың әрекетін ұйымдастыра алатын шеберлігінен іздеу керек. Қазіргі таңда сабақ өткізуде Вассерман Федор Яковлевичтің «БиС» технологиясы ең тиімді, ұтымды инновациялық технологиялардың бірі болып табылады. Биохабар үдерісі білімде хабар беру, оқу материалын сапалы білу, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту технологиясын бағалау болып табылады. Оқушылардың шығармашылық даму белсенділігі, мүмкіншілігін асырып, шаршау үдерісін төмендетеді.

*«Сабақ беру-үйреншікті жай шеберлік емес, ол –үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»,- деп тәлімгер жазушы –ғалым Жүсіпбек Аймауытов айтқандай соңғы кездегі жаңа және отандастарымыздың төл технологияларын оқу процесінде жүйелі қолдануда, мұғалімнің белсенділігі, шығармашылық ізденісі, оны ұтымды пайдалануы оқу-тәрбие үрдісінде шешуші рөл атқарады.

Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдер оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының, дағды мен ой-өрісін, білім-біліктерінің артуымен сипатталары сөзсіз. Білім деңгейін көтеруге ақпараттық-коммуникативтік, жаңа педагогикалық, интерактивтік технологияларды пайдалану - оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру болып саналады. Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан әрбір әдіс-тәсілдің мұғалім үшін маңызы зор.

* Жас жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілеттіліктерді, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар беру, оны сол бағытта жетелеу- ұстаз парызы. Ұлы ойшыл Плутарх кезінде: «Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Сондықтан әрбір ұстаз бұған жол бермеуі керек», -деген екен.

*ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Сондықтан да білім сапасын арттыру , оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыру –әрбір ұстаздың міндеті.

*Ең бастысы , ұстаз бүгінгі өмір ағымына ілесуді игеріп келеді. Қазіргі мұғалім жаңа білім беру парадигмасы негізінде инновациялық технологиялар мен интерактивті әдіс-тәсілдерді терең меңгеруге ұмтылуда. Осының барлығы да ұстаздың инемен құдық қазғандай оқумен, еңбекпен, ізденіспен қол жететін табысы. Қазір білім мазмұны санмен емес, сапамен өлшенетін кезең. Білімнің сапалы, тәрбиенің нәтижелілігі кәсіби деңгейдегі ұстазға байланысты.

* Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», — деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс.

*Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың: «Біздің міндетіміз - бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу», - деген пікіріне қосыла отырып, саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеуде шаршамай еңбек ете білейік. 



Қорыта келе айтарым “Ғылым қалғып кетсе, қараңғылық бас көтереді” дегендей, заман талабына сай жаңа технологиялармен жұмыс жүргізу алдымызда отырған бала тәрбиесіне зор ықпал ететіні белгілі. Сондықтан жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімді,ізденімпаз болғаны дұрыс деп ойлаймын.


























Тақырыбы:

«Білім сапасы – мұғалім ізденісінде» (Баяндама)











Құлмырзаева Гаухар Серікқызы

109 орта мектебі., Ақтөбе ауылы


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2017
2932
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12