400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Білім сапасын арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім сапасын арттыру жолдары Қазақстан Республикасы жалпы білім берудің жүйесін жетілдірудің жаңа кезеңіне аяқ басты. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға дейінгі білім берудің  дамытудың мемлекеттік бағдарламасына  сай қазақстандық білім беру жүйесінің маңызды міндеті- білім беру мазмұны мен құрылымын жаңарту, яғни жаңа мазмұнда білім беру моделін құрастыру.Білім беру моделі деңгейі экономикалық және ғылыми- техникалық прогрестің ең негізгі көрсеткіші екені белгілі.Сапалы білім беру дегеніміз- ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық, практикалық іске қабілетті, еңбекке баулу, дүниетанымын кеңейту және баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жан-жақты тұлға тәрбиелеу болып табылады..Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарында өзіне лайықты орын белгіленген біздің мемлекетіміз үшін жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі біздің 12 жылдық білім беру жүйесіне өтуді талап етіп отыр.Мектептің білім сапасын арттырудапедагогтың жауапкершілігі зор болса, заман талабы педагогтан кәсіби білімді, білік пе дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік педагогика мен психологияның негіздерін қолдана білу қабілетін талап етеді.Мектебімізде білімсапасын арттыру, болашақ білімд і азамат қалыптастыруда, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін , құзырлығын арттыруда мектеп жұмысының, әдістемелік жұмыстың ұжымдық, топтық, жеке, белсенді түрлері менәдістері кеңінен қолданылуда. Сонымен қатар озат тәжірибелер бойынша іс-тәжірибе тарату жұмыстары,шығармашылық есептер беру, әдістемелік апталықтар, оқушылардың ғылыми жұмыстары, әдістемелік сипаттағы семинарлар, конференциялар өз жалғастарын табуда.Елбасының биылғы Жолдауындағыбасымдық берілген міндеттердің бірі де осы адами капитал болып отыр. Бір байқағанымыз, Жолдауда «білім» сөзі 24 рет кездеседі екен. Бұдан біз білім саласының басты назарда екенін көре аламыз.  Елбасының бұл Жолдауы білім саласына жан бітірді десек те болады. Себебі, мұнда білім берудің жаңасапасына тоқталады. Сонымен қатар,  Елбасы барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет екенінайтты. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы – өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту екенін де жасырмады. Адами капитал – білім саласын дамыту негізі. «Білім экономикасын» қалыптастыру мен дамытудың басты факторы креативтік және инновациялық адами капитал болып табылады.  Бұл Елбасының саяси көрегендігі, салиқалы саясатының, яғни стратегиялық бағыттағы жұмыстарды еңсерудегі ең үздік ұсынысының бірі деп санаймын. Себебі, адами әлеуетті дамыту арқылы дағдарысты еңсере алатынымызға сеніміміз мол.Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүиесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Білім – қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын күш тек білімде ғана. Қазіргі заман – ғылым мен техниканың өркендеген, математика ғылымының өте жан – жақты тараған кезеңі. Ал, әрбір ұстаздың басты міндеті – жас ұрпаққа жан-жақты білім бере отырып, оқушының бойындағы қабілетін ашу арқылы, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру. Математика пәніне қызығушылығын арттыру арқылы, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Барлық бала бірдей математикалық қабілетке ие бола алмайды. Сондықтан, оқушыларға топтасып есеп шығаруға жағдай жасап, оқушыларды өздерін – өздеріне немесе өзара бағалату әдістерін қолдану керек. Жаңа технологияларды пайдалана отырып, интерактивті тақта арқылы оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік беру. Ал, жақсы нәтиже көрсету үшін, оның сапасын бастауыш сыныптан қолға алуымыз қажет. «Білім негізі – бастауышта» қаланатынын әр уақытта жадымызда ұстап, негізгі бақылауды бастауыштан бастау керек. Математикалық білім берудің сапасын арттырудың бір жолы бастауыш пен орта буын арасындағы сабақтастықты нығайту. Сабақтастықты нығайтудың тиімді жолдарының бірі – теория мен тәжірибені ұштастыру; іс – тәжірибе алмасу. Бастауыш мектеп – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу, оның тұлға ретінде өзін-өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Бастауыш сыныпты бітірген оқушылардың орта мектептегі оқу-тәрбие процесіне бейімделіп кетуін қамтамасыз ету сабақтастықты нығайтудың негізгі міндеті болып табылады. Математиканы үйренумен белсенді шұғылдану, шын мәнінде есеп шығару. Оқушының математика пәнін игерудегі негізгі қызметі: математикалық формулалар мен ережелерді жатқа білу, оларды есептер шығаруда қолдана білу, күнделікті үй тапсырмаларын орындап отыруы. Оқушының үй тапсырмаларын орындап отыруы – олардың есеп шығара білу дағдысын жақсартады. Математика сабағында мұғалім теориялық ілімдерді меңгертуді практикалық әдіс-тәсілдермен ұштастыра отырып, тез, ұтымды есептеулерге жаттықтырады. Математикалық есептердің тәрбиелік мәні зор. Есеп шығару кезінде төзімділік пен табандылық қалыптасады. Оқушыларға математика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз болмақ. Осы орайда оқушылардың білім деңгейін арттыру – маңызды іс. Бұл мәселе көптеген жылдар бойы қарастырылып келе жатыр. Матеметиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс. Оқушының білім деңгейін көтеру дегеніміз – оқушыны жан-жақты тәрбиелеп, ғылым негіздерінен берік білім беру, болашақ қоғамға пайдалы қызмет ететін азамат етіп шығару. Оқушының бойындағы білімін ары қарай тереңдетіп, жетілдіре түсу.Оқушының білім деңгейін көтерудегі мұғалімнің іс-әрекеті деген не?- деген сұраққа жауап іздеп көрейік.Оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті дегеніміз – оқушының білімін жетілдірудегі, түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процессті айтамыз. Яғни мұғалімнің сабақ үстінде оқушыға білім беру мақсатымен жүргізілетін жұмыс түрлері. Математиканы оқыту үрдісінде есепті шығара білу шеберлігін қалыптастыру, жетілдіру және дамытудың шешуші бағыттарына тоқталайық.1. Есеп шығаруға үйрету – математиканы оқытудағы ең қиын әрі күрделі мәселелердің бірі. Бұл балалардың шама-шарқына, психологиялық жас ерекшелігіне сәйкес салыстыру, жан-жақты талдау жасау, қарама-қарсы қою. Жалпылау, түрлендіру, зерттеу, әр алуан категорияларға біріктіру, қорытындылау, абстрактциялау сияқты түрліше меңгеруіне байланысты бірдей дәрежеде орындала бермейді.2. Балалардың топтық, өзіндік ерекшеліктері қабілет деңгейлерінің әр түрлілігіне байланысты, олардың бәрінен де бір тарақтың жүзінен шыққандай есепті шығара білуге біркелкі үйренеді деуге болмайды.3. Есеп шығаруға үйрету алғашқы сабақтардың өзінде-ақ басталып, сынып ілгерілген сайын бірте-бірте сәйкес шеберлік те қалыптаса бастайды.Ауызша есептеуге үйрету бастауыш сыныптан басталатыны бәрімізге мәлім. Ол уақыт үнемдеу тұрғысынан тиімді. Бір ғана мысалдың нәтижесін бірнеше тәсілмен есептегенде берілетін түсіндірмелер, аралық нәтижелердің қалай шығатыны, ақтық нәтижеде не болатыны ауызша айтылады да, оларды жазуға уақыт жұмсалмайды. Оған қоса қай тәсілді қолдану оқушының өз еркінде болғанымен, олардың барынша тиімдісін іріктеп алуды үйретуге де мүмкіндік мол.Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін есеп шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыландырған жөн.Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін математика кабинеттерінде дидактикалық материалды, үлестірмелі материалдар, баспа негіздегі дәптерлер, тағы басқа оқу құралдары жинастырылуы қажет. Дегенмен оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің орны ерекше. Барлық ғылыми-техникалық білімнің көзі – кітапқа, оның ішінде оқулыққа оқушылардың сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру, олармен өздігінен жұмыс істеуді үйрету мұғалімнің басты міндетінің бірі. Әр сынып оқулықтары қажетіне орай орындалуға тиісті жаттығулармен, есептермен, практикалық тапсырмалармен, суреттермен қамтамассыз етілген. Өздігінен жұмыс істеуді оқушылардың сабақ үстіндегі қызметіне енгізу сабақтың құрылымына да, элементтеріне де әсерін тигізеді.Әдіс-тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын құрудағы негізгі бағдарлар болып табылады.Оқушылар барлық пәндерді оқу кезінде АКТ қолдану дағдыларын дамытады. Ақпаратты іздеу және өңдеу барысында ұжымда идеялармен алмасады, өз жұмыстарын бағалайды және жетілдіреді, түрлі жабдықтар пен қосымшалардың кең ауқымын пайдаланады. АКТ оқушы білімінің, оларды тиімді қолдану бойынша дағдыларының дамуына жәрдемдеседі.Оқу бағдарламаларында оқу мақсаттарының жүйесі түрінде берілген күтілетін нәтижелер тұжырымдалған. Күнделікті білім беру үдерісі оқу мақсаттарына жетуге және оқушыларда алынған білім мен дағдыларды кез келген оқу және      өмір          жағдайында  шығармашылық  пайдалануға дайындығын қалыптастыруға бағдарланған.Оқыту әдіс-тәсілдері:Құндылықты-бағдарланған тәсіл-оқушының құндылықтар жүйесін қалыптастырушы оқу-тәрбиелік үдерістің сәйкесінше формалары арқылы тұлғаның өзін-өзі танытуы үшін алғышарттар құруды көздейді.Орта білім беру құндылықтары: қазақстандық отансүйгіштік және азаматтық жауапкершілік; құрмет; ынтымақтастық; еңбек және шығармашылық; ашықтық; өмір бойы білім алу.Тұлғалық-бағдарланған тәсіл— педагогтің назарын оқушы тұлғасының тұтастығына, оның тек ақылойы, азаматтық жауапкершілік сезімінің ғана емес, сондай-ақ эмоционалдық, эстетикалық, шығармашылық нышандары мен даму мүмкіндіктерімен қоса рухани дамуы туралы қамқорлыққа шоғырландыруды көздейді.Жүйелік-әрекетті тәсіл— оқу-тәрбие үдерісінде оқушының өз бетінше білім алуына бағытталып, осы мақсатта мұғалімнің тиімді іс-әрекеттің түрлі формаларын қолдануын көздейді.Коммуникативтік тәсіл-бірінші кезекте оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытуға, қарастырып отырған мәтін, қатысып отырған әңгіме мазмұнын түсініп, туындаған жағдаятқа сәйкес тілді қолданып үйренуге бағытталған.Интегративтік тәсіл-оқу үдерісін жобалау және өткізу кезінде әр түрлі оқу пәндерінің мазмұнын өзара кіріктіру есебінен оқушыда әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруға жәрдемдеседі.Бастауыш білім беру мазмұнына ортақ тақырыптарды енгізу әр түрлі пәндік салалардан білімдерді кіріктіруге және сол арқылы алынатын білімдердің функционалдығына қол жеткізуге мүмкіндік береді.Зерттеу тәсілі — зерттеушілік әрекет дағдыларын дамытуға, ғылыми таным әдістерімен танысуға жәрдемдеседі, оқушыларда танымдық қызығушылық қалыптастырады.Интербелсенді әдісИнтербелсенді әдіс– үйретуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. (inter – аралық, бiрнеше, action- әрекет дегендi бiлдiредi) Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi Бiз оқытуды және бiлiм берудi, егер сабақ барысында мұғалiм мен оқушы арасында өзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсе, «интерактивтi” деп атаймыз. Интерактивтi сөзi – ағылшын тiлiнен аударғанда туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi.Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн түсiну қажет. Бұл интерактивтi әдiстiң мақсаты– тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты.Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлу

  • өзiне деген сенiмге тәрбиелейдi

  • шешендiк өнерiн жетiлдiредi

  • танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын)

  • сыни ойлау дағдыларын дамытады

  • өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады

Интербелсенді оқыту- әрекетпен және әрекет арқылы оқыту, бұл ұстаным үлкен нәтижелерге жеткізетін тиімді жүйе деп есептелінеді, себебі адам санасында бірінші кезекте өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасаған істер қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций (Күн-цзы) былай деген екен : «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» деген пікірі дәлел бола алады. Сондықтан интербелсенді оқыту оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары ән тәсілдері ретінде танылады.Интербелсенді әдісте оқушылар төмендегідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:

  • терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;

  • — өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;

  • — ақпаратты өздігімен түсініп, жан-жақты талдап, таңдап алу;

  • — өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;

  • — пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;

  • — шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;

Сол себепті интербелсенді оқытуда оқушылар келесі әрекеттерді атқаруға дайын болу керек:

  • бірлескен жұмыс;

  • — танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік таныту.

Интербелсенді әдістемесінің жұмыс түрлері мен әрекеттері:

  • — бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, ұжымдық),

  • — рөлдік және іскерлік ойындар, пікірталастар,

  • — ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, интернет,

  • құжаттар, мұражай т.б.)

  • — презентациялар,

  • — тренингтер,

  • — интервью,

  • — сауалнама т.б.

Интерактивті әдістерді қолдануда кейбір ережелерді  есте сақтау қажет:

  • Бірінші ереже. Жұмысқа балалар толығымен қатысуы керек.

  • Екінші ереже. Балаларды психологиялық тұрғыдан дайындау, сабақ барысында сергіту сәті, балаларды  белсенділігі үшін марапаттау, баланың өзін — өзі көрсетуіне жол беру.

  • Үшінші ереже.Кабинет  талапқа сай болуы қажет .

  • Төртінші ереже. Жұмыс орнына назар аудару қажет. Оқу орны ыңғайлы және жайлы болуы қажет. Бала өз пікірін, көзқарасын білдіріп, дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалуы қажет.

  • Бесінші ереже. Оқу барысында процедураға және регламентке назар аудару қажет. Мысалы, белгіленген уақыттан асып кетпеу, бөгде кісінің пікірін сыйлау, сөзді бөлмеу, оның ар-ожданын сыйлау.

  • Алтыншы ереже. Оқушыларды проблема шешу барысында топқа бөлуге мұқият қарау .

Интерактивтік әдістеме өзара қарым – қатынастың мол ауқымын қамтиды. Дегенмен, әдістемелік амал қандай болса да, оқушылардың өздерінің өмірлік тәжірибелерін білім берудің негізгі көзі саналады. Оқу процесінің барысында мынадай  қарым – қатынасқа түседі:

  • Мұғаліммен (оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап  берген кезде);

  • Өзге балалармен  (қосақталып жұмыс істеу барысында)

  • Шағын топтармен (3-5 баламен);

  • Балалардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас, сынып болып әлдебір мәселені талқылау барысында);

  • Балалардың  тобымен және халықпен (топ  әлеуметтік  сауалнама жүргізеді);

  • Кейбір техника түрлерімен (мысалға , компьютермен);

Оқыту мен оқудың бұл тәсілі оқытудың  сындарлы тәсілімен  тығыз байланысты, себебі  оқушылар  бірлесіп жұмыс істей отырып, пәндердің  аралығындағы мәселелерді  талқылайды, зерттейді. Оған дәлел: Ми неғұрлым белсенді жұмыс істеген сайын, оқу үдерісі соғұрлым қарқынды жүзеге асады деген Хәтти (2014)Оқушылар тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуі керек екенін көрсетеді. Белсенді оқу аясында көңілді білім алады. Жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан  мұғалімдер өз шеберлігін көрсетеді. Мұғалімдер әр сабақ соңында оқушыдан күтілетін нәтижелерін анықтайды, яғни бүгінгі тақырыпқа деген  жаңаша түсінік  пайда болды ма, немесе  жоспар іске  асты ма деген сияқты ……т.б.Интербелсенді әдістер қолданылған сабақтарда сыныпты екі немесе үш, төрт ұялы топтарға бөліп, барлығына бірдей бір тапсырма не әр ұялы топқа бөлек-бөлек тапсырма беруге болады.Оқыту тәжірибесі барысы пікірталасқа негізделген және оқыту үдерісінде қолданылатын дидактикалық ойындар сияқты интербелсенді әдістерді пайдалану тиімді екенін көрсетеді. Соның ішінде дидактикалық ойындар оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттырып, алған білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдануына көмектеседі. Ойын барысында оқушылардың бойында жағдаятты (ситуацияны) бағдарлау, яғни жағдайға талдау жасай білу, жағдаят (ситуация) кезінде өзінің атқаратынрөлін сезіну, әңгімеге қатысушы әріптестері арасында байланыс орнату, қарым-қатынас жасауда тілдік ұғымдарды дұрыс пайдалана білу сияқты қабілеттері жетілетіндігі байқалады.«Маршрут» ойыны.Бұл ойын чайнворд ұстанымы бойынша жүреді. Чайнворд (ағыл. chain – шыңжыр және word – сөз) бас қатыру есебі – ойланып табылған сөздің әріптерін, алдыңғы сөздің соңғы әрпі, кейінгі сөздің алдыңғы әрпі болып табылатындай етіп, бірінің соңына бірі тізбектеле орналасқан торкөздерге сөздер толтырады.Мысалы, Алматы-ыдыс-сабын-нар-рахмет-тарақ,-қарбыз т.б.«Екі әріп» ойыны. Бірінші қатысушы бір сөз, зат есімді айтады. Келесі қатысушы сол сөздің соңғы екі әрпінен келетін сөзді ойлап табады, бірақ дауыстап айтпайды, тек өз сөзімен түсіндіреді, үшінші қатысушы мұның не туралы айтып жатқанын түсінеді де, сол сөздің соңғы екі әрпіне сөз ойлап табады. Бір қызығы балалар сөзді жасырушының не туралы айтып жатқанын біледі, бірақ ешкім оны дауыстап айтуына болмайды.«Еске түсіру» ойыны. Қатар отырған оқушылар бір-біріне теріс қарап отырады да, парталасының аты кім, көзінің түсі қандай, киімі қандай, аяқ киімі қандай, егер  қыз бала болса юбкасының түсі қандай, құлағында сырғасы бар ма, осы сияқты белгілерді айтып шығады. Бұл ойын балалардың бір-бірін жақсы тануға, қарым-қатынасын реттеуге көмектеседі. Балалардың есте сақтау қабілеті, бақылағыштығы жақсарады.«Екі ассоциация» ойыны. Екі ба

Жаңартылған білім беру мазмұнын еңгізе отырып оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Автор: zulfiya от 17-04-2017, 12:01, посмотрело: 2289

9Зулфия Кочкарова
Бастауыш сынып мұғалімі 
жоғарғы санатты
Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп
Қарасай ауданы




Жаңартылған білім беру мазмұнын еңгізе отырып оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Бүгінгі ғылым мен техниканың қарыштап даму заманында мектепте дәстүрлі оқыту оқушылардың ғылым негіздерін мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отыр. Бұл оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрінуде. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі педтехнологияларын жетілдіріп, оны күнделікті сабақтарда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарлатуға болады.
Қазақстан күн сайын қарқынды дамып келеді және ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға батыл қадам жасап отыр. Елдің білім беру жүйесі терең де сатылы стратегиялық жаңғырту кезеңін бастан өткеруде.
Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Осыған байланысты Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Функционалдық сауаттылықты арттыруды» Үкіметке негізгі тапсырма етіп жүктеген болатын. Бұл Ұлттық жоспар – білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары. Жоспарда мақсат, міндеттер нақты қойылған, ағымдағы жағдайды талдау, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері, білім стандарттарын, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жаңарту, оқыту нысандарын, әдістері мен технологияларын жаңарту, мектеп оқушыларын оқыту нәтижелерін бағалау жүйесін дамыту, ата-аналардың қатысуын қамтамасыз ету, қосымша білім беруді дамыту болып отыр.
ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда. Соған орай ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Жалпы құзыреттіліктің сипатына беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру деген түсіндірме берілген.Тұлға құзыреттілігін дамыту – ұстаздың құзыретті тәсілдерді меңгертуі, білім беру мазмұнын жетілдіру. Ол үшін баланы субъект ретінде қарап, оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу керек. Оның бастысы – оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады. Мұғалім – бағыт беруші, ұйымдастырушы. Америка ғалымдары Чарлз Темпл, Куртис Мередит, Джинни Стилл жасаған «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының оқушы құзыреттілігін дамытуда маңызы зор. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Бұл жобаның тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушы өз ойын еркін жеткізуге, пәнге деген қызығушылығы артып, талдау жұмыстарын жүргізе білуге үйренеді. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятқан әдістер арқылы өз ойларын топта, ұжымда талдай біледі.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.Оқытудың тиімді әдістерін меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 
Бүгінгі таңда мектептерде оқу-тәрбие үрдісінде түрлі инновациялық педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді ұтымды меңгертуде оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының әрекеті-технологияны қабылдауы, оған деген ынтасы, құштарлығына мұғалім тарпынан көңіл бөлінуі тиіс.
Еліміздің барлық оқу мекемелерінде білімнің жаңа жүйесі енгізіліп жатыр. Мұндағы негізгі мақсат – жаһандану заманында білімнің бүкіләлемдік кеңістігіне ену. Осыған орай, білімнің мазмұны да, оған қойылатын талаптар да өзгереді. Сол себепті қазір барлық мектептерде оқытудың инновациялық технологиялары қолданыла бастады. Инновациялық (озық) білім беру дегеніміз - тұлғаның бағдарлы қөзқарасы, білімдегі дәлдікті, шығармашылық бастауды, сонымен бірге жаңа технологиялық мағлұматтарды игеруін айтады. Сол себепті біздің мектеп мұғалімдерінің басым бөлігі де инновациялық жүйе негізінде өз біліктіліктерін арттырып отыр. Мұғалімдер оқушыларының функционалды сауаттылығын арттыру, өзіне сенімділігін қалыптастыру, танымдық-шығармашылық қабілетін дамыту олардың белсенділік-сенімділік сапаларын диагностикалық әдіс-тәсілдермен анықтауға, сабақта, сабақтан тыс уақытта өз ойын еркін жеткізе білуге үйретуге, қоғамда болып жатқан оқиғаларға қатысты көзқарастарының болуына, инновациялық тәртіп нормаларын, белгілерін, көрсеткіштерін анықтауға көмегін тигізеді.
Өз тәжірибемде оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген әдіс-тәсілдеріммен бөліспекпін. Мысал ретінде 4- сынып ана тілі сабағымда оқушыларды жаңа тақырыпқа байланысты үй құстарының суреттерінің қиындысын құрастыру арқылы топқа бөлдім. Бұл әдістің мақсаты оқушыларды шығармашылықпен шапшандыққа баулиды. Сабақтарда оқыту мен оқудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдаланып тақырыпқа байланысты түрліше топқа бөліп отыруға болады. Мысалы математика сабақтарында геометриялық пішіндер арқылы, сандармен, туған күндерінің сандарымен және қазақ тілі пәнінен сөз таптарының түрлерімен, сюжетті сурет қиындысымен, смайликтермен, түсті қағаз қиындыларымен, дүниетану сабақтарында есе жанурлардың, өсімдіктердің түрлерімен, жыл мезгілдерімен, 
тірі және өлі табиғат денелерімен топқа бөлінуге болады.
Ана тілі сабағында үй тапсырмасын тексеру кезеңінде "Кейіпкерге хат”әдісін қолдандым. Бұл әдісте өтілген тақырып кейіпкеріне оқушы өз ойларын ашып хат жазады. Оқушы әңгіме кейіпкерінің орнына өзін қойып, ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігіне шешім қабылдайды. Мен оқушылардың пікірлерін бір ой арнасына жетелей отырып, «Қарама-қайшы пікірлер бекеті» әдісін пайдаланып, проблемалық сұрақ қойдым, яғны «Бақытжанның бұрыс жолға түсуіне кім себепші?»-деп топ арасында пікірталас ұйымдастырдым. Қазақ тілі сабағында «Кубизм» әдісін, Венн диограммасын, математика сабақтарында «Сәйкестендір» , «Жылдам ойлап айт», «Кім тапқыр?» сияқты әдістерді қолдануға болады.




Жаңа сабаққа дайындық кезеңінде "Ойыңды дәлелдеп көр” әдісін кіріктіріп, жаңа тақырып әтеш туралы болғандықтан үй құстарының дауысы жазылған бейнежазбаны тыңдаттым. Бұл жерде мен «үлгермейтін оқушы» сабақтарда ауыз ашпайтын Айшолпанға «Түрткі болу, сұрақ қою, қайта бағыттау арқылы» үй құстарының дауысынан ажыратып түрін сұрадым. Ол маған түрлерін атап берді. Оны қайта бағыттау мақсатында сұрақты күрделендіре түстім. Үй құстарының адамға пайдасы бар ма, болса атап айт, деп сөйлеу қабілетін дамуына, топ арасында қысылмай жауап бере білуге үйреттім. Сабақтың сол кезеңінде дүниетану сабағында «Автор орындығы», «Әлемге саяхат» әдістерін қолдануға болады.
Топқа бөлу кезінде оқушылар құрастырған сурет қиындыларын постер қағазға суретті бүтіндеп құрастырып жапсыруды сұрадым. Құрастырып болған сөң:
«Құрастырылған үй құсы туралы қандай мәлімет білесіңдер?»-деп оқушылардан алдын ала дайындап келген мәліметтерді сұрадым. Оқушылар тақтаға шығып топтарымен өз ойларын бөлісті. Маған мысалы «Қаз» тобының жауабынан қаздың майы таптырмас ем екендігі және оны күйік шалған адамның терісіне жақса тез жазылып кететіндігі туралы айтылған пікірлер өте ұнады. Әрбір сабақта оқушылар өзін-өзі, жұбын және топтарды сын көзбен қарай отырып, әділ бағалай алуға үйретуіміз керек. Сол мақсатта мен оқушыларға топты бағалау кезінде мынадай бағалау критерийлерін құрып бағалауға болатынын ұсындым.
1.Мәліметтің толық жиналуы.
2.Мазмұнды мәнерлі жеткізе алуы.
3.Мәліметті өмірмен байланыстыра алуы.
«3»балл 
«2»балл 
«1»балл
Оқушылар бұл тапсырманы орындап болған соң жаңа сабаққа көпір ретінде неге сендер үй құстарының түрлерімен топқа бөліндіңіздер және олар туралы қосымша мәліметтер жинадыңдар?-деп болжау жасатамын. Содан соң 
Джесси-Джентильдің «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісін қолданып: кітаппен жұмыс жүргіземін.
Әңгімені топтарға бөліп беру.
Бөлікті топ ішінде талқылау.
Кезектесіп мазмұндау.
Боліктерге ат қою.
Дәптермен жұмыс
Сөздік жұмыс. 
Қиқым – бұл жерде: киімнен кесіп алынған кішкентай қиынды.
Бұл әдістің мақсаты оқушылар жаңа тақырып мазмұнын өз беттерімен оқып,талқылайды. Әңгіме мазмұнынан оқушылар Әскербектің бойында аяушылық, мейірімділік қасиеттердің барына көздерін жеткізіп, сол қасиеттерді өз бойларына сіңіру керектігін ұғынады. 
Енді оқушылардың жаңа сабақтан алған білімдерін өмірде қолдана білу дағдысын қалыптастыру мақсатында «Аяқталмаған тезис» әдісін қолдандым.
1-топ: Сыныпта Әскербектің мінезіне ұқсас оқушы бар, ол.....
2-топ: Әскербектің бойында адами қасиеттер бар, ол.........
3-топ: Әскербектің өрнында мен болсам........
4-топ: Әскербектің әкесі ойынан айныды, өйткені, ол......
Бұл тапсырманы орындап болған соң оқушылардың тартіп бұзуға бейім оқушыларға "Кейіпкерлерді салыстыр” әдісін қолданып:
Өтілген тақырып кейіпкері Бақытжаннан үлгі алуымызға бола ма? 
Ал, Әскербектен ше?
Екі кейіпкердің мінез-құлқын салыстыра отырып, ойың дәлелдетемін.
Сабақтың қорытындылау кезеңінде яғни жинақтауда «Түйін кесте» әдісі бойынша ойларын кестеге түсіру.

Тақырып «Әскербектің әтеші»
Авторы Роза Абылқадырова
Мәтіннің түрі Әңгімелеу
Сөйлеудің түрі Мазмұндау
Кейіпкерлер Әскербек, 
Мәтіннің негізгі идеясы «Кішкентай жүрегіңнің дарқан мейірімінен» қыбырлаған жан-жануарға да қамқорлық жасау керек, мейірімді болу керек.
Қорытынды Әскербектің бойындағы адами қасиеттерді өз бойымызға сіңіруіміз керек.

Сабақ барысында оқушылардың өзін-өзі бағалауы және топтың қорытынды бағасын шығару үшін бағалау парағын пайдаландым. Оқушы сабақтың әр бір тапсырмасын орындағанда өзіне әділ бағасын қойып, өз деңгейін біліп отыруы керек. Топта отырған оқушылардың жинаған ұпайынан топтың ұпайы келіп шығады. Сыныпта бір сабақ барысында үлгермейтін оқушылармен жұмыс, дарынды оқушылармен жұмыс та бір уақытта жүріп отырады. Нәтижесінде: Оқушылардың функционалдық сауаттылы артады.

Өзық тәжірибелерді педагогикалық процесте пайдаланудың тиімділігі бастауыш сыныптарда ерекше, атап айтсақ: 
- ойын технологияларын қолдану
- дискуссия сабақтары
- интеграциялық сабақ
- топпен жұмыс
- панорама сабағы
- рольдік ойындар
- Сыни ойлауға үйрету 
- «Ойлаудың алты қалпақ» әдісі
зық тәжірибені қолдану арқылы білім сапасын арттыруды жүзеге асыру жолдары:
- Лекция – семинар сабақтары
- Проблемалық оқыту әдісі
- «Миға шабуыл» әдісі
- Джесси-Джентильдің «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі 
- Әңгіме әдісі
- Қашықтықтан оқыту технологиясы
- Дөңгелек үстел
- Дебат сабақтары
- Саяхат сабақтарын ұйымдастыруға болады.
Оқыту әдістері оқу мазмұнын өңдеуге, көлемі мен мақсатын тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдырдың жиынтығы болса, екінші жағынан, оқушының оқыту үрдісінде қажетті ақпараттық, техникалық құралдарды пайдаланып, оқушыға оң әсер ету әдістерін зерттейді. Демек, оқыту әдістері – педагогикалық әрекеттерді ғылыми-әдістемелік, іс-тәжірибелік негізде нәтижелі болатындай етіп, жоспарлы түрде ұйымдастыру қажет. 
Ұстаздың өзі – ізденуші. Сонда ғана өзі қызыққан ұстаз сабағын басқаларға да қызықты жеткізе алады деп ойлаймын. Әрбір сабақта озық педтехнологияларды пайдаланып өткізу әрине жақсы нәтижелер береді. Ұстаз әр кез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, білімінің нәтижесін алдындағы оқушысынан көре алады. Міне бір сабақ мұғалімнен қаншама ізденісті қажет етеді. Біз мұғалімдер тек қана ашық сабақтарымыз үшін ізденіп қоймай күнделікті сабақтарымызды түрлендіріп, қызықты етіп ұйымдастырсақ оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға қол жеткіземіз.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары: / Қазақстан Республикасы.
2. Н. Ә. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы / Н.Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан. – 2012. – 28 қаңтар.
3. К.Өстеміров, А.Айтбаева «Қазіргі білім беру технологиялары» - А., 2006ж. \
4.Арысбаева З. Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшеліктері // Қазақстан мектебі. – 2003. - №8. - 20 б.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
1648
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі